– Шымкентті қайырымды қала деп тегін айтпайды. Осы атқа лайық болуды жастар іс жүзінде дәлелдеуге тырысады. Бұл жолы қаламызды таза ұстап, қоқыс тазалап жүрген аға-әпкелерімізге таңертең барып, ыстық кофе мен тәтті бәліштер үлестірдік. Мұндағы мақсат сол кісілердің көңілін көтеру болды. Мұндай акцияларға тек еріктілер емес, кез келген қала тұрғыны қатысып, қаланың тазалығын сақтап жүрген аға-әпкелерге алғыс айта аласыз. Себебі, туған қаламыздың тазалығы бәрімізге керек, – дейді
Нұрайым Шахимергенқызы.
Жастар бұл күні 50-ге жуық маманға таңғы ас үлестірген. Бұл акцияға «Айжамал тәттілері» дүкенінің жетекшілері демеушілік жасапты.
Сондай-ақ қаламыздағы ерікті жастардың қатарын кеңейту, қайырымдылық ең ізгі қасиет екендігін жастарымызға насихаттау болып табылады.
– Қаңтар айының басында болған жағдай барлығымыздың қабырғамызды қайыстырып кетті. Біз, жастар, үнсіз отырмай, елмен, халықпен бірге екенімізді көрсету мақсатында осындай шағын акция өткіздік. Жаппай тәртіпсіздіктің орнын тазалап жүрген кісілерге жылулық сыйлағымыз келді. Бұл олардың тамағы жоқ деген сөз емес, жастардың ілтипаты мен қолдауын білдіру. Қысы-жазы таңертеңнен кешке дейін қала тазалығына үлес қосып жүрген мамандарға біз де алғыс білдіргіміз келді, – дейді Шымкент қалалық еріктілер корпусының президенті
Жасмин Ашимова.