Әлемдегі мейірімділік пен шапағат ана жүрегінен тарайды Избранное

Пятница, 04 Март 2022 03:58 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1408 раз

Құрметті ақ жаулықты әжелер, ардақты аналар, аяулы арулар!

418

 

Баршаңызды шуақты көктемнің ізгілікті мерекесі – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз!

Әлемдегі мейірімділік пен шапағат Ана жүрегінен тарап, адамзатты сүйіспеншілікке бөлейді. Өмір шырақшысы болған Ана – әрбір отбасын бақытқа жетелейтін аяулы жан.
Шымкентте бүгінде 2299 ана «Алтын алқа» иегері атанса, 7515 ана «Күміс алқа» белгісімен марапатталған. Сіздермен әрбір шаңырақ таусылмас шаттықтың мекеніне айналды, перзенттеріміз тәлімді тәрбие алуда.
Қазақстан әйелдері халқымызға тән инабаттылық қасиетін жоғалтпай, қоғамдық қатынастың барлық саласында игі істердің ұйытқысы болуда.
Қаламыздың белсенді азаматшалары ретінде ұлттық тәлім-тәрбиені ілгерілету, мәдени құндылықтарды жаңғырту, ел бірлігін арттыру, қайырымды жандар шоғырын қалыптастыру, талапты жастарға қамқор болу сынды батыл бастамаларды іске асыруға қосып отырған өлшеусіз үлестеріңізге шынайы ризашылығымызды білдіреміз.
Сіздер ұйытқы болған баянды бастамалар ұлт тағдырымен үндесіп, еліміздің жарқын болашағының іргесін бекемдеуге қызмет етеді деп анық айта аламыз. Ел тағдырына алаңдаушылық білдірген ақыл-парасаттарыңыз, ерік-жігерлеріңіз бен жасампаз істеріңіз барлық қиындықтарды еңсеріп, сын-қатерлерге төтеп беруімізге септігін тигізеді деген сенімдеміз.

Қадірлі ханымдар!

Төл мереке қарсаңында Сіздерге деген шексіз құрметімді жеткізе отырып, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілейміз!

Мұрат ӘЙТЕНОВ,
Шымкент қаласының әкімі

Бахадыр НАРЫМБЕТОВ,
Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.