SHYMKENT BIKE ВЕЛОСТАНЦИЯСЫ ҚАЙТА ІСКЕ ҚОСЫЛДы Избранное

Среда, 02 Сентябрь 2020 04:17 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 550 раз

Шымкентте Байтұрсынов, Түркістан, Қонаев, Арғынбеков, Асқаров, Жангелдин, Иляев сынды үлкен магистралды көшелерге салынып жатқан веложолақтардың құрылысы кезең-кезеңімен аяқталып келеді. Апта басында Shymkent bike велостанциясы қайта іске қосылып, карталар сатылымға шықты.

709

 

Қазіргі таңда жобада 160 велосипедтен құралған 40 велостанция қамтылған.
Пайдаланушылар үшін қолжетімді әрі ыңғайлы тариф жоспарлары да әзірленген. BIKE SHARING жүйесі арқылы велосипедті алғашқы 30 минут тегін пайдаланып, одан кейін тарифке сәйкес 1 сағатқа – 100 теңге, 2 сағатқа – 250 теңге,
3 сағатқа – 500 теңге, ал 3 сағаттан асса 1 000 теңгеден жұмсалады.
Жалпы абоненттік төлем картасының бағасы мынадай:
1 айлық абонемент – 2 500 теңге,
3 айлық абонемент – 6 000,
1 жылдық абонемент 10 000 теңге тұрады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.