ТӘУЛІК БОЙЫ ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН ОРТАЛЫҚ Избранное

Пятница, 09 Июль 2021 05:01 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1460 раз

Шымкент қаласында Елорда күні мерекесіне орай медициналық мекемелердің ашылу салтанаты өтті. Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, қала әкімі аппаратының басшысы Ғабит Мәуленқұлов, қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов тәулік бойы жұмыс істейтін «Ер ана» және «Виктория» оңалту орталығының ашылуына қатысты.

415

 

Ауруханадан шыққан науқастар енді бірден оңалту емін қабылдай алады. Қала әкімінің бірінші орынбасары оңалту орталығының қала тұрғындары үшін маңызы зор екенін атап өтті.
Жаңадан ашылған емдеу мекемесі 120 орынға лайықталған. Мұндағы қызметтің барлық түрі тегін көрсетіледі.
Нақты айтқанда орталықта неврологиялық, нейрохирургиялық, ортопедиялық, травматологиялық бейінді және күндізгі стационарда 18 жастан асқан науқастарды қалпына келтіру және медициналық оңалту емдері жүргізіледі. Бұл орталықтың ерекшілігі, ауруханадан шығарылған науқастардың кедергісіз ем қабылдау мүмкіндігі бар.
Орталықтағы медициналық көмек міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті шеңберінде тегін көрсетілетін болады. Сондай-ақ, мұнда медицина қызметкерлері үшін 120 жұмыс орны ашылды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.