УАҚЫТПЕН САНАСПАЙТЫН МАМАНДЫҚ Избранное

Среда, 30 Июнь 2021 04:18 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1899 раз

қала әкімі БАҚ өкілдерін құттықтады

28 маусым – бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің мерекесіне орай Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов бірқатар журналистерді марапаттады.

334

 

- Ақпарат саласы – қоғамдық пікір қалыптастырушы ғана емес, қоғамдық сананы қалыптастырушы сала. Сіздер ұлт мүддесін бәрінен биік қойып, ел қамы үшін қасиетті қалам сертін адал атқарып келесіздер. Мемлекет пен қоғамның арасына алтын көпір болып, қашан да қайнаған тіршілік ортасынан табыласыздар. Пандемия жағдайында да төнген қауіпті елемей, халыққа шұғыл ақпарат таратып, аянбай еңбек еттіңіздер. Жақсылықтың жаршысы болып, ұлтқа қызмет етудің ғажап үлгісін көрсете беріңіздер! - деді қала әкімі.
Айта кету керек бүгінгі таңда Шымкент қаласында 176 бұқаралық ақпарат құралы тіркелген. Оның ішінде – 123-і мерзімді баспасөз басылымы, 106 газет, 17 журнал, 4 телеарна, 2 радио және 47 ақпараттық портал. Аталған БАҚ-тың 95-і (58% ) мемлекеттік тілде, 28-і екі тілде, 52-і орыс тілінде, 1-уі өзбек тілінде шығады.
–Өзге өңірдегілер бізге қызыға қарайды. «Шымкентте бұқаралық ақпарат құралы көп. Жұмыс істеу қиын шығар» дегенді айтады әріптестерім. Керісінше, БАҚ-тың көптігінің пайдасыда бар. Билік пен бұқара арасындағы дәнекер болған еңбектеріңіздің жемісі – атқарылып жатқан жұмыстардың халыққа дер кезінде жетуіне ықпалы зор, – деді қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы.
Мерекелік жиында журналистер атынан сөз алған Қазақстанның Құрметті журналисі Байдулла Қонысбек Шымкент қаласының соңғы кездері көркейіп, түрлі салада даму көкжиегіне қол артқанын күнделікті тіршілікте көріп жүргенін атап өтті. Журналистерге көрсетіліп отырған бүгінгідей құрмет үшін қала әкіміне алғысын білдірді.
Салтанатты жағдайда өткен мерекелік шарада қаланың қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени өміріндегі жаңалықтарды, игі істерді насихаттау мен айшықты ақпараттарды халыққа жеткізу ісінде белсенді болған қалам иелері арнайы марапаттауларға ие болды.
Атап айтқанда өңір журналистерінің ұстазы, ардагер журналист Байдулла Қонысбекке Қазақстан Республикасының «Еңбек ардагері» медалі табыс етілді. Дәл осындай марапатқа «Шымкент келбеті» газеті бас редакторының орынбасары болған, бүгінде зейнеткер Асхан Майлыбаева да ие болды.
Ал, белгілі ардагер Бекзаттар Дінәсіловке «Қазақстанның Құрметті журналисі» атағы берілді.
Қазақстан Республикасының «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі Жамиля Мамырәлі, «Заңнама» газетінің бас редакторы Айгүл
Мамыт, «Панорама Шымкента» газетінің тілшісі Наталья
Хайкина, «Айғақ» телеарнасының бөлім редакторы Бағлан Байкөбекқызы, «Отырар» телеарнасының тілшісі Шуддин Саидов, «Оңтүстік» телеарнасының редакторы Гулжаухар
Ергешбаева, «Еркін-Ой» газетінің редакторы Балтабек Түйетаев марапатталды.
«Үздік номинациялар - 2021» байқауының жеңімпаздары «Ернұр-пресс» ақпараттық порталы («Үздік ақпараттық портал» номинациясы), «Уақыт» газеті («Үздік мерзімді басылым» номинациясы), Азат
Дидарбек («Сайыпқыран»номинациясы), Серік Қосаев («Үздік фото тілші» номинациясы), Ербек Бакиев, Мәдина
Ермаханова (Бейсен Құранбек атындағы «Үздік әлеуметтік зерттеу» номинациясы), Малика Абдалиева (Жұмамұрат Тұяқбай атындағы «Алтын көпір» номинациясы), «Қызмет» газеті (Кеңес Исмаилов атындағы «Менің қалам!» номинациясы), «Айғақ» телеарнасы (Алексей Гончаров атындағы «Өңір келбеті» номинациясы), «Nar Tv» телеарнасы («Рух сақшысы» номинациясы), Ақжібек Қапалбаева («Үздік баспасөз хатшысы» номинациясы), «Отырар» телеарнасы («Ел сөзі» номинациясы), Анаргүл Сүлеева (Анар Аспан атындағы «Игілік» номинациясы) ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Қызығы мен қиындығы қатар жүретін, шынайы ақпарат таратуда уақытпен санаспайтын журналистердің еңбегі еленген күн болды.
Марапатқа ие болған барша әріптесімізді құттықтаймыз!

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.