Мегаполистің мың тірлігі мен мүмкіндігі Избранное

Пятница, 05 Февраль 2021 05:41 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2992 раз

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің 2020 жылы атқарылған жұмыстар жөніндегі есебінің

тезистері

 

 

 

 

 

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтеновтің 2020 жылдың қорытындысы бойынша 2021 жылдың 24 ақпаны күні, сағат 11:00-де онлайн форматта халық алдында есеп беру кездесуі өтеді. Кездесуді тікелей эфирде «Оңтүстік» телеарнасынан, әкімдіктің Facebook желісіндегі «Шымкент қаласы әкімдігі» және Instagram желісіндегі «akimat_shymkent» ресми парақшаларынан көре аласыздар. Алдын ала 109 нөміріне қоңырау шалып, сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды айтуға болады.

50

 

ӨНЕРКӘСІП

Өнеркәсіп өнімінің көлемі 2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 654,2 млрд. теңгені құрады. Өнеркәсіп саласында үлесі 86,5 пайызды құрайтын өңдеу өнеркәсібінде 566,2 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Ағымдағы жылы COVID-19 пандемиясы салдарынан экспорттың шектелуі және тұтыну нарығының тарылуы өңдеу өнеркәсібі тауарларына деген сұранысты азайтты.
Дегенмен, өңдеу өнеркәсібінде бірқатар салалардың өсу динамикасы байқалды. Атап айтқанда, фармацевтика өнеркәсібі 66,1%-ға, машина жасау 38,6%-ға, тамақ өнеркәсібі 18,1%-ға, өзге металл емес минералдық өнімдерді өндіру 10,3%-ға, металлургия 2,6%-ға өскен.
Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасының өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында 366,9 млрд. теңгеге 5 мыңнан аса жаңа жұмыс орындары мен 45 жоба іске асырылуда.
2020 жылы 37,7 млрд. теңгеге 1 мыңнан аса жаңа жұмыс орнын құрумен 22 жоба іске қосылды.
Іске қосылған жобалар:
1. «New technology Ltd» ЖШС дизельді генераторлар өндірісі, 300 млн.теңге, 30 ж.о.;
2. «Рахат-Шымкент» ЖШС қантты және қатты печенье өндірісінің желісі, 3200 млн.теңге, 34 ж.о.;
3. «Qagaz ordasy» ЖШС жазу қағаздары бұйымдарының өндірісі, 500 млн.теңге, 33 ж.о.;
4. «NURTAU distribution company» ЖШС шоколадты кәмпиттер мен сағыз өндірісі, 1274 млн.теңге, 60 ж.о.;
5. «DALSAN (ДАЛСАН)» ЖШС дымқыл майлықтар өндірісі, 200 млн.теңге, 45 ж.о.;
6. «СП «LuxShoes» ЖШС II жоба аяқ-киім табандарының өндірісі, 290 млн.теңге, 15 ж.о.;
7. «ЮжСтройСервис» ЖШС металл емес шыны пластикалық арматуралар өндірісі, 108 млн.тенге, 40 ж.о.;
8. ЖК «Колесников» 2 га аумақта жылыжай өндірісі, 357 млн.теңге, 30 ж.о.;
9. «Taza Onim» ЖШС 6 га аумақта жылыжай өндірісі, 1 500 млн.теңге, 65 ж.о.;
10. «NurKazMetal» қара металл сынықтарын қайта өңдеу, 40 млн.теңге, 43 ж.о.;
11. «Эм-Нур» ЖШС ірімшік және сүтті қайта өңдеу, 600 млн. теңге, 10 ж.о.;
12. «PROF-AKS» ЖШС алюмин рамкілерінің өндірісі, 320 млн.теңге, 35 ж.о.;
13. «B.A.E.R.» ЖШС медициналық дәке және таңу материалдарын өндіру кешенінің құрылысы, 316 млн.теңге, 50 ж.о.;
14. «Отау-Бетон» ЖШС темірбетон бұйымдарын өндіретін зауыт құрылысы, 135 млн.теңге, 40 ж.о.;
15. «Бал Декор» принт кілемдер мен кілемшелер өндірісі, 120 млн.теңге. 15 ж.о.;
16. «Шымкент Смелтинг» ЖШС түсті металл мен арматура өндірісінің технологиялық желісі зауыты, 1 950 млн.теңге, 200 ж.о.;
17. ООО «Авелар Солар Технолоджи» 20 МВт қуаттылықтағы күн сәулесінің стансасы құрылысы, 6242 млн.тенге, 15 ж.о.;
18. «Амир-А» (Sin Yuan Steel) ЖШС металлургиялық зауыттың құрылысы, 18 000 млн.теңге, 250 ж.о..
19. «Shymkent qagazy» ЖШС крафт-қағаздарының өндірісі, 1500 млн.теңге, 20 ж.о.;
20. «TABA INDUSTRIAL» ЖШС халық тұтынатын тауарлар өндірісі, 499 млн.теңге, 65 ж.о.;
21. ЖК «Токтиев А.К» жүнді қайта өңдеу, 190 млн.теңге, 48 ж.о.;
22. «СК-Аймақ» ЖШС корпусты жиһаздар өндірісі, 100 млн.теңге, 35 ж.о.
Қала аумағында 2 индустриалды аймақ және «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы жұмыс жасауда.
«Оңтүстік» арнайы экономикалық (жалпы аумағы 200 га) аймақта 2020 жылы 2,9 млрд.теңгеге 208 жаңа жұмыс орнын құрайтын 6 жоба іске қосылды.
Жалпы аймақ құрылғалы мемлекеттік бюджетке 5,1 млрд.теңге салық төленді.

ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚТАР

Шымкент қаласында 2 индустриалды аймақтың («Оңтүстік – 337 га және «Тассай» - 89 га жер) көлемі 426 га құрайды.
2010-2020 жылдары аймақтарда 89 жоба іске асырылып, 89 млрд. теңге инвестиция тартылған және 6 мыңға жуық жұмыс орны ашылды.
Жалпы индустриалды аймақтар құрылғалы бері бюджетке 19,5 млрд. теңге салық түсімі түскен.
Карантин жағдайында бүкіл әлем бойынша экономиканың бірқатар салалары зардап шекті. Халыққа қажетті дәрі-дәрмек, медициналық құралдар, санитарлық-дезинфекциялық бұйымдарының жетіспеушілігі байқалды.
Осындай қиын жағдайда қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында дәкеден және матадан жасалған бетперделер өндірісі ұйымдастырылып, жолға қойылды. Алғашқы кезде «Эко-Фарм» ЖШС және «KazTexIndustry» ЖШС-ында бар дәкеден бетперделер тіге бастады. Кейіннен жергілікті «Azala Textile» ЖШС шығаратын дәке және басқа да маталардан бетперделер тігілді. Бұл процесспен 29 тігін фабрикасы мен цехтар қамтылды. Бетперделерге деген сұраныстың артуынан «Bizhon» ЖШС бір реттік қолданылатын бетперделер өндірісін іске қосып, 2020 жылдың 4-ші мамырынан бастап өнім шығара бастады. Шағын кәсіпорынның өндірістік қуаты күніне тоқыма емес материалдан 150 000 дана болса, мақта-матадан (100% мақта) жасалған бетперделер күніне - 10 000 дана шығара алады.
Бетперделер шығарумен қатар обаға қарсы мақта-мата костюмдерін шығару ұйымдастырылды. Эпидемия басталғалы бері «Эко-Фарм» ЖШС және «KazTexIndustry» ЖШС кәсіпорындары 320 мың дана обаға қарсы мақта-мата костюмдерін шығарды.
Пандемия кезінде медициналық қолғаптар өндіретін «Каз Мед Пром» ЖШС-ның үлесін атап өту керек. Кәсіпорын тәулігіне 40 мың дана қолғап шығарды.
Сонымен қатар, медициналық мекемелер мен басқа да ұйымдармен тұрғындардың қажеттілігін қанағаттандыру үшін антисептик (антисептик, дезинфектант, микробқа қарсы сұйықтық, белизна, сұйық антибактериалды сабын және т.б.) құралдарын шығару жолға қойылды. Антисептик құралдарын шығаратын «Asem» ҒӨБ» ЖШС, «ТИН» ЖШС, «TopSeller of Chemical Products» ЖШС, «Рауан» ҒӨО» ЖШС және «Best Pharma» ЖШС сияқты кәсіпорындарды атап өтуге болады.
2020 жылы дәрілік препараттар шығаратын «Химфарм» АҚ өндіріс көлемін 2 есеге жуық арттырып, еліміздің ішкі нарығындағы өмірлік маңызды дәрілерге, вирусқа қарсы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге ауқымды үлесін қосты.
Қаладағы ауруханалар мен емханалардың оттегі газына (кислород) деген қажеттілігін «Керемет-Сапа» ЖШС, «Airgaz» ЖШС, «Иманбеков және К» ТС, «Окси» ӨК сияқты кәсіпорындар толығымен қамтамасыз етті.
Пандемия кезінде еңбектерімен ерекше көзге түскен бірқатар кәсіпкерлер Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен («KARLSKRONA LC AB», «Asem» ЖШС, «ТИН» ЖШС, «KAZPLAST» ЖШС, «Экофарм» ЖШС, «KazTexIndustry» ЖШС, «Шабитекс» ЖШС, «AzalaTextile» ЖШС, «Alatex» ЖШС, «Жеңіл өнеркәсіп және сервис» колледжі және «Барыс 2007» ЖШС) «Халық алғысы» медалімен наградталды.

КӘСІПКЕРЛІК

Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2020 жылы 69,9 мың бірлікті немесе 100,6% құрады.
ШОК жұмыспен қамтылғандар саны 2020 жылғы 1 қазанға 166,0 мың адамды немесе 2019 жылдың тиісті кезеңіне 112,4% құрады.
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 2020 жылдың 1 қазанына 699,1 млрд. теңгенің өнімін шығарып, 2019 жылдың сәйкес кезеңінен 4,1% артты.
«Бизнестің жол картасы - 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында 2020 жылы 2 354,2 млн. теңгеге 530 жобаға қолдау көрсетілді, жоба саны 2019 жылмен салыстырғанда 2 есе артық (2019 жылы 227 жоба), оның ішінде:
- Банк несиелері бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау 218 жобаға 1 491,5 млн. теңгеге;
- Банк несиелері бойынша ішінара кепілдендіруге 245 жобаға 572,8 млн. теңгеге;
- Мемлекеттік гранттар беру бағыты бойынша 67 жобаға 289,9 млн. теңгеге.
«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасының екінші бағыты шеңберінде шағын несиелендіру бойынша 1 062,1 млн. теңгеге 105 шағын несие берілді, 2019 жылмен салыстырғанда 1,8 есеге артық (2019 жылы 58 жоба).
- Банк несиелері бойынша
ішінара кепілдендіруге 25,0 млн. теңгеге 10 жобаға қолдау көрсетілді.
«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 88,7 млрд. теңгеге 92 кәсіпорыннан өтініш түсті.
Сондай-ақ, әйелдер мен жастар кәсіпкерлігін дамыту мақсатында әкімдік тарапынан «Мен кәсіпкер боламын» арнайы іс-шара жоспары іске асырылуда. Аталған іс-шара аясында 10,0 млн. теңгеге дейін 1%-дық шағын несиелер беру қарастырылған. 2020 жылы жергілікті бюджеттен 350 млн. теңгеге 35 жоба мақұлданды.
Пандемия жағдайында қаладағы қауіпті топтағы кәсіпкерлерді қолдау үшін 26 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектілері мүлік және табыс салықтарынан босатылды.
Сонымен бірге, кәсіпкерлердің қаржылық жағдайын қалпына келтіру үшін 1 482 субъектінің 13 млрд. теңге несие төлемдерін кейінге қалдыру түрінде қолдау көрсетілді.

52

 

ИНВЕСТИЦИЯ

2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айларының қорытындысы бойынша қала экономикасына 278,5 млрд. теңге инвестиция тартылып, 2019 жылмен салыстырғанда 40,9% артты.
Қала аумағында 2020-2025 жылдар аралығында жүзеге асырылатын құны 1,4 трлн. теңгені құрайтын 157 инвестициялық жобаның базасы қалыптастырылып, 2020 жылы жалпы құны 88,8 млрд. теңгені құрайтын 34 инвестициялық жоба іске асырылып, 2000 адам жаңа жұмыс орнымен қамтылды.
Оның ішінде, 2020 жылы шетелдік инвесторлардың қатысуымен жалпы құны 11,9 млрд. теңгені құрайтын 309 жаңа жұмыс орнымен 5 инвестициялық жоба іске асырылды.
Бүгінгі таңда қаланың инвестициялық тартымдылығын арттыру және инвестициялар тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Атап айтқанда:
Кәсіпкерлерге «бір терезе» қағидасымен қажетті қызметтер көрсететін «Бизнеске арналған үкімет - Shymkent Invest» фронт-кеңсесі жұмыс атқаруда.
Сонымен қатар, индустриалды аймақтардың жер учаскелері 100% жобаларға толып, әрі қарай дамыту мақсатында 306 гектар жерге жаңа «Жұлдыз» индустриалды аймағын құру жұмыстары жүргізілуде.
Бүгінгі таңда 260 га жер учаскелері мемлекеттік мұқтажға алынып, мемлекеттік актісі әзірленді. Құрылыс жұмыстарын жүргізу мерзімі 2021-2022 жылдарды құрайды. Аталған индустриалды аймақта негізінен құрылыс, металлургия және жиһаз өнеркәсібін дамыту көзделген. Бұл қаланың инвестициялық белсенділігін арттыратын болады.
Қалада 427 гектар аумақта «Шымкент Сити» аймағы құрылуда. «Шымкент Сити» жобасын жүзеге асыру барысында қала экономикасына 1 млрд. АҚШ доллары көлемінде жеке инвестициялар тартылуы күтілуде («Дамдес құрылыс Инвест» ЖШС, «Элит Строй Компания» ЖШС, «Отау Групп» ЖШС, «Orda Invest» ЖШС). Жоба 60 мың отбасын тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, заманауи көп қабатты тұрғын үй, мектеп құрылыстарын «ErDam Investment Group» түрік компаниясымен жеке инвестиция салуға келісім жасалды.

Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығы саласында жалпы 59,3 мың тонна өнім жиналды.
Қосымша өнеркәсіптік үлгідегі 11,7 га жылыжай («Таза өнім» ШҚ - 6 га, «Арман Агро» ШҚ- 3,7 га, «Колесников А.В.» ШҚ-2 га) және 15 га қарқынды алма бау егу жобасы іске асырылды («Д-Сабыр» ЖК).
Мал шаруашылығында жалпы құны 2,5 млрд. теңгені құрайтын 8 жоба іске асырылып, жаңадан 75 жұмыс орны ашылды.
Нәтижесінде ет – 14,5 мың тн. (102,6%), сүт – 47,0 мың тн. (102,5%), жұмыртқа 161,9 млн. дана (130,9%) өндіріліп, ірі мүйізді қара мал – 75,9 мың, қой мен ешкі – 101,2 мың, шошқа –3,9 мың, жылқы – 14,2 мың, құс – 1 111,3 мың басты құрады.
Ауыл шаруашылығы саласын мемлекеттік қолдауға 2020 жылы 2 848,7 млн. теңге субсидия бөлініп (о.і. РБ-1 137,9 млн.тг.), 100% игерілді.
Жаңа жобаларды іске қосу арқылы ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 36,1 млрд. теңгеге жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 4,4% артты.
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорт көлемі 138,8 млн. АҚШ долларын құрап (қаңтар-қараша), өткен жылмен салыстырғанда 7,5% немесе 9,7 млн. АҚШ долларына артты.
Қалада 2 бірдей агро-индустриалды аймақты іске қосу жұмыстары жүргізілуде.
Біріншісі, көліктік-логистикалық орталық маңындағы 136 га аумақта заманауи өнеркәсіптік жылыжай кешендерін салуға арнайы жер бөлініп, 1 кезеңде жалпы құны 9,4 млрд. теңгені құрайтын 30 га өнеркәсіптік жылыжай кешенін салушы 8 инвесторға 12 жылға жер жалға беріліп, құрылыс жұмыстарына дайындық басталды.
Екіншісі, Шымкент қаласының Қайнар бұлақ тұрғын алабы маңында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін жалпы алаңы 178 га құрайтын «Бозарық» тамақ өнеркәсібі индустриалды аймағын құру жоспарлануда. Индустриалдық аймақта құны 6,7 млрд. теңгені құрайтын 6 инвестициялық жобаның («Дары Сайрам» ЖШС, «СП» ЖШС, «Балмұздақ» ЖШС, «Жұлдыз» ШҚ, «Tengri World» ЖШС, «Kaz Building» ЖШС) өтінімдері қабылданды.
Мұнда биологиялық қоспалары бар құнарлы құрама жем өндірісін («Tengri World» ЖШС) және сүт өндіру зауытын салу («Балмұздақ» ЖШС) жобаларын жүзеге асыру, сонымен қатар, шетел инвесторларымен бірлесе сүт, ет, жеміс пен көкөністі қайта өңдейтін, консервілейтін жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда.
Ауыл шаруашылығы және тамақ өнімдерін өндірудегі негізгі капиталға 2020 жылы 7,7 млрд.теңге инвестиция тартылып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,5 есеге артты.
Бөлшек сауда көлемі 414,7 млрд. тг. немесе өткен жылдың тиісті кезеңіне 101,8% құрады.
Қалада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуіне жол бермеу мақсатында, тұрақтандыру қорына 2020 жылға 2,2 млрд. теңге қаралған болатын.
Тұрақтандыру қорының айналымға қарыз қаражат беру механизмімен, қаладағы ірі сауда нысаны «Грамад» гипермаркетіне 550 млн. теңгеге, «Фиркан» сауда желісіне 300 млн. теңгеге және жылжымалы сауда нүктелері бар «Hermes» ЖШС-не 15 млн. теңгеге айналымға қарыз қаралып, арнайы келісім-шарттар түзіліп, қала тұрғындары 17 әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын белгіленген бағада тұтынуда.
Ал, бірінші сұрыпты ұннан жасалған қалыпты бөлке нан бағасын тұрақты ұстап тұру мақсатында, ұн өндіруші «TURAR» ЖШС-не 505 млн. теңгеге айналымға қарыз қаражат қаралып, келісім-шарт түзілді. Келісім-шарт негізінде, 4 000 тоннаға жуық бірінші сұрыпты ұн қамтамасыз етіледі.
Тауар интервенциясын жүргізуге 2020 жылы 1,3 млрд. теңгеге тұрақтандыру қорына 4 000 тонна бірінші сұрыпты ұн, 2 000 тонна құмшекер, 200 тонна қарақұмық жармасы, 100 тонна күріш, 1 000 тонна макарон және 300 мың литр күнбағыс майы тауарлары сатып алынып, «Shymkent» ӘКК АҚ арқылы сауда нысандарына өткізілді.
Бүгінде қорда 999,9 тонна макарон (рожки), 660,1 тонна бірінші сұрыпты ұн және 99,8 тонна күріш тауарлары бар.
Сонымен қатар, қаладағы 4 ірі базар аумағында (Алаш, Жаңа шаһар, Айна, Қапланбек) және тығыз орналасқан аймақтағы 4 орында (А.Байтұрсынов көшесі №73; 11 шағынауданы, Ш.Уәлиханов көшесі, Алпамыс батыр атындағы №40 гимназияға қарсы беті; Т.Рысқұлов көшесі, №18 үй «Farmline» әлеуметтік дәріханасына қарама-қарсы беті; Ж.Шаяхметов көшесі, №4 үйдің қарсы беті) «Hermes» ЖШС-нің жылжымалы әлеуметтік сауда нүктелерін ұйымдастырып, көкөніс өнімдері белгіленген бағада сатылуда.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Алқаптан сөреге дейін» пилоттық жобасы бойынша «Shymkent» ӘКК АҚ арқылы жергілікті тауар өндірушісі «Бәйтерек агро» ӘКК-на ет өнімдерін сатуға жер телімі берілді.
Сондай-ақ, халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында, санитарлық талаптарды сақтай отырып, жергілікті тауар өндірушілері мен шаруа қожалықтарының қатысуымен апта сайын қаланың 4 жерінде тұтыну тауарлары нарық бағасынан 10-15 пайызға төмен бағада 170 азық-түлік жәрмеңкелері ұйымдастырылды.
Эпизоотияға қарсы іс-шаралар бойынша жануарлар мен адамға ортақ аса қауіпті 29 түрлі ауруға қарсы диагностикалық зерттеулер мен 14 түрлі жұқпалы ауруларға қарсы профилактикалық егу жұмыстары жүргізілді.
Жануарлардың энзоотиялық ауруларына қарсы 162 492 басқа бүрку, 240 652 басқа тоғыту жұмыстары жүргізілді.
3 922 мың ш.м. үй іргелік қора жайлар, 751,5 мың ш.м. буферлік аумақтар кенеге қарсы залалсыздандырылды.
Егеуқұйрықтарға қарсы дератизация жұмыстары жоспарланған 10 833,1 мың ш.м 12 өзен мен каналдар аумағында, 33,2 мың ш.м көп қабатты тұрғын үйлердің қоқыс тастайтын контейнерлері мен Ақтас тұрғын алабы аумағындағы 580,0 мың ш.м қоқыс тастайтын полигондарда толық көлемде жүргізілді.

БЮДЖЕТТІК-САЛЫҚТЫҚ САЯСАТ

Қала бюджетінің көлемі 463,4 млрд.теңгені құрап, 2019 жылмен салыстырғанда 89,6%-ға өсті. Әлеуметтік саланың маңыздылығы ескеріліп 213,6 млрд.теңге бағытталды. Бұл жалпы бюджет көлемінің 46%-ын құрады.
Мемлекеттік бюджетке түскен салықтар мен басқа төлемдердің көлемі 241,4 млрд.теңгені құрады.
Жергілікті бюджетке 145,3 млрд.теңге түсіп, жоспардан 7,0%-ға артты.
2020 жылы бюджеттің шығыстары 99,7%-ға игерілді.

Құрылыс

Қалаға тартылған инвестициялар құрылыстың қарқынды жүруіне жағымды әсер етуде. 2020 жылы құрылыс жұмыстарының көлемі 125,3 млрд.теңгеге жетіп, 2019 жылмен салыстырғанда 43,1% артты.
2020 жылы бюджет есебінен жалпы 81,8 млрд. теңгеге 157 нысанның құрылысы жүргізілді:
- 92 тұрғын үй (5 848 пәтер, 343,3 мың ш.м.) – 39,9 млрд.теңге;
- 34 инженерлік инфрақұрылым нысандары – 7,9 млрд.теңге;
- 31 әлеуметтік нысан (13 білім, 7 абаттандыру, 2 мәдениет, 2 мемлекеттік орган, 3 спорт, 3 ауыл шаруашылығы және 1 денсаулық сақтау нысандары) – 25,0 млрд.теңге;
- нарықтан арендалық 696 пәтер сатып алуға – 8,1 млрд.теңге (РБ – 5,4 млрд.тг, ЖБ – 2,7 млрд.тг);
- Арыс қаласында орын алған төтенше жағдайдың зардабын қалпына келтіруге – 446,4 млн.теңге;

Тұрғын үй құрылысы

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында барлық қаржы көздері есебінен 1 млн. ш.м. 262 тұрғын үйдің (14 224 пәтер) құрылысы жүргізілді. Оның ішінде:
- құрылыс басқармасымен 343,2 мың ш.м. 92 үй (5 848 пәтер);
- SHYMKENT» ӘКК» АҚ-мен 146,1 мың ш.м. 44 үй (2 229 пәтер);
- жеке салушылармен 594 мың ш.м. 126 үй (6 147 пәтер).
Құрылыс басқармасымен құрылысы жүргізілген 92 тұрғын үйдің 10 – арендалық, 82 – кредиттік бағытта.
Тұрғын үй құрылысы негізінен Әкімшілік-іскерлік орталық, Шымкент сити және Тұран шағын аудандарында жүргізілді.
Жалпы 2020 жылдың қорытындысымен 649,1 мың шаршы метр тұрғын үйі іске қосылды. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 23,9% артық.
Тұрғын үй құрылысында еліміздегі белгілі «BI-GROUP», «OTAU GROUP» компаниялары жеке инвестицияларын белсенді тартуда.
Жеке салушылар тарапынан 123,1 мың ш.м. 25 көпқабатты тұрғын үй тапсырылды (1 182 пәтер).
Шымкент қаласы бойынша тұрғын үй алу тізімінде тіркелгендер саны – 42 269 азаматты құрауда (2020 жылдың басында - 40 516).
2020 жылы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында жоспарланған 1596 пәтер азаматтарға сатып алу құқығынсыз аренда ретінде берілді.
«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының тұрғын үй бағыттарын автоматтандыру үшін «Шымкент-Баспана» ақпараттық жүйесінің жұмысы қалыптастырылды.
Осы қалыптастырылған электронды жүйе бойынша келесідей бағыттар бойынша азаматтар тұрғын үймен қамтылды:
- «2-10-20» тұрғын үй бағыты бойынша тұрғын үй кезегінде тіркелген аз қамтылған 285 отбасы (4 019,6 млн. теңгеге) әлеуметтік несиелендіру шарты негізінде тұрғын үймен қамтылған.
- «7-20-25» тұрғын үй бағыты бойынша (бірінші нарықтағы пәтерлер) 1639 азамат (19,6 млрд. теңгеге) тұрғын үймен қамтылған.
- «5-20-25» бағыты бойынша Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкісі арқылы (ЖАО-да кезекте тұрғандарға – 50%, салымшыларға – 50%) 18 кредиттік үй (1264 пәтер) сатылуда. Қазіргі таңда, 690 азамат тұрғын үймен қамтылып, бюджетке 7,7 млрд теңге түсім түсті.
Сондай-ақ, «2-10-20» («Бақытты отбасы») кредиттік тұрғын үй бағыты бойынша бастапқы жарнасының бір бөлігіне әлеуметтік көмек ретінде қайтарымсыз негізде жергілікті бюджет есебінен бөлінген 100 млн. теңгеге 101 азаматқа тұрғын үй сертификаттары берілді.
Сонымен қатар, төтенше жағдай кезеңінде бюджеттен 28 236 азаматтың коммуналдық қызметтерінің шығындары төленді.
Қаланың тұрғын үй қорын жаңғырту бойынша:
2020 жылдың қорытындысы бойынша «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында республикалық бюджет есебінен бөлінген 1 575,2 млн. теңгеге 76 көппәтерлі тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
2020 жылы аталған бағдарлама аясында жергілікті бюджеттен бөлінген 111,7 млн. теңгеге 6 көпқабатты тұрғын үйдің (Әл-Фараби алаңы, №1А, Желтоқсан көшесі №32, Тәуке хан даңғылы, №32, Терешкова көшесі, №50А және Темірлан тас жолы бойында орналасқан №1, 1А үй) 12 лифт қондырғылары ауыстырылды.

Инфрақұрылым

2020 жылы 201 көп қабатты тұрғын үйлдің қажетті ішкі көшелері, ауыз су, кәріз, жылу, табиғи газ және абаттандырумен қамтамасыз ету мақсатында 34 инфрақұрылым нысандарының құрылысы жүргізілді. Жыл қорытындысымен 20 нысан тапсырылып, 113 тұрғын үй инфрақұрылыммен қамтылды.

СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ

2020 жылы Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасымен «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын бұзғаны үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің талаптарына сәйкес 171 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 58,6 млн. теңгеге айыппұл салынды.
63 субъектіге заң бұзушылықтарды жою туралы берілген нұсқамалар табысталды. Оның ішінде орындалған нұсқамалар – 27, орындау мерзімі бар нұсқамалар – 32, нұсқама талаптарын орындамағаны үшін сотқа жолданғандар саны – 4.
Өз бетімен құрылыс жүргізгені үшін жеке және заңды тұлғаларға ҚР Азаматтық кодексіне сәйкес 41 нысанға қатысты шаралар қабылданды және сот органдарына қарау үшін талап арыздар жолданды. Олардың сотпен бұзу бойынша шешім қанағаттандырылғандары - 19.

Коммуналдық шаруашылық

Ауыз сумен қамтамасыз ету

2020 жылы 19 нысанның (17 елді мекенде) және 2 магистралды суаққының құрылысы аяқталып, 34 мыңға жуық адам (12500 абонент) сапалы ауыз сумен қамтылды. Нәтижесінде қамтылу көрсеткіші 94,7%-дан 95,6%-ға дейін жоғарылады.

Кәрізбен қамтамасыз ету

2020 жылы 8 елді мекенде ішкі орамдық және 3 магистралды коллектордың құрылысы жүргізіліп, оның ішінде 1 нысанның (Тоғыс коллектор) құрылысы аяқталды.
Сонымен қатар, Шымсити, Тұран, ӘІО, Тоғыс шағын ауданында көпқабатты тұрғын үйлер кәріз жүйесіне қосылды. Нәтижесінде кәрізбен қамтылған тұрғындар саны 34 мың адамға артып, қамтылу көрсеткіші 49,1%-дан, 52,3%-ға дейін өсті.

Электр жарығымен қамтамасыз ету

2020 жылы 13 елді мекенде электр жарығымен қамтамасыз ету бойынша құрылыс жұмыстары аяқталып, 23,5 мыңға жуық сапалы электр қуатымен қамтылды.
Нәтижесінде сапалы электрмен қамтылу көрсеткіші 93%-дан 95%-ға дейін жоғарылады.

Табиғи газбен қамтамасыз ету

2020 жылы 9 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілді.
2020 жылы 2 нысанның құрылыс жұмыстары аяқталды (Тұран ш/а (1-ші кезек) және Асар-2 магистралдық газ құбыры). Жыл қорытындысымен қала тұрғындарын табиғи газ жүйесімен қамту көрсеткіші 92,2 % жетті.

Жылу энергетика саласы бойынша

2020 жылы жылу саласы бойынша 15 нысанда құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жылу құбырларының тозу деңгейі 42,7% – дан 38%-ға төмендеді.
Қалада 1 896 тұрғын үй мен 479 бюджеттік мекеме үздіксіз температуралық кестеге сәйкес, жылу қуатын алуда.

Саябақтар мен гүлзарларды қайта құру жұмыстары

Шымкент қаласы аумағында орналасқан 4 жердегі (1.Қонаев даңғылы мен Ғ.Иляеев көшесі қиылысындағы, 2.Қонаев даңғылы мен Түркістан көшелері қиылысындағы, 3. 8 шағынаудандағы аллея, 4. Ипподром аумағы) гүлзарларға ағымдағы қайта жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, «Жұмыспен қамту жол картасы» аясында «Чернобыль», «Шәмші әлемі», «Әл-Фараби алаңы» және «Балалар темір жолы станциясы» гүлзарларында қайта құру жұмыстары атқарылды.
«Қайтпас – 1 шағынауданында Қасірет шатқалын абаттандыру» жобасы қолға алынып, 13,6 га аумақты абаттандыру, қыраттарды көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.
Саябақтар мен гүлзарлар аумағына көктемгі маусымда 2 025 дана ағаш көшет, 18 600 дана раушан гүл, 33 370 дана жаздық гүл отырғызылды.

Түнгі жарықтандыру жұмыстары

Түнгі жарықтандыру жұмыстарын жандандыру мақсатында, «Жұмыспен қамту жол картасы» аясында қосымша 39 көшеге жарық жүйесін орнату және 4 көшедегі (ескі бетон) жарық жүйелерін қайта құру жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ, Леңгір бағытындағы тас жолдың ескі шамдарын диодты шамдарға ауыстыру және қосымша жарық жүйесін орнатуға 161,2 млн. теңге қаржы қаралып, жұмыстар атқарылды.

Ирригация жүйелерін қалпына келтіру жұмыстары

Су алу қаупі бар 37 мекенжайдағы 15,5 шақырым ирригация жүйелерін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, «Жаңа Шек» каналы арнасының Казбакалейторгтан Аймауытов көшесіне дейін 4,4 шақырымға күрделі жөндеу (бетондау) жұмыстары жүргізілді.

Көлік және автомобиль жолдары

2020 жылы 261 нысан немесе 416,8 шақырым жол мен көше құрылыс-жөндеу жұмыстарымен қамтылды. Оның 219 нысаны немесе 280,2 шақырым жол пайдалануға берілді.
Нәтижесінде жақсы және қанағатты жағдайда жолдардың үлесі 56,5%-дан 60,0%-ға жетті (1786 шқ).
Қала аумағында көлік құралдарының саны күнделікті артуда. Қалаға тіркелген көлік құралдарының саны шамамен 350 мың. Сонымен қатар, қалаға келіп кетуші көліктердің саны 200 мыңнан асады. Бүгінгі таңда, магистральды Бәйдібек би, Қонаев даңғылдары, Арғынбеков, Т.Рысқұлов және Жібек жолы көшелерінің көлік ағыны жобалық өткізу қабілетінен 2 есе асуда. Сол себепті, көлік кептелістері жиі орын алуда.
Аталған мәселені шешу мақсатында, 2020 жылдың 15 қазанынан бастап Рысқұлов-Қонаев көшелерінің қиылысындағы жолайрық құрылысы басталып, оны 2021 жылдың соңына дейін толық аяқтау жоспарлануда.
Сонымен қатар, Қонаев даңғылы жалғасының құрылысы мен айналма жолының қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Ірі жобалар қаладан шығатын барлық бағыттарды қамтып отыр. Ташкент, Түркістан және Алматы бағыттарына шығатын жолдар желісі құрылыс жұмыстарымен қамтылып, заманауи талаптарға сәйкес көлік ағынын өткізу қабілеті жоғары автомобиль жолдары 2024 жылға дейін пайдалануға тапсырылатын болады. Нәтижесінде ауыр жүк көліктері мен транзиттік көліктерді қала ішімен жүргізбей, айналма жолдармен жүргізуге мүмкіндік туатын болады.
2020 жылы 229 нысанда (20 магистралды, 110 ішкі орам, 99 шалғай елді мекендердегі көшелер) орташа жөндеу жұмыстары атқарылып, 307,2 шақырым жол қамтылды. Оның 209-ы немесе 266,9 шақырым пайдалануға тапсырылды (Республика даңғылы, Түркістан, Жангелдин, Т.Рысқұлов, Байтұрсынов, Асқаров көшелері жөндеу жұмыстармен қамтылды).
2020 жылы Жұмыспен қамту жол картасы бағдарламасы шеңберінде қала аумағында 260 дана аялдама орнатылды. 145 ескі аялдаманы демонтаж жасап, қала сыртында орналасқан елді мекендерде орнату жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, 2021 жылы 250 дана аялдама орнату көзделіп, нәтижесінде, жыл соңына дейін 86,5% жаңартылады.

Жолаушылар көлігі саласы

Қаламызда 20 көлік компания 64 маршрутта, 1000 көлік құралдарымен жолаушыларға қызмет көрсетуде.
Қоғамдық көліктің жұмысын жақсарту мақсатында 2020 жылы маршруттар желісі жаңартылып, мәслихаттың шешімімен Шымкент қаласының жолаушылар көлігін дамытудың кешенді схемасы бекітілді. Аталған кешенді схемаға сәйкес, қолданыстағы маршруттарды оңтайландырып, магистралды, айналма, радиалды, ішкі орамдық маршруттар ашылып, қаланың барлық аудандарын қоғамдық көлікпен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, схемаға сәйкес шағын автобустар сыйымдылығы орта және үлкен автобустарға ауыстырылады.
Қаланың шалғай аудандарын қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету мақсатында, 28 әлеуметтік мәні бар маршруттың жұмысы ұйымдастырылды (Шапырашты, Жыланбұзған, Айнатас, Елтай, Ақтас, Ақжар, Асар, Алтынтөбе, Достық т.б.).
Қаладағы қоғамдық көліктерде «Төлем» электрондық билеттендіру жүйесі 2020 жылғы 15 қазаннан бастап іске қосылды. Жүйе көлік картамен, қолма-қол, СМС, QR-код арқылы төлемдерді қабылдауға мүмкіндік береді. Жылдың қорытындысымен 150 мың төлем картасы сатылып, 3 млн.-нан аса транзакция жасалды.
Электрондық билеттендіру жүйесі қаржыларды көлеңкелі бизнестен шығару, қолма-қол ақшамен төлемдерді азайту, бюджетке салықтардың түсімдерін арттыруға мүмкіндік берді.
«Автобустық тасымалдауды дамытудың 2018-2020 жылдарға арналған кешендік бағдарламасы (жол картасы)» негізінде, 2020 жылы сыйымдылығы орта және үлкен, экологиялық таза отынмен (газ-метан) жүретін 590 жаңа автобус сатып алынып, нәтижесінде тозығы жеткен автобустардың санын азайтып, жаңартылған жылжымалы құрамды 80 пайызға дейін өсуіне мүмкіндік берді.
Әуе көлігі жолаушыларына сапалы қызмет көрсету мақсатында, Шымкент халықаралық әуежайдың жаңа жолаушылар терминалын абаттандыруға 912,0 млн. теңге бөлініп, жобаға сәйкес 485 көлікке арналған тұрақ, 2 аялдама, тротуар салынып, абаттандыру жүргізілді.
Жаңа терминал құрылысын «SCAT» әуе компаниясы өз қаржысы есебінен жүргізуде. Нәтижесінде, жолаушылар айналымы сағатына 200 адамнан 2000 адамға дейін өседі.

Әлеуметтік сала

2020 жылы «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында 34 847 азамат әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылған. Оның ішінде:
1 бағыт «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету бойынша:
- Техникалық және кәсіптік білім бар қадрларды даярлауға 1196 адам жолданды;
- Қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 3 190 азамат жолданды.
2 бағыт «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» аясында:
- 74 азаматқа екінші деңгейлі банктер мен кредиттік серіктестіктер тарапынан несие берілді;
- 4 828 азаматқа жаңа бизнес идея үшін мемлекеттік гранттар берілді;
- Кәсіпкерлікке оқығандарға арналған «Бастау-бизнеске» 2 820 адам қатысты.
3 бағыт «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» аясында 2020 жылы 22 739 азамат қамтылды. Оның ішінде:
- тұрақты жұмысқа – 14 101 адам.
- Әлеуметтік жұмыс орындарына - 356 азамат.
- «Жастар практикасына» - 2 953 азамат.
- Ақылы қоғамдық жұмыстарға – 5 329 азамат.
Ардагерлер мен аз қамтамасыз етілген азаматтарды әлеуметтік қолдау.
11 516 азамат - Ұлы Отан соғыс ардагерлері, тыл ардагерлері, зейнеткерлер, батыр аналар «Денсаулық», «Ақсу Жабағылы», «Ақсу демі», «Салма Караван», «Керуен» шипажайларына жолдама алды.
8 наурыз – «Халықаралық әйелдер күніне» орай, 10 039 көп балалы анаға (13 255 теңгеден) 133,1 млн.теңге, ал 9 мамыр – «Ұлы Отан соғысының Жеңіс күніне» орай 40 Ұлы Отан соғысының ардагері мен мүгедектеріне (1 млн. теңгеден) 40 млн.теңге әлеуметтік көмек төленді.
Сонымен қатар, 1 маусым - Балаларды қорғау күніне - 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға бір реттік 13890 теңгеден 5 624 балаға 78,1 млн. теңге әлеуметтік көмек төленді.

Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету

Қазіргі таңда Шымкент қаласында 36 657 мүмкіндігі шектеулі азамат (2019 ж. – 36 536) тіркелген.
2020 жылы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету бойынша төмендегі жұмыстар жүргізілді:
- 6 220 азамат протездік-ортопедиялық көмекпен және техникалық көмекші құралдармен қамтамасыз етілді;
- 14 801 азаматқа сурдотехникалық, тифлотехникалық, гигиеналық құралдар және есту аппараттары таратылды;
- 1045 мүгедекке қол арба құралдары таратылды;
- 1 846 азаматқа жеке көмекші, ымдау тілі мамандарымен қызмет көрсетілді;
- 4 851 азаматқа шипажай орындарына емделуге жолдама берілді;
- мүгедектерге арнайы жабдықталған 18 «Инватакси» көлігіне 520 өтініш қабылданып, қызмет көрсетуде;
- Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен мүгедектеріне, жүріп-тұруы қиын 1-2-ші топтағы мүгедектерге емдеу мекемелеріне және қоғамдық орындарға бару үшін арналған 43 «Әлеуметтік такси» автокөлігіне 521 өтініш қабылданып, қызмет көрсетуде;
- Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге 276 жолдамаға өтініш қабылданып, қызмет көрсетуде;
- Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге 722 жолдама берілді.

Көші-қон

2020 жылы Шымкент қаласында 366 отбасы немесе 509 адам оралман мәртебесін алды.
ТМД және шетелдерден көшіп келген этникалық қазақтардың басым бөлігі Өзбекстан Республикасынан келгендердің үлесінде.
Шымкент қаласы әкімдігінің «Оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 12 отбасы немесе 26 адам қоныстанып, бейімдеуден өтуде.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек

Жыл басынан бері мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 32 929 отбасыға (161 975 адам) тағайындалып, 17,8 млрд. теңге көлемінде көмек көрсетілді.
Атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған отбасыларға кепілдендірілген әлеуметтік пакетпен «Магнум» сауда орталығы арқылы 28 778 бала қамтамасыз етілуде.
Төтенше жағдай кезеңіндегі әлеуметтік төлемдер мен азық-түлік тұрмыстық жиынтық
Төтенше жағдай кезеңінде табысынан айырылған азаматтарға «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» есебінен әлеуметтік төлем беру жұмыстары (42500 теңге) жүргізілді.
Бірінші кезеңде (2020 жылдың 16 наурызы мен 11 мамыр айлары аралығында) 285 551 адамға 19,9 млрд. теңге төленген (285,5 мың адам – 1 ай, 183 мың адам – 2 айлық қаржы алған).
Екінші кезеңде (2020 жылдың шілде-тамыз айлары) 143 519 адамға 6,1 млрд.теңге көлемінде әлеуметтік төлем тағайындалып, төленген (проактивті және штаб қорытындысымен).
Азық-түлік және тұрмыстық жиынтықтары 2 айлық есептік көрсеткіш көлемінде төленді (5556 теңге), атап айтқанда:
– төтенше жағдай кезеңінде (наурыз-мамыр айлары) қаламыздың 74 мыңнан астам азаматына 996 млн. теңге;
– ал, карантин кезінде (шілде-тамыз айлары) 89 мыңнан астам азаматқа 958,3 млн. теңге көлемінде төленді.
Сонымен қатар, «Birgemiz» қайырымдылық қоры арқылы республика тарапынан халықтың осал топтарына 50,0 мың теңгеден 41 630 адамға 2,1 млрд. теңге көлемінде көмек көрсетілді. 20 мың отбасыға 1 млн. дана бетперде таратылды.
Одан бөлек, демеушілердің қолдауымен Наурыз мекересіне орай 1 800 отбасыға және 6 шілде – Нұр-Сұлтан қаласы мерекесі күніне орай 1 200 отбасыға азық-түлік жиынтығы таратылды.

Білім беру саласы

Әлемде орын алған індетке байланысты 2020 жылы мектептерде І тоқсанда жалпы 1-4 сыныптар аралығында 51 196 (23%) оқушы 4 016 кезекші сыныпта және 173 133 (77%) оқушы қашықтан оқытылды.
ІІ тоқсанда 5 893 кезекші сыныпта 76 827 оқушы білім алды. Одан бөлек штаттық режимде 9 мектеп 2 056 оқушымен (39%), кезекші сыныпта білім беретін 4 543 мұғалімге толығымен қосымша ақы төленді.

Мектепке дейінгі білім беру

Қалада 526 мектепке дейінгі білім ұйымында 66 125 бала тәрбиеленуде. 2020 жылы 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту деңгейі 100% құрады. 526 ұйымның 79-ы мемлекеттік, 447-і – жекеменшік.
Қаладағы 181 орта білім беру ұйымында 224 329 оқушы оқытылуда.
Педагогтар саны – 19534. Жаңа үлгідегі біліктілік деңгейі бар педагогтар үлесі 55,9%-ды құрайды.
«Қаланың құрметті педагогі» медалі дайындалып, «Young director» басшылардың кадрлық резерві, «Әріптеске құрмет» жобасы, «Ұлағат» Ассоциациясы құрылды.
Педагогтарды жұмысқа қабылдауда іріктеу тәртібі автоматтандырылды. Нәтижесінде, қабылданған 438 педагогтың 127-і үздік дипломмен, 138-і магистр, 21-і шет елдерде білім алған сапалы кадрлар іріктелді.
ЖОО-мен 5 жыл көлемінде педагогтарды даярлау туралы меморандум түзілді. «Teach For Shymkent» жобасы арқылы жоғары санаттағы педагогтардың үлесін арттыру мақсатында ЖОО профессор оқытушы құрамы (ғалымдар) мектептерге 0,25 оқу жүктемесімен жұмысқа тартылды.

Білім сапасы

Шымкент қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 28 қаңтардағы №45 қаулысы негізінде «Шымкент қаласының Дарын орталығы» ашылды.
«Дарынды балаларға арналған мектеп-гимназиясы» және «Дарынды балаларға арналған IT лицей-интернаты», 5 «IT мектеп-лицейі» қайта құру арқылы ашылды.
«Оқушылар сарайы» базасында заманауи жабдықталған «IT-орталығы», «Okulyk» онлайн емтихан платформалары жүзеге асырылып, білім сапасын көтеру шаралары басталды. «UZDIK» жобасы аясында «Ғылыми-әдістемелік сараптау кеңесі» құрылып, Педагогикалық Шеберлік орталығымен бірлескен 50 тірек мектептерімен Назарбаев Зияткерлік мектептері тәжірибесін енгізу қолға алынды.
2020 жылы 13 мектеп (6 жаңа, 7 қосымша) және 2 өнер мектебінің құрылысы жүргізіліп, 5 100 орындық 8 мектептің (4 жаңа, 4 қосымша) және 300 орындық 2 өнер мектебінің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.
Нәтижесінде, апатты мектептер саны 2-ден 1-ге, үш ауысымды мектептер саны 19-дан 14-ке азайды.
Сонымен қатар, 15 мекеме күрделі жөндеуден өтіп, 17 мектепке спорт алаңдары салынып, 16 мектепке турникет қойылды. Мектеп парталары 18 000-ға жаңарып, 5 мектеп STEM-зертхана кабинеттерімен жабдықталды.
Осы уақытқа дейін өзекті мәселе болып келген 36 мектепке ішкі әжетханалар орнату, білім ұйымдарының ауласын жарықтандыру жұмыстары толығымен шешімін тапты.
Үкімет қоры және жергілікті бюджет есебінен 47 330 (о.і. үкімет қоры-31 160, ЖБ- 16 170) компьютер алынып, жалпы саны 56 556-ға жетті. Нәтижесінде, жыл басында бір компьютерге келетін оқушылар саны 27 болса, бүгінде бұл көрсеткіш 4-ке дейін төмендеді.

Техникалық және кәсіптік білім беру саласы

Шымкент қаласындағы 31 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымында 27 046 студент білім алуда.
Мемлекеттік тапсырыспен 11 412 студент, дуалды оқытумен 1 150 студент қамтылған.
2020 жылы «Жас маман» жобасы шеңберінде 683 млн. теңгеге (РБ 646,6 мың тг, ЖБ 37 млн тг.) 2 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымында қазіргі заманғы материалдық-техникалық базамен жарақтандыру жұмыстары жүргізілді.

Денсаулық сақтау саласы

Қала меншігінде 36 денсаулық сақтау нысандары халыққа медициналық қызмет көрсетуде. Олардың ішінде: 15 – ауруханалық ұйым, 15 – амбулаторлық-емханалық ұйым, 6 - басқалары.
Халыққа амбулаторлық-емханалық көмекті қамтамасыз ету және қадамдық қолжетімділікке қол жеткізу үшін қала бойынша 737 учаске жұмыс істейді, оның ішінде 582 жалпы практика дәрігері, 27 терапевтік, 128 педиатриялық аймақ.

51


Өткізілген іс-шаралар нәтижесінде, жалпы практика дәрігерлерінің жүктемесі 2019 жылғы 1905 адамнан 1601 адамға дейін төмендеді.
Жедел жердем қызметінің сапасын жақсарту үшін тозығы жеткен автокөлік паркіне мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы 100 жаңа арнайы автокөлік берілді. 2020 жылғы қыркүйек айында пульттер санын 15-тен 30-ға дейін кеңейте отырып, жаңа заманауи Call-орталық ашылды, бұл «103» желісі бойынша қоңыраулар санын айтарлықтай азайтты. Себептер бойынша қоңырауларды қабылдау алгоритмдері жаңартылды, барлық диспетчерлер бригада келгенге дейін қоңырауды ұстап тұру алгоритмдеріне оқытылды. Коронавирус инфекциясы туралы өзекті мәселелер бойынша диспетчерлердің чек-парақтары мен жауап алгоритмдері әзірленді. Диспетчерлер бригадалармен байланысу үшін заманауи құлаққаптармен және стационарлық рациялармен жабдықталған.
2020 жылы Шымкент қаласының 7 денсаулық сақтау мекемесіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жылдың соңына 6 нысанның жөндеу жұмыстары аяқталды: «Ана мен бала» оңалту орталығы (негізгі ғимарат), Қалалық кардиологиялық орталық (шатыр), №3 қалалық аурухана (оқу орталығының жертөлесі мен корпусы), №9 қалалық емхана жанындағы «Алтынтөбе» дәрігерлік амбулатория, №1 қалалық емхана және №2 қалалық аурухана.
Қалалық перзентхананың жөндеу жұмыстары 2021 жылға өтпелі.
Барлық мемлекеттік медициналық ұйымдарда медициналық ақпараттық жүйелер енгізілді. Қала бойынша мемлекеттік медициналық ұйымдарда 1041,6 мың тұрғын тіркеліп, олардың 98,4%-на электрондық денсаулық паспорты толтырылды.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды ендіру бойынша ақпараттық түсіндіру мақсатында 15 000 кездесу өткізіліп, БАҚ құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы 6 200 іс-шара өткізіліп, 259 мың ақпараттық материалдар таратылды.
Қаладағы жұқпалы және карантиндік ауруханаларда 1 060 төсек орын бар, (жұқпалы - 560, карантин - 500), оның 843 төсек-орны бос. Төсек орын толымдылығы 20% құрайды немесе 217 төсек.
Эпидемиологиялық жағдайдың ықтимал нашарлауына дайындалу үшін инфекциялық және карантиндік стационарлардың ашылуына 3 сценарий әзірленді.
Біріншісі, тұрақты эпидемиологиялық жағдайда және медициналық мекемелердің жоспарланған жұмысы кезінде 1 220 төсек орын ашылды.
Екіншісі, эпидемиологиялық жағдайдың маусымдық нашарлауы кезінде инфекциялық стационарлардың төсек қоры 4 016 төсекке дейін ұлғаяды.
Үшінші, инфекцияның өршуі және эпидемиологиялық дағдарыс жағдайында төсек-орын қоры 5 416 төсекке дейін жетеді.
Қала тұрғындарына қызмет көрсететін 9 ПТР зертхана бар. Оның жалпы қуаттылығы күніне 3 900 тест.

Төлемдер бойынша

4 308 медицина маманына жалпы 5,5 млрд. теңге көлемінде қосымша ақы төленді, ал ковид жұқтырған және пневмонияға шалдыққан 411 қызметкерге әлеуметтік төлем тағайындалды. Қайтыс болған 21 дәрігердің отбасы мүшелеріне өтемақы толық төленді.
14 157 медицина қызметкері коронавирустық инфекцияның алдын алу және емдеу тактикасы бойынша оқытудан өтті.
5,6 млрд. теңгеге 200 орындық инфекциялық орталық пайдалануға берілді. Қалада 21 компьютерлік томография, 615 ИВЛ аппарат бар.
3 оттегі станциясы, медициналық ұйымдардағы 717 оттегі нүктелерін қосу және сұйық оттегіге арналған 9 резервуар орнатылды.

Дәрі-дәрмек бойынша

Стационарлық көмек шеңберінде дәрілік заттармен қамтамасыз ету мәселесі шешілді.
Дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды жеткізу бойынша 7,2 млрд.теңгеге келісім-шарттар жасалып, 100 пайызға орындалды.
Бүгінгі таңда, медициналық ұйымдарда COVID-19-ға қарсы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың екі айлық қоры қалыптастырылған.
Қаладағы дәріханалар, дәрі-дәрмектер қоры мен бөлшек сауда бағаларының сәйкестігіне мониторинг жасалып, қаланың дәріханаларында 1,7 млрд.теңге көлемінде COVID-19 емдеуге арналған дәрі-дәрмектер қоры бар.
Бұдан басқа, 6,3 млн.данаға медициналық маска қоры жасалды. Қалада орналасқан 2 өндірушінің өндірістік қуаты тәулігіне 200 000 дана масканы құрайды.

СПОРТ

2020 жылдың қорытындысы бойынша қалада дене шынықтыру және спортпен тұрақты түрде шұғылданушылар саны 324,7 мың адамды, қаладағы барлық жастағы халықтың спортпен қамтылуы 30,6% құрады.
Төтенше жағдай және карантиндік шаралар енгізілген мерзімге дейін қалада 33 спорттық іс-шара өткізіліп, оған 3 мыңнан астам адам қатысты. Атап айтқанда, спорт түрлерінен қала біріншіліктері мен чемпионаттары ұйымдастырылып, өткізілді.
2020 жылғы қазан-желтоқсан айлары аралығында спорт түрлері бойынша Шымкент қаласында 9 Қазақстан Республикасының чемпионаты және 1 Халықаралық жарыс өткізілді.
Сонымен қатар, 2020 жылғы 15-16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған тас жолда велосипед спортынан ерлер, әйелдер, жасөспірімдер және әуесқойлар арасында жарыс өтті. Жарысқа 100-ден астам спортшы қатысты.
2020 жылғы 17 желтоқсанда Шымкент қаласында «Shymkent Marathon» республикалық жүгіру жарысы өтті. Жарысқа 700-ден астам адам қатысты.
Қала тұрғындарын дене шынықтыру және спортпен айналысуға тарту мақсатында 10 спорт алаңында таңғы және кешкі спорттық жаттығулар уақыт жиілігімен, таңғы жаттығу сағат 8:30-да, кешкі жаттығулар сағат 18:00-де ұйымдастырылды.
2020 жылы қала спортшылары спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаттары, кубоктары мен біріншіліктеріне қатысып, 229 алтын, 198 күміс, 186 қола медаль жеңіп алды.
Азия чемпионаттары мен кубоктарында қала спортшылары, 2 күміс және 3 қола медальге қол жеткізсе, Әлем чемпионаттары мен кубоктарында қала спортшылары 1 қола медальге ие болды.
2020 жыл 8 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 62 Қазақстан Республикасының спорт шебері, 171 спорт шеберіне үміткер спортшылар дайындалды.
Қалада мүмкіндігі шектеулі азаматтардың спортпен шұғылдануы үшін спорт клубы жұмыс жасауда. Клубта 18 спорт түрі бойынша 368 мүмкіндігі шектеулі азамат жаттығу жасайды.
2021 жылы өтетін ХХХІІ Жазғы Олимпиада Ойындарына қатысу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық құрама сапына енген спортшылар Юрков Юрий оқ ату спорт түрінен, Рысбекова Сәрсенкүл стенд атудан, Асадилов Дархан каратэден, Сафиуллин Закир бокстан жолдаманы жеңіп алды.
Спортты дамыту мақсатында, ұлттық теннис орталығында жаңадан 2 хард төсенішті корт, 2 жағажай корт салынды.
Сонымен қатар, бұрынғы 4 корт жаңартылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. 574,0 млн.теңге бөлініп, толық игерілді. Нысан пайдалануға тапсырылды.

Мәдениет

Есепті жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында мәдениет саласындағы 5 мекемеге («Шымкент қаласының орталықтандырылған балалар кітапханасы жүйесінің» №14 филиалы, «Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхана», «Сайрам», «Шапырашты», «Жаңаталап» мәдениет үйлері) күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, 3 кітапхана («Шымкент қалалық орталықтандырылған
 көпшілік
 кітапханалар жүйесінің» №5 филиалы, «Шымкент қалалық орталықтандырылған 
балалар 
кітапханалар жүйесінің» №1, №7 филиалдары), 2 театрда («Шымкент қалалық өзбек драма театры», «Шымкент қалалық Ж.Шанин атындағы қазақ академиялық драма театры») ағымдағы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
2020 жылы қаламыздағы мәдени іс-шаралар «Шымкент – ТМД-ның мәдени астанасы» жылының, Әл-Фараби бабамыздың 1150 жылдығының, Абай атамыздың 175 жылдығының аясында өтті.
Карантин режимі кезінде (наурыз-желтоқсан айларында) 2007 онлайн форматтағы іс-шара ұйымдастырылып, оған 1 млн. астам көрермен қатысты.
«Шымкент – ТМД-ның мәдени астанасы 2020» жылының салтанатты жабылу рәсімі 2020 жылғы 22 қарашада тарихи-мәдени кешенде (Цитадель) тікелей эфир форматында өтті. Рәсім Ońtústik TV және YouTube-тағы Bridge TV арналарында көрсетілді. ТМД-ның мәдени астанасы эстафетасы Душанбе қаласына тапсырылды. 2200 кітаппен, 2200 тұмармен және 2200 қызғалдақ түйнегімен толтырылған символдық керуен (Шымкент қаласының 2200 жылдығына орай) Тәжікстан Республикасының Душанбе қаласына аттанды.

Цитадель

«Шымкент қалашығы» (Цитадель) – жергілікті маңызы бар тарихи және мәдениет ескерткіштерінің Мемлекеттік тізіміне енгізілген Қазақстан Республикасы үшін ерекшеленетін археологиялық объект.
2020 жылы Цитадельдің барлық бөлігінде ғылыми-реставрациялық, мұражайландыру, бекіту және археологиялық жұмыстар аяқталып, бүгінге нысанды музей ретінде пайдалануға беру жұмыстары жүргізілуде.
Музейде тарихи-мәдени кешен ретінде мекеме ашып, онда Шымкент қаласының тарихына қатысты және археологиялық зерттеу кезінде табылған экспонаттарды қою жоспарлануда.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасы, сондай-ақ Қазақстан ратификациялаған халықаралық конвенциялар негізінде, ЮНЕСКО сарапшыларын тарта отырып, ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұралар тізіміне енгізу үшін тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Тілдерді дамыту

2020 жылы қалалық тілдерді дамыту-әдістемелік орталығында 81 топта 1 014 тіл үйренуші біліктілігін арттырды. Оның ішінде: мемлекеттік қызметшілер саны – 15 топта 210, азаматтық қызметкерлер саны – 66 топта 804 адам. Ұлт өкілдері: қазақтар – 775, орыстар – 106, өзбектер – 96, этнос өкілдері – 37 адамды құрайды. Қазақ тілінен – 400, орыс тілінен – 127, ағылшын тілінен – 390, латын графикасынан – 7 топта 97 адамды құрайды. Сонымен қатар, Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, оның маңызы мен мәртебесін көтеру, көркем әдебиетті насихаттау, тіл мәдениетін көтеру, үш тілді жетік меңгерген жастарды ынталандыру мақсатында 5 байқау, 2 семинар, 1 форум, 1 ғылыми-практикалық конференция өткізілді, аталған іс-шаралар жергілікті БАҚ арқылы және әлеуметтік желілерде жан-жақты насихатталды.

Ономастика

Ономастика саласы бойынша 2020 жылы Шымкент қаласының шағын аудандары мен көшелеріне атау беру мақсатында жалпы саны 381 ұсыныс (шағын аудан – 24, көшелер - 357) құжаттары заңға сәйкес рәсімделіп, Республикалық ономастика комиссиясының қарауына жолданып, 2020 жылғы 27 тамыздағы отырыста оң қорытындысын алды. Ұсыныстар 11 желтоқсанда өткен Шымкент қаласы мәслихатының тұрақты сессиясында мақұлданып, аталған құрамдас бөліктерге атау берілді.
Сондай-ақ, қаладағы атауы жоқ шағын аудандар мен көшелерге толық атау беріп, аяқтау мақсатында аудандардан 1 шағын аудан (Абай ауданы) мен 353 көшеге (Абай ауданы – 186, Қаратау ауданы - 167) атау беру ұсынысы түсіп, 11 желтоқсанда өткен Шымкент қаласы мәслихатының тұрақты сессиясында мақұлданып бекітілді.
Объектілерге атау беру бойынша ағымдағы жылы 3 мәдениет және білім беру мекемелеріне (Отырар қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасына Әбу Насыр әл-Фарабидің, №72 жалпы орта мектебіне Сағадат Нұрмағамбетовтың, Хамза атындағы №53 жалпы білім беретін орта мектебіне Сабыр Рақымовтың) атау беру және қайта атау бойынша ұсыныстар Республикалық ономастика комиссиясының оң қорытындысын алып, ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 27 қарашадағы №799 Қаулысына сәйкес объектілерге атау берілді.

Туризм

Туристер санының 2020 жылы 30% өсуі күтілген болатын. Алайда, 2020 жылы бүкіл әлемде орын алған пандемияға байланысты қаламызда карантиндік жағдай енгізіліп, туристердің саны біршама азайып, туризм саласының дамуына кері әсер етті.
2020 жылдың 9 айында қалаға келушілер саны 122 654 адамды құрап, 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (185 370 адам) 33,8%-ға төмендеген. Туризм саласындағы ресми статистикалық мәліметтер әр тоқсанның қорытындысымен 1 тоқсанға кешігіп жариялануына байланысты, 2020 жылдың жылдық көрсеткіші 2021 жылдың наурыз айында шығады:
- ішкі туризм бойынша келушілер саны 116 875 адам, өткен жылмен салыстырғанда (159 348 адам) 26,7%-ға төмендеп отыр.
- кіру туризмі бойынша келушілер саны 5 779 адам, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (26 022 адам) 77,8%-ға төмендеген.
Республикалық көрсеткішке сәйкес, қалаға келген туристер саны бойынша Шымкент қаласы 7 орында.
Шымкент қаласына келетін қонақтар мен жалпы қалаға келуші туристерге ақпараттық және консультациялық көмек көрсету мақсатында наурыз айында қаланың туристер көп шоғырланатын аймақтарында 5 туристік ақпараттық дүңгіршек орналастырылды.
Маусым айынан бастап аталған дүңгіршек қызметкерлері тарапынан жақын орналасқан аймақтарға туристер мен қала қонақтарына экскурсиялар ұйымдастырылуда. 2020 жылдың 6 айында (маусым-желтоқсан) барлығы 2000-ға жуық қазақстандық және шет елдік азаматтарға қызмет көрсетілген.
Бұдан бөлек, аталған бағыттағы жұмысты күшейту мақсатында 2020 жылдың қараша айында қала әкімдігінің қаулысымен «Shymkent Tourism Center» туристік-ақпараттық орталығы құрылды. Орталық «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсетеді.
Шымкент қаласының тұрғындары мен туристерді ақпаратпен қамтамасыз ететін арнайы туристік VISIT-SHYMKENT.KZ порталы мен мобильді қосымшасы іске қосылды.
Қазіргі таңда туристік порталға қала аумағындағы 500-ден аса туристік сала өкілдері мен нысандары енгізілді. Кез келген турист өзіне қажетті туристік маршрутты аталған порталдан онлайн көре алады.
Туризм саласын дамыту мақсатында қаланың тарихы мен мәдениетін кеңінен дәріптейтін ескі қалашықтың бекінісін қайта қалпына келтіру бойынша «Ескі қаланың тарихи-мәдени объектілерінің кешені» мастер жоспары іске асырылуда.
Сондай-ақ, қаламыздың көрнекті жерлерінің бірі «Цитадель» қамалының VR-ролигі әзірленді. Аталған VR-ролик QAZAQSTAN PROJECT MANAGEMENT AWORDS 2020 мемлекеттік басқаруда жобалық менеджментті жетілдіру бойынша конкурста АЛТЫН ЖҮЛДЕ ИЕГЕРІ - «ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ЖОБАСЫ» атанды.
Бұдан бөлек, 2020 жылдың шілде айында «Qazaq Geography» ұлттық географиялық қоғамдық бірлестігімен «Shymkent Travel Club» жобасы іске қосылды.
Туристік саланы одан әрі дамыту және қолдау көрсету мақсатында қалалық туристік полиция құрылды. Туристік полиция құрамына 15 маман кірді. Оларға қаланың туристік карталары мен бүктемелері беріліп, шетелдік туристермен жұмыс жасау алгоритмі ұсынылып, арнайы фасилитациялық онлайн-оқулар өткізілді.
Көліктік қолжетімділікті арттыру бағытында 2020 жылы Шымкент қаласына қосымша 8 жаңа әуе бағыты ашылды, олар: солтүстіктен – Қостанай, Павлодар, батыстан – Ақтау, Атырау, Ақтөбе, шығыстан – Өскемен, орталықтан – Алматы және Қарағанды қалалары.
Халықаралық туристік бағыттарды жүйеге келтіру мақсатында Өзбекстан Республикасының 2 облыс әкімдігімен (Хорезм және Бұхара) меморандумға қол қойылды.
Туристерге ақпараттық қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін туристік нысандарға 3 тілде, яғни қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде 33 QR-төлқұжат орналастырылды. Аталған QR-төлқұжаттарға арнайы аудиогидтер жазылып, IZI travel
халықаралық туристік платформасымен интеграцияланды.
Сонымен қатар, туристік нысандарға бағыттайтын 30 навигациялық стела (жақын тұрған туристік нысан туралы ақпарат беріп, картада оның орналасу нүктесін көрсетеді) әзірленіп, қала көшелерінің қиылысында орналастырылды.
Шымкент қаласының әуежайы мен қонақ үйлерінде ақпараттық интерактивті таблолар орналастырылып, пайдалануға ұсынылды.

Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу

2020 жылы қоршаған ортаға эмиссиялар үшін рұқсат алу бойынша 884 өтінім тапсырылып, оның 717 өтініміне рұқсат берілді, қалған 162 өтінім кері қайтарылып, 5 өтінім қаралуда.
Табиғатты пайдалануды реттеу саласында мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу кезінде қоғамдық тыңдауларды ұйымдастыру бойынша материалдарды сайтқа орналастыру, қоғамдық тыңдауларға қатысу қарастырылған. 2020 жылы мемлекеттік экологиялық сараптамаға 5 құжат тапсырылып, оның ішінде 3 құжатқа мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы берілді, 2 құжаттан «Қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерін айқындау әдістемесіне» сәйкес дұрыс толтырылмағандықтан бас тартылды. 22 қоғамдық тыңдау өткізіліп, хаттамалар түзілді.
Орман өртіне қарсы 976 га жерге 300 шқ минералды жолақтар жасалып, күтіп бапталды.
Сонымен қатар, көктем және күз айларында 70 га алаңқай жер жыртылды, 55 мың дана ағаш (110 га) бұталары қырқылып, сыртқа шығарылды.
Агротехникалық талаптарға сай 20 га жердегі жас көшеттердің арасын қопсыту жұмыстары жүргізілді, сонымен қатар, жаз айында қураған шөптерді жою мақсатында 100 га жердегі ағаш түбі қопсытылды.
Одан бөлек, көшеттерді толықтыру мақсатында 2 га жерге 500 данадан 1000 дана ағаш көшеті отырғызылды.
1 332 метр алма бағын қоршау жұмыстары жүргізілді.
Орман тұқымбағында 2 га жерге жаңадан 13,7 мың дана ағаш егілді, оның ішінде 8,6 мың дана терек, 2,6 мың дана қарағаш, 2,5 мың дана жиде, легустра, үйеңгі тал (ива), қармала (гледичия) көшеттері. Айына екі рет суғарылып, минералды тыңайтқыш енгізу және культивация салу жұмыстары аптасына бір рет жүргізілді.
Дендросаябаққа веложол құрылысын жүргізу жоспарланып, есепті кезеңге 5 400 метрлік веложол салынып, ұзындығы 12 км кабель жүргізілді, 650 дана LED жарықшамдары қойылды. Веложолдың бойына көлемі 100 шаршы метр болатын 3 демалатын орын, велотұрақ және ұзындығы 1 550 метр жүгіру жолы салынды.
Сонымен қатар, саябақта орналасқан көлемі 1,5 га тұқымбақта және көлемі 0,03 га жылыжайда 108 түрлі ағаш-бұта тұқымынан жасыл қаламша арқылы өсіру жұмыстары жүргізілді.
Кәсіпорынның гендік қорын көбейту мақсатында интродуцент ағашының 95 түрі алынып, (жаңа үлгідегі ағаш түрі) олардың саны 291 құрады.
Саябақты санитарлық жұмыстармен қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылы жабайы орманды тазалау бойынша кезең-кезеңімен жоспар құрылып, есепті жылы 5,3 га жерге санитарлық тазалық жүргізілді. Қырым қарағайлы шоқ орманы, емен шоқ орманы, жаңғақ шоқ орманы жасалды және Төлеметов көшесімен шектесетін аумақта ормандар қалпына келтірілді.

Цифрландыру

Қалада «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында екі бағыт бойынша жұмыстар атқарылуда. Олар:
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электронды форматқа көшіру.
2. Халықтың цифрлық сауаттылық деңгейін арттыру.
2020 жылы Шымкент қаласының әкімдігімен барлығы - 165 қызмет түрі ұсынылса, оның 146 қызметі бекітілген Тізілімге сәйкес «Электрондық үкіметтің» порталында, 10 қызмет Шымкент қаласының әкімдігімен автоматтандырылып, электронды форматқа өткен қызметтер саны 156-ны немесе 95% құрады (2019 жылы - 78%).
2020 жылдың қорытындысы бойынша Шымкент қаласының әкімдігімен барлығы – 5,5 млн. қызмет көрсетілсе, оның 5,1 млн. қызметі немесе 92% электронды түрде көрсетілген (2019 ж. электронды түрде - 80%).
2020 жылдың желтоқсан айынан бастап Шымкент қаласының әкімдігімен ұсынылатын қызметтерді алу үшін халыққа мейлінше қолайлы жағдай жасау мақсатында, «бір терезе» қағидаты негізінде «Open Shymkent» порталы әзірленді. Осы портал аясында әкімдікпен ұсынылатын қызметтердің барлығы «бір терезе» қағидаты негізінде халыққа ыңғайлы әрі жеңілдетілген түрде ұсынылатын болады.
«Халықтың цифрлық сауаттылық деңгейін арттыру курстарын өткізу» жобасы аясында Шымкент қаласы бойынша 12 022 қала тұрғыны онлайн түрде оқытылып, цифрлық сауаттылықты арттырды.

Интернет бойынша

Қаламызда интернет сапасын арттыру бойынша бірқатар жұмыстар жүргізілді.
Атап айтқанда 11 жерге антенна-мачталық құрылғылар орнатылды. Оның ішінде, Алтынтөбе, Көкбұлақ, Солтүстік-Батыс және Достық (Солтүстік саяжай) тұрғын алаптарында базалық станциялар толық іске қосылды.
Сонымен қатар Асар, Шымкент Сити және Ақтас-2, Тұран, Шымкент Сити-2 және Асар-2 шағын аудандарында базалық станциялар орнатылып, іске қосу үшін техникалық жұмыстар жүргізілуде.
Ал, Айкөл тұрғын алабына базалық станция орнату жөнінде Kcell байланыс операторы тарапынан тиісті келісімдер алынды. Қазіргі таңда, Kcell компаниясының орталық басқармасынан (Алматы қаласындағы) базалық станциялардың жеткізілуі күтілуде.
Еңбек заңнамасының сақталуы
2020 жылы 1 207 (2019 жылы 1337) азаматтардың арыз-шағымдары қаралып, заңмен белгіленген мерзімде жауап берілді.
Есепті кезеңде 204 (2019 жылы - 332) тексеру жүргізіліп, нәтижесінде 227 (2019 жылы - 328) заң бұзушылық анықталды, оның ішінде еңбек қатынастары туралы – 179 (2019 жылы - 298), еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 30 (2019 жылы - 27), халықты жұмыспен қамту – 18 (2019 жылы - 3).
Анықталған бұзушылықтардың ішінде 209 (2019 жылы 300) жойылды немесе заңға сәйкестендірілді. Бұзушылықтардың негізінде 118 (2019 жылы 177) нұсқама беріліп, еңбек заңнамасының бұзылуы бойынша 5,1 млн. теңге (2019 жылы 10,5 млн. тг.) көлемінде 44 (2019 жылы 66) әкімшілік айыппұл салынып, 3,6 млн. теңге көлемінде 39 айыппұл өндірілді.
Есепті кезеңде 4 кәсіпорында 24 жұмыскерге 2,5 млн. теңге жалақы қарызы қордаланып отыр.
Аталған кәсіпорындардың жалақы қарызын өтемей отыру себебі 2 кәсіпорынның жұмыс істемей тұруы және 2 кәсіпорынның басшыларына қатысты алаяқтық бабымен қылмыстық іс қозғалып, бүгінгі таңда сот шешімімен түзеу мекемесінде жазасын өтеуі себеп болуда.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы тексерулер барысында 66 кәсіпорында 441 жұмыскердің 66,7 млн.теңге көлеміндегі жалақы қарыздары мемлекеттік еңбек инспекторларының араласуымен өтелді.

Ішкі саясат

2020 жылдың басынан бастап республикалық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары мен ақпараттық порталдар арқылы 27 000-нан астам материалдар жарияланды.
Баспа БАҚ-тар бойынша республикалық баспасөз басылымдарында түрлі тақырыптық - 632 материал, облыстық, жергілікті басылымдарда - 1527 материал жарияланды (Егемен Қазақстан, Казахстанская Правда, Айқын, Литер, Қазақстан дәуірі, Шымкент келбеті, Панорама Шымкента, Оңтүстік Қазақстан, Южный Казахстан, Жанубий Қозоғистон, Уақыт, Қызмет, Әділет, Айғақ, Рабат, Оңтүстік Рабат, т.б.).
Интернет-ресурстарда - 25 000-нан астам түрлі тақырыптық материалдар жарияланды (nur.kz, zakon.kz, tengrinews.kz, zhasalash.kz, bugin.kz, ernur.kz, rgmedia.kz, newsday.kz, mеdiaon.kz, qazweek.kz, newsroom.kz, oninfo.kz т.б.).
Әлеуметтік желілерде барлығы – 15 000-нан астам әр түрлі бағыттағы материалдар жарияланған (Facebook, Instagram, Youtube, VKontakte т.б.).
Жергілікті телеарналарда – 5000-нан астам, ал республикалық телеарналарда - 474 материал мен хабарлар, түрлі сюжеттер мен арнайы репортаждар көрсетілді.
«Оңтүстік» радиосында күнделікті хабарлар (жаңалықтар), ал «Қазақ» радиосында апта сайын «Шымкент сағаты» бағдарламасы шығарылуда.
Сондай-ақ қаланың әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуы, індеттің алдын алу мен атқарылып жатқан өзге де бағыттағы жұмыстар туралы ақпарат мемлекеттік тапсырыс аясында 5 республикалық («МИР», «Хабар», «Хабар 24», «31 арна», «Астана»), 4 жергілікті телеарна («Ontustik», «Айғақ», «Отырар», «NAR TV») және 2 радио («Ontustik», «Қазақ радиосы») арқылы жарияланып, көрсетілуде.
«ONTUSTIK» телеарнасында «Басты назарда», «Қауіпсіз қала», «Шымкент - мәдени астана», «Мегаполис», тікелей эфирде шығатын «Қала уақыты» бағдарламасы, «Отырар» телеарнасында «Настоящая работа», «Открывай Шымкент», «Халық пен билік» деп аталатын телебағдарламалар түсіріліп, көрсетілуде.
Ерекше маңызы бар «Интеллектуалды ұлт» жобасы мен «Ұлт үні» керуен-байқауы БАҚ-пен әлеуметтік желілерде кеңінен жарияланып, насихатталды.
Осы ретте, жергілікті телеарналарда мемлекеттік органдардың басшылық құрамынан дайындалған арнайы спикерлердің қатысуымен жалпы 100-ден астам телебағдарламалар (оның ішінде тікелей эфир арқылы да) түсіріліп, көрсетілді.
Түрлі тақырыптық 47 бейнеролик, 3 аудиоролик, 2 бейнефильм дайындалып, телеарналар мен әлеуметтік желілер арқылы көрсетілді.
Оның ішінде елдегі КВИ-ге қатысты орын алған жағдайға байланысты індеттің таралуын болдырмау және алдын алу бағытындағы 29 бейнеролик пен өзге де 14 бейнеролик, қалалық прокуратурамен бірлесіп 4 бейнеролик әзірленіп, БАҚ-да, әлеуметтік желілерде кеңінен таратылды.
Қала көлемінде жалпы әр түрлі тақырыпта 1050 баннер және 109 керме орнатылды.
Мемлекеттік органдардың қызметі мен қоғамдағы өзекті мәселелер бойынша ақпарат беру мақсатында басқарма жанынан құрылған «Ақпараттық-коммуникациялық орталықтың» алаңы белсенді пайдаланылуда және онда республикалық және жергілікті деңгейдегі БАҚ өкілдерінің қатысуымен тұрақты түрде баспасөз брифингтері өткізілуде.
Аталған орталық алаңында БАҚ өкілдерінің қатысуымен жалпы саны - 185 баспасөз-брифингі өткізілді.
Сонымен қатар, орталықпен БАҚ-да және әлеуметтік желілерде тұрғындардың түрлі салаларға қатысты жарияланған өзекті мәселелеріне жедел ден қою, яғни «Кері байланыс орнату» бойынша жұмыс жолға қойылған.
Есепті кезеңде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 963 ауқымды және шағын іс-шаралар (оның 22%-ы оффлайн, 78%-ы онлайн форматта) өткізілді. Оған 780 550 адам қамтылды.

Қоғамдық келісім кеңесі мен Аналар кеңесінің қызметі

Халық пен мемлекеттік органдар арасында ашық байланыс орнықтыру мақсатында әрекет ететін Қоғамдық келісім кеңестеріне 93 адам енгізілген.
Есепті мерзімде барлық деңгейдегі Қоғамдық келісім кеңестерінің 19 отырысы өткізілді. Отырыстардың қорытындысымен 80 ұсыным берілді, оның 63-і орындалып, 17 мәселе – қоғамдық бақылауға алынған.
Аналар кеңестерімен 83 іс-шара өткізіліп, отбасы институтын дамыту, ана мен бала денсаулығын қорғау, өскелең ұрпақ тәрбиесін жолға қою сынды мәселелер қаралды.
Шымкент қалалық ассамблея мүшелері тарапынан 2020 жылы 19,7 млн. теңгеге «Біз біргеміз», «Жанға жылу», «Мектепке жол» акциялары аясында қайырымдылық көмектер көрсетілді.

ЖАСТАР САЯСАТЫ

Шымкент қаласында 14-29 жас аралығында жастар қала халқының 23% құрайды.
2020 жылдың басынан жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шараларына қамтылған жастар саны 17 797 (2019 жылы – 19 610 жас).
Оның ішінде:
- техникалық және кәсіптік білім беру және қысқа мерзімдік оқытумен қамтылған жастар саны - 2 335 (2019 жылы – 3062 жас );
- кәсіпкерлікті дамыту бойынша шағын несие алған жастар саны - 2440 (2019 жылы – 2192 жас);
- уақытша жұмыспен қамтылған жастар саны - 6624 (2019 жылы – 5018);
- бос жұмыс орындарына жолдама берілген жастар саны - 4773 (2019 жылы – 7270 жас);
- жұмыспен қамту жол картасымен қамтылған жастар саны - 1625 (2019 жылы – 668 жас).
«Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында:
- 2020 жылдың I кезеңінде 16 жасқа 76 млн. теңге (2019 жылы 26 жасқа 82 млн. теңге) грант берілді. 2020 жылдың II кезеңі бойынша құжаттар жинақталуда.
- Банк несиелерін субсидиялау бағыты бойынша 6%-бен 2020 жылы 6 жас 420 млн. теңге (2019 жылы 11 жас 625 млн. теңге) несие алды.
«Жасыл ел» студенттік құрылыс жасақтары бойынша жазғы мезгілде жұмыссыз студент жастарды жұмыспен қамтып, 200-ден астам жас азамат «Отау строй», «Ақ Ордасы», «А.Р.Т. құрылыс», «Сити-строй» және «Атамекен» корпорацияларына жұмысқа жіберілді.
Волонтер жылына орай, қалада волонтерлік жұмысты үйлестіру мақсатында «Шымкент волонтерлар қауымдастығы» құрылды (Жария, Мейірім, Добряки Шымкента, Волонтер Шымкент, ASSA, Ізгілікте жарысайық, Благодарю, Lider.kz, Жастар қуаты).
Волонтер жастардың қызметін үйлестіру мақсатында техникалық жабдықтармен қамтамасыз етілген коворкинг орталығы, Жастар ресурстық орталығынан фронт кеңсе қызметі құрылды.
Волонтерлардың ұйымдастыруымен:
- «Жанға жылу» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылып, 18 245 әлеуметтік жағдайы төмен отбасы мен қарияларға тұрмысқа қажетті азық-түлік себеттері, 533 отбасыға қажетті дәрі-дәрмек таратылды.
- Қала тұрғындарына 2 млн.-нан астам медициналық бетперде мен антисептик берілді.
- «Жас сақшы» жобасы аясында полиция басқармалары қызметкерлерімен бірлесе отырып, сауда орындары, ойынханалар, тамақтану орындары мен дүкендердің жұмысына бақылау жүргізілді.
- Қала тұрғындарының экологиялық санасын қалыптастыру мақсатында «Eco Sana» жобасы ұйымдастырылды. Жоба аясында 27 000 тонна қоқыс шығарылды.
Бүгінде қабылданған шаралар нәтижесінде Шымкент қаласындағы белсенді волонтерлар саны 1200 ден 6000-ға ұлғайды.

Қоғамдық қауіпсіздік

2020 жылы орын алған төтенше жағдай кезінде 18 бұғаттау бекеттеріне 350-ден астам індет жұқтыру ошақтарына Полиция департаментінің барлық күш-құралдары тәулік бойы жұмылдырылды.
Атқарылған іс-шаралардың нәтижесінде, есепті жылы жалпы құқықбұзушылықтың деңгейі 2019 жылмен салыстырғанда 21 пайызға, қылмыстардың саны 25 пайызға төмендеді.
Криминогендік ахуалды жақсарту мақсатында, жүйелі түрде жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде, жалпы қылмыстардың ашылуы 37%-дан 45%-ға жоғарылаған.
Сонымен қатар, пандемия кезінде ойын-сауық мекемелерінің (мейрамханалар, түнгі клубтар және т.б.) қызметі шектеліп, қоғамдық орындарда жасалған қылмыс саны 29% - ға, көшеде жасалған 24% - ға, жасөспірімдермен 19%-ға, мас халде 2%-ға, топпен 53%-ға, отбасы-тұрмыстық қатынастағы қылмыстар саны 26%-ға төмендеген.
Қала аумағында жол-көлік оқиғасының саны 0,6% -ға, қайтыс болғандар саны 1,3% -ға, жарақат алғандар 0,7% -ға төмендеді.
Одан басқа, жасөспірімдердің өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында қала аумағында орналасқан 147 мектептің алдындағы жаяу жүргіншілер жолағына күнделікті ювеналды полиция бөлімінің мектеп инспекторлары 3 ауысыммен кезекшілікке тұрады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары

Қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және халықпен тығыз байланысты орнату мақсатында «Шымкент – адалдық Алаңы» кеңсесі, әкімдік ғимаратының бірінші қабатында «Ашық әкімдік» және «Фронт офис» жұмысы ұйымдастырылды. Адамдардың қажеттілігіне жедел әрекет ету мақсатында қала аумағында «ANTIKOR ORTALYGY» сервистік орталығы ашылып, «ANTIKOR LIVE» жобасы аясында қала әкімі және оның орынбасарлары баяндама жасады.
«Шымкент - адалдық алаңы» жобасын халық арасында кеңінен таныту мақсатында арнайы дайындалған эскиздер қала көшелеріне 27 билбордта және LED-экрандарда көрсетілген.
«Open Space» пилоттық жобасы аясында Шымкент қаласының әкімдігі, Шымкент қаласының 4 аудан әкімдігі, 5 басқарма, 137 мектеп, 11 емхана және 8 колледж ашық түрде жұмыс жасауға көшті.
Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамаларына енгізілген өзгертулер мен толықтыруларға сәйкес, Шымкент қаласы әкімдігіне бағынысты қызметшілер сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін басшылардың отставкасы және жауапкершілігі институтын іске асыру бойынша іс-әрекеттер алгоритмі бекітілген. Азаматтарды әділеттілік пен парасаттылыққа баулу мақсатында қала аумағындағы көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттеріне «Жемқорлық – қоғам дерті» мұралдары салынды.
2020 жылы 5 азамат сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылық жасаған (2019 жылы 16 азамат сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған).
Сонымен қатар, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында 2020 жылы қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл департаментінің қолдауымен қала театрларында «Двойник» және «Қол» атты психологиялық қойылымдар көрсетілді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.