Құрметті қала тұрғындары!!!

Вторник, 09 Июнь 2020 06:32 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1691 раз

«Армения Республикасында тіркеуде тұрған жеке көлік құралдарын Қазақстан Республикасы азаматтарымен пайдалану және Қазақстан Республикасына әкелу кейбір мәселелері туралы» ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 20 мамырдағы №306 қаулысына сәйкес, 2020 жылғы 1 ақпанына дейін Қазақстан Республикасына әкелінген және Армения Республикасының уәкілетті органдарында Қазақстан Республикасы азаматтарына тіркелген тұтқалы басқару сол жағында орналасқан көлік құралдары заңнама белгіленген тәртібінде мемлекеттік баж және мемлекеттік тіркеу үшін алым төлеуімен тіркеуге жатады.

Тіркеуге, тек 2020 жылдың 1 ақпанына дейін елге әкелінген автокөліктер ғана қойылады.

Басқару рулі оң жақтамалы немесе басқару рулі оң жақтамалықтан сол жақтамалы етіп қайта жабдықталған автокөліктер тіркеуге қойылмайды.

Тіркеу кезінде төлемнің 3 (үш) түрін төлеу қажет.

1. Тіркеу үшін алым – 0,25 АЕК (695 теңге).

2. Техникалық төлқұжат үшін мемлекеттік баж – 1,25 АЕК (3 473 теңге).

3. Мемлекеттік номер үшін баж – 2,8 АЕК (7 778 теңге).

Барлығы – 11 946 теңге.

Кәдеге жарату алымы мен алғашқы тіркеу үшін алым төлеу талап етілмейді.

Автокөлікті тіркеу үшін тек 3 құжатты ұсыну қажет.

1.Жеке куәлік.

2.Жоғарыда айталған 3 төлемдердің төлеу туралы түбіртектері.

3.Автокөліктің техникалық төлқұжатының нотариалды куәландырылған аудармасы.

Сонымен қатар, көлік құралы тіркеуге койған күннен бастап көлік құралы салығының салық салу объектісі болып табылады, себебі салық заңнамасына сәйкес, меншік құқығында салық салу объектілері бар жеке тұлғалар көлік құралдары салығын төлеушілер болып табылады. Бұл ретте ҚР тiркелген және (немесе) есепте тұрған көлiк құралдары салық салу объектiлерiне жатады.

 

                     Еңбекші ауданы бойынша

Мемлекеттік кірістер басқармасының

жетекші маманы Н.Пернебекұлы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.