КӨШПЕЛІ ҚОЙЫЛЫМДАР ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ТАПСЫРДЫ Избранное

Среда, 16 Февраль 2022 04:03 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 754 раз

Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы басшысының орынбасары Мөлдір Кеуенова 2022 жылы атқарылатын жұмыстар мен қол жеткізу индикаторлары бойынша қала әкіміне есеп берді.

270

 

Ол өз баяндамасында биылғы жылы кітапханаға келуші оқырмандар санын 282 762 адамға ұлғайту жоспарланғанын айтып, осы индикаторға қол жеткізу бойынша атқарылатын жұмыстарға тоқталды.
–Өткен жылы 10 кітапхана модернизациядан өтті. Биыл 3 кітапхананы өткізу жоспарлануда. Барлық кітапханалар жоғары жылдамдықтағы ғаламтор желісіне қосылады. Кітап қорын цифрландыру жұмысы жалғаспақ. Сонымен қатар, Әл-Фараби кітапханасына Әл-Фарабидің еңбектерінің, трактаттарының, ноталарының көшірмелерін алу мәселесі қолға алынды. Кітапхана қызметкерлерін әлемдегі Әл-Фараби орталықтары орналасқан елдерге тәжірибе алмасуға жіберу бойынша жұмыстар атқарылатын болады», - деп атап өтті басқарма басшысының орынбасары.
Одан бөлек, қала басшысы әрбір елді мекендерге көшпелі қойылымдар ұйымдастыруды тапсырды. Ұлттық идеологиямен сабақтасқан қойылымдардың көркемдік деңгейі мен сапасына көңіл бөле отырып, қала тарихы тақырыбына сай жаңа ұсыныстар керектігін айтып өтті.
Жиын соңында қала әкімі мәдени нысандарға кіріп-шығу тәртібін автоматтандыруды және оның орындалу барысын жіті қадағалауды жүктеді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.