«DALA KILEMDERI» жәрмеңкесі ашылды Избранное

Пятница, 04 Октябрь 2019 03:44 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 239 раз

Шымкенттегі «Көрме» орталығында «Dala kilemderi» атты он күндік кілемдер жәрмеңкесі ашылды. Дәстүрлі өтетін кілемдер жәрмеңкесінің ашылуына қала әкімі Ерлан Айтаханов қатысып, ондағы өнімдермен танысты.

44

Bal Tekstil компаниясының ұйымдастыруымен өткен көрмеге 1500-ден астам кілем және кілем бұйымдары қойылып отыр. Мұндағы барлық өнім нарықтағы бағадан төмен бағада саудаланады.
Сонымен қатар, қала тұрғындары мен қонақтары кілем өндірісінің иірімжіпті бояудан бастап, тоқыма станогындағы жұмысына дейінгі барлық процесін тамашалай алады.

Жәрмеңкені өткізудегі мақсат - отандық өнімнің сапасы шетелдік кілемдердің сапасынан кем түспейтінін дәлелдеп, танымалдығын халық арасында арттыру. Сол себепті мұнда отандық өнімдермен қатар Бельгия, Түркия, Иран, Ресей, Өзбекстан мен Молдова елдерінің өнімдері ұсынылған.

Bal Tekstil - қазақтандық кәсіпкерлер мен түркиялық Kartal Carpets компаниясы бірлескен жоба. Отандық кілем өндіруші фабрика 2013 жылдан бері «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында өз өнімін шығара бастады.

Фабрика қазіргі таңда жылына 5 млн шаршы метр кілем және кілем өнімдері мен 4 000 тонна полипропиленді жіп өнімдерін өндіруге қауқарлы. Бүгінде 300-ге жуық адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.