ТӘУЕЛСІЗДІК – БІРЛІК ПЕН ТҰРАҚТЫЛЫҚ ТҰҒЫРЫ Избранное

Среда, 30 Июнь 2021 04:29 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 653 раз

Ассамблея мүшелері Үндеу қабылдады

Шымкент қаласының әкімі, қалалық Ассамблеяның төрағасы Мұрат Әйтеновтің қатысуымен «Тәуелсіздік – бірлік пен тұрақтылық тұғыры» деген тақырыппен қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының ІІ сессиясы өтті. Онда Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІХ сессиясында сөз сөйлеген Елбасы ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың тапсырмаларын қала аумағында іске асыру мәселелері талқыланды.

343

 

Сессия жұмысы барысында қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан «Тәуелсіздік табыстары. Береке басы – бірлік» тақырыбында баяндама жасады.
Шыңғыс Жұмабекұлы Тәуелсіздікті тұғырлы еткен жетістікттерді атап өтті.
Сессия барысында бірнеше азамат жарыссөзге шығып, Тәуелсіздік пен тұрақтылық жайында ой толғады. Олардың арасында Шымкент қаласы №88 жалпы орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Т.Пак, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, таэквондодан Қазақстанның 11 дүркін чемпионы, Азия чемпионы Ф.Ергешова, Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы инфекциялық госпиталінің жетекшісі М.Ибишев, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің 2 курс студенті К.Бойко, Шымкент қалалық №89 ІТ мектеп-лицейінің директоры, Өзбекстаннан келген қандас Қ.Атабаев, «SilkWay» халықаралық университетінің 3 курс студенті Х.Абдухамитова және М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті «Қазақстан тарихы» кафедрасының оқытушысы, Шымкент қалалық күрді этномәдени бірлестігінің төрағасы А.Жалилов бар.
Сессия жұмысының қорытындысында қатысушылар тарапынан қала тұрғындарына арнап Үндеу қабылданды.

340

 

– 2021 жылғы 28 сәуірде Елбасы төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІХ сессиясы өтіп, Ассамблеяның алдағы жұмыс стратегиясы ретінде бес қағидат айқындалды. Олар мемлекет пен халық арасындағы сенімге және өзара іс-әрекетке негізделген қазақстандық патриотизм, азаматтардың құқықтарының теңдігі, мемлекеттік тіл – қазақ тілінің біріктіруші рөлі, мәдениеттер алуандығымен сабақтасатын «Алуан түрліліктің бірлігін» нығайту және ұлттың үздіксіз жаңғыруы. Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері осы қағидаттар шеңберінде алдағы жұмыс бағыттарын айқындап, ел Тәуелсіздігін одан әрі нығайтуға өз үлестерін қосуы тиіс, -деді қала әкімі.
Айта кету керек, бүгінде Шымкент қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанында 17 этномәдени бірлестік қызмет атқарса, қосымша 14 ақсақалдар алқасы, 12 аналар мен іскер әйелдер бірлестігі, 9 жастар қанаты, 8 жексенбілік мектеп жұмыс істейді.
Сонымен бірге қалалық ассамблеяның қоғамдық құрылымдары санатында Қоғамдық келісім кеңестері, Аналар кеңестері, ғылыми-сарапшылық топ, медиация кеңесі, журналистер мен блогерлер клубы, жастар қозғалысы қызмет атқарады.
Сессия соңында Мұрат Дүйсенбекұлы Ассамблея мүшелеріне бірқатар тапсырма жүктеді.