Мейірімділік жүректен Избранное

Пятница, 04 Март 2022 03:55 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 963 раз

Шымкенттегі «Мейірбан» қоғамдық бірлестігі көпбалалы аналарға азық-түлік үлестірді. Онда кәсіпкерлердің демеушілігімен Қазығұрт шағынауданының жиырмаға жуық отбасы қамтылды.

412

 

– Әлеуметтік аз қамтылған және көп балалы отбасыларға мемлекет тарапынан арнайы төлемақы беріледі. Дегенмен, біздің қор ерекше отбасыларға қол ұшын созу – азаматтық борыш деп есептейді. Қор жасақтаған арнайы тізім бойынша айрықша отбасылардың материалдық қажеттіліктерін толықтырып отырамыз, - деді «Мейірбан» қоғамдық қорының басшысы Сәуле
Бердіқожақызы.
Қайырымдылық шарасынан кейін қор өкілдері аталған шағын ауданының ардагер қарияларына дастархан жайып, елден бата алды. Сондай-ақ, Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында көпбалалы аналарға арнайы сыйлықтар табыстады.
Кездесу аясында Абай аудандық ардагерлер кеңесі жанынан құрылған «Асыл әжелер» тобы әннен шашу шашты.
Айта кетейік, қор жетекшісі Сәуле Бердіқожақызы «Асыл әжелер» тобының мүшесі. Наурыз мейрамына қарсы Шымкенттік әжелеріміз Түркияда ұйымдастырылып жатқан сайыста Шымкент қаласының атынан бақ сынамақ.

Ақбөпе ЕРГЕШ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.