«ШЫМКЕНТ ӨНІМДЕРІ» ҰСЫНАДЫ Избранное

Среда, 17 Ноябрь 2021 03:25 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1020 раз

Шымкентте 17-19 қараша күндері «Көрме» орталығында «ШЫМКЕНТ ӨНІМДЕРІ» көрмесі өтеді.

376

 

Көрменің басты мақсаты – өткізу нарықтарын кеңейту мақсатында қала тұрғындарына, ұйымдар мен мекемелерге жергілікті тауар өндірушілердің өнімдерін кеңінен таныстыру.
Іскерлік байланыстарды орнату үшін әлеуетті тұтынушылар шақырылды: мердігерлер және жобалық ұйымдары, қонақ үй және мейрамхана бизнесінің өкілдері, сауда және дистрибьюторлық компаниялар, жергілікті атқарушы органдар және ведомстволық бағынысты ұйымдар.
Экспозицияда тамақ, жеңіл, машина жасау, фармацевтика, химия, жиһаз өнеркәсібі және құрылыс материалдарын шығаратын 90-нан астам кәсіпорын өнімдері ұсынылады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.