СОҢҒЫ НАУҚАС САУЫҚТЫ Избранное

Пятница, 04 Март 2022 03:56 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 951 раз

Коронавирус індетін жеңіп шыққан 70 жастағы қарияны инфекциялық стационардағы дәрігерлер ерекше қошеметпен үйіне шығарып салды. Бисенбек Өсербаев орталықта ем алып шыққан соңғы науқас.

416

 

Егде жастағы қарт кісінің қауіпті инфекцияны жеңіп шығуы дәрігерлер үшін жетістік, қауіпті инфекцияны жеңуде жемісті жеңіс.
Айта кетейік, қаладағы эпидахуал ушыққанда Ақжайық шағынауданында модульді жұқпалы аурулар госпиталі ашылған болатын. Емдеу мекемесінде дәрігерлер коронавирусқа шалдыққан ауыр жағдайдағы науқастарды қабылдап, күшейтілген режимде жұмыс істеді.
200 орынға лайықталған стационар 2020 жылдың 10-маусым күні ашылып, 2022 жылдың 28-ақпан күні соңғы науқасты үйіне шығарды. Орталықта соңғы екі жылда ішінде он мыңға жуық науқас ем алып шыққан.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.