Ашық аспан астындағы жиында қала әкімі құттықтау сөз сөйлеп, балалармен еркін форматта сұхбаттасты. Оқушылар қалада өткен жастар лигасынан бастап болашақ мамандық таңдау, әкімнің жастарға кеңесі, өмірлік ұстанымы секілді тақырыптарда өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, жауап алды.
Қала әкімі жас өрендерге артылар сенімнің зор екенін айтып, елімізде оқушылардың сапалы білім алуына бар жағдай жасалғанын жеткізді.
Айта кетейік, Шымкентте тәуелсіздік жылдарына дейін 51 балабақша, 68 орта мектеп болса, қазіргі таңда балабақша саны – 526, мектеп саны 186-ға жетті. Отыз жылда 68 мыңнан астам орынды 98 заманауи үлгідегі білім ошағы салынып, 85%-ы күрделі жөнделді, үш ауысымды, апатты мектептердің өзекті мәселелері оң шешімін табуда. Осы жылдары дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын мектептер, Назарбаев Зияткерлік мектептер желісі құрылды.