ҮШ АУЫСЫМДЫ МЕКТЕП МӘСЕЛЕСІ 2021-2022 ОҚУ ЖЫЛЫНДА ШЕШІЛЕДІ Избранное

Пятница, 05 Февраль 2021 05:36 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2872 раз

Бұл туралы Қаратау ауданының әкімі Абзал Әліқұлов аудан көлемінде 2020 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебінде мәлімдеді. Есепті жиын биыл карантин шараларына байланысты онлайн өтті.

58

 

Жалпы, 2020 жылы Қаратау ауданындағы Шымсити тұрғын алабы, Асар-2 шағынауданында 1 200 орынды мектеп пайдалануға берілген.
– Ал 2021 жылы Тұран шағынауданында 1 200 орынды, Сайрам тұрғын алабында 300 орынды мектеп құрылыстары қолға алынып, пайдалануға беру жоспарлануда. Нәтижесінде ауданымызда 3 ауысымды оқыту мәселесі кезеңімен өз шешімін табатын болады, - деді аудан әкімі.
Жалпы Қаратау ауданы бойынша 3 ауысымдағы 4 мектеп бар. №80 және №72 мектептерге 300 орынды қосымша құрылыс салу үшін ЖСҚ дайындалды. №80 мектептен Нұрсәт шағынауданында орналасқан «Мың бала» мектебіне - 800 оқушы, «Әл-Фараби академиялық» мектебіне 1127 оқушы қабылданды. Қалған 669 оқушы Нұрсәт тұрғын алабындағы №130, 132 мектептерге ауысты. Ал 850 орынды №58 мектепте 2292 оқушы бар. Оның 300-ден астамы Тұран шағынауданынан тасымалдау арқылы білім алуда.
– 2021 жылдың алғашқы жарты жылдығында 1200 орынды мектеп құрылысын аяқтау жоспарлануда және Алматы көшесінің бойында жекеменшік 300 орынды мектептің құрылысы аяқталуына орай 3 ауысымды мәселе өз шешімін табады, - деді Абзал Шымкентбайұлы.
№115 мектептегі 3 ауысымды білім алу мәселесін шешу бойынша 1200 орынды мектеп құрылысы үшін 2,7 га жер телімінің құжаттарын рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде.
Бұған қоса аудан аумағында 2020-2025 жылдары аралығында 34 мектеп, 3 өнер мектебі және 5 мектепке қосымша құрылыс салу жоспарлануда.
Есепті баяндамадан соң аудан әкімі тұрғындар әлеуметтік желі арқылы қойған сұрақтарға жауап берді.

Нұрлан БЕКТАЕВ

Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің филология факультетін 2005 жылы тәмамдаған. Журналистика саласында 2006 жылдан бері еңбек етіп келеді. 2006-2017 жж аралығында "Отырар-TV" медиахолдингінде жұмыс істеген. 2017 жылдың қараша айынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі. 2018 жылдың наурыз айы мен 2019 жылдың тамыз айлары аралығында газеттің бас редакторының орынбасары қызметін атқарды.