Қаланы көріктендіру – күн тәртібінде Избранное

Среда, 30 Июнь 2021 04:28 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 691 раз

Қала әкімі Мұрат Әйтенов қаланы көріктендіру және күтіп-ұстау жұмыстарының барысымен танысты. Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының және аудан әкімдерінің атқарылған жұмыстары баяндалды.

338

 

Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасына қарасты бүгінде 8 саябақ, 39 гүлзар мен аллея, 50 ескерткіш бар. 8 саябақ, 39 гүлзарды күтіп-ұстау жұмыстарына жауапты мердігер мекеме - «Build Stroy» ЖШС. Ал 50 ескерткішті күтіп-ұстау – мердігер мекеме «МраморГранитТас» ЖШС-на жүктелген. 37 субұрқақ және 44 ұңғыманы күтіп-ұстау жұмыстарын мердігер мекеме «Primer Stroi» ЖШС атқаруда. Қазіргі таңда жалпы 3 мекенжайдағы субұрқақтар, яғни, Арбат саябағындағы 7 субұрқақ, Асар шағынауданында 1 субұрқақ, әуежай маңында 2 субұрқақ су айдағыш құрылғыларының (насос) болмауына байланысты жұмыс істемей тұр.
Аталған жауапты мердігер мекемелер 8 саябақ пен 39 гүлзардың аумағында санитарлық-тазалық жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді. Сонымен бірге, күнделікті күл-қоқыстан, қураған ағаштардан, шөптерден тазарту, тарихи-мәдени ескерткіштер аумағын сүртіп-тазалау, сынған мрамор тастарын қалпына келтіру жұмыстарын атқаруда.
Айта кетейік, басқарма теңгеріміне Самал және
Қасірет шатқалы да кіреді. Екі шатқалдың электр жарығы осы жылдың маусым айының басында қайта қосылды. Қала әкімі шаhарда көгалдандыру, күтіп-ұстау жұмыстарын жүйелеу қажеттігін, бұл бағыттағы жұмыстарды рет-ретімен жоспарлы түрде атқару керектігін атап өтті. Аудан әкімдіктері әрбір шаршы метр аумақтың күтіміне жауапты екенін алға тартты.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.