SHYMKENT сауда өнеркәсібі дамыған ірі орталыққа айналады Избранное

Среда, 13 Ноябрь 2019 04:12 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 329 раз

Алғаш рет Шымкент қаласында тоғызыншы Орталық Азия сауда форумы өтті. Екі күнге жалғасқан халықаралық бизнес іс-шараны Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен АҚШ Халықаралық даму агенттігі өткізді.

DSC 8020

«Жеміс-көкөніс секторындағы инновациялық және инвестициялық тәсілдер» тақырыбында өтіп жатқан ауқымды шараға қала әкімі Ерлан Айтаханов пен АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Уильям Мозер, сондай-ақ 500-ден астам компания басшылары, мемлекеттік сектор өкілдері мен Орталық және Оңтүстік Азия, Еуропа және АҚШ-тың салалық сарапшылары қатысты.

Іс-шараның ашылуында сөз алған қала басшысы Е.Айтаханов халықаралық форумның маңыздылығына тоқталып, Шымкент қаласының инвестициялық және экспорттық әлеуетін атап өтті.

– Шымкент – Қазақ елінің сауда, өнеркәсіп орталықтарының бірі. Бүгінгі форум бизнес-қауымдастыққа 70 миллионнан астам клиенттері бар Орталық Азияның дамып келе жатқан нарығындағы жеміс-көкөніс саласындағы жаңа әлеуетімен танысуға және Шымкент қаласына көптеп инвестиция тартуға мүмкіндік береді.

Біз мемлекет қорынан бөлінетін қаржыға қарап қалмай, әлеуметтік және кәсіпкерлік, ауылшаруашылық пен туризм саласына әлемнің барлық елінен инвестиция тартып, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуын жоғарылатуымыз қажет. Шымкент қаласы 2020 жылғы ТМД-ның мəдени астанасы атанғаны белгілі.

Осыған орай қазір Шымқалада бірқатар жобалар қолға алынуда. Бүгінде қаламызда азық-түлік сақтайтын бірнеше қойма бар. Олардың қатары əлі артады. Болашақта Шымкент қаласы сауда өнеркəсібі дамыған ірі орталыққа айналатын болады, - деді Ерлан Қуанышұлы.

Форум аясында халықаралық және отандық журналистер мен блогерлердің қатысуымен арнайы баспасөз-конференциясы өтті. Онда БАҚ өкілдері АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Уильям Мозер мен шаһар басшысы Ерлан Айтахановқа өздерін қызықтырған сауалдарын жолдады. Жиында елші Уильям Мозер Шымкенттың қонақжай қала екенін айтып, өз алғысын білдірді.

Әрі Қазақ Елінің Орталық Азиядағы негізгі экономикалық серіктесі екенін атап өтті. «АҚШ үкіметі аймақтағы сауда мен инвестицияның өсуіне жəне Орталық Азия халықтарының əл-ауқатының жақсаруына қолдау көрсетеді», – деді ол.

Сауда форумы – Орталық және Оңтүстік Азиядағы, сондай-ақ басқа да аймақтардағы сауда-саттықтың даму мәселелерін талқылау үшін мүмкіндік беретін алаң. Бұл форумға түбі бір туысқан қырғыз ағайындар да келіпті. Мақсатымыз – тəжірибе алмасу дейді олар.

– Алып Алатаудың арғы беті мен бергі бетін жайлаған қазақ пен қырғыз ежелден бауыр халық. Форумға жан-жақтан мықты бизнес өкілдері келді, тиісінше мол тəжірибе алдық. Бізден шығатын бақша өнімдері өздеріңізде де жеткілікті. Шымкентте лимон, құрма да өсіріп жатырсыздар. Біз жеміс-жидекті көбіне Ресейге экспорттаймыз. Қазақстанмен де осы бағытта алыс-берісті ұлғайта берсек деген ниет бар, – деді Қырғызстан өкілі Төлесін Бектеміров.

Форумға қатысушылар жаңа технологиялар, инвестициялық мүмкіндіктер, сауда ынтымақтастығы мен жаңа серіктестерді іздеу үшін нетворкингтің перспективалары туралы ақпарат алды. Сонымен қатар, іс-шараны ұйымдастырушылар қатысушыларға экспортты дамыту және сапа жағынан менеджмент бойынша практикалық сабақтар өткізді.

DSC 7558

Сәбит ТАСТАНБЕК

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің "Журналистика" мамандығын (2004-2008) тәмамдаған. Алматы қаласында Отан алдындағы әскери борышын (2008-2009) өтеген. Республикалық «Sport», «Қазақ спорты» газеттерінде және Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайтында тілші болып еңбек еткен. 2013 жылдан бастап «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі, 2016 жылдың ақпан айынан 2018 жылдың ақпан айына дейін Бас редактордың орынбасары болып істеген.