18 МЫҢ ЖАС ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛАДЫ Избранное

Среда, 16 Февраль 2022 04:02 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 883 раз

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының 2022 жылы атқарылатын жұмыстарының есебін тыңдады. Биыл қалада жастар үшін 8 көшпелі бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді. 2021 жылы 4 жәрмеңке ұйымдастырылып, жұмыссыз жастар бос жұмыс орындарына жолданған болатын.

271

 

Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы М.Шотанов қаладағы жұмыс істеуге және білім алуға қызығуы төмен жастар үшін мобильді топ құрылғанын айтты. Өткен жылы арнайы топ өкілдері елді мекендерді аралап, 10 мың жаспен кездессе, биыл 15 мың жасқа түсіндіру жұмысын жүргізу жоспарланған.
Сонымен қатар, осы жылы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасымен бірлесе 18 мың жасты жұмыспен қамту көзделіп отыр.
«Жасыл ел» маусымдық еңбек жасақтары жобасымен биыл шілде-қыркүйек аралығында 1 313 жас уақытша жұмыспен қамтылады. Айта кетсек, 2021 жылы осы жобамен 1 213 жас жұмысқа бағытталған.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.