ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ІС-ШАРАЛАР АТҚАРЫЛДЫ Избранное

Среда, 17 Ноябрь 2021 03:26 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1012 раз

Шымкентте эпизотияға қарсы жұмыстар қолға алынуда. Қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының дерегінше, жануарлар мен адамға ортақ аса қауіпті 29 түрлі ауруға қарсы диагностикалық зерттеулер мен 14 түрлі жұқпалы ауруға қарсы профилактикалық егу жұмыстары жүргізілуде. Бұл іс-шаралар ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті бекіткен жоспарға сәйкес атқарылуда.

375

 

Профилактикалық іс-шаралар бойынша: құтыруға қарсы 75 бас ірі қара мал, 3 402 бас ит, аусылға қарсы 5 930 бас ірі қара мал, 6 825 бас ұсақ мал, сібір жарасына қарсы 3 079 бас ірі қара, лептесперозға қарсы 225 бас ірі қара мал, эхинококозға қарсы 12 700 бас етқоректілер, оспаға қарсы 7 325 бас ұсақ мал, бродзот – 2 516 бас ұсақ мал, құс тұмауына қарсы 8 674 бас үй құсына екпе салу жұмыстары жүргізілген.
Анықтама қан сынамасын алу (диагностикалық) іс-шаралар бойынша, бруцеллез: ірі қара мал – 17 062 бас, ұсақ мал – 20 732, түйе – 19, шошқа – 40, 11 бас жылқыдан қан сынамалары алынып, өңірлік ветеринариялық зертханаға жіберілді.
Сондай-ақ, бірдейлендіру жұмыстары бойынша жұмыс жоспарға сәйкес атқарылған. Жыл басынан бері 22 277 бас ІҚМ, 36 331 бас уақ мал, 128 бас шошқа және 1 311 бас жылқыдан алынған төлдер бірдейлендірілді.
Ал қаңғыбас ит-мысықтарды аулап жою бойынша тұрғындар тарапынан 67 өтініш түскен. Аулау бригадалары 726 бас қаңғыбас ит-мысықты аулап, Еңбекші ауданы Абдулла-Абад тұрғын алабында орналасқан уақытша ұстау орталығына жеткізді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.