Мерекелік жиынға бөлімнің әйелдер құрамымен қоса, ардагерлер, қоғамдық бірлестік ұйымдары, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен әскери қызметшілердің отбасы мүшелері қатысты.
Салтанатты кеште марапаттау бұйрығы жеткізіліп, соңы концерттік бағдарламаға ұласты. Айта кетерлігі, іс-шара барысында 60 қоғамдық бірлестік ұйымдарының мүшелері Оңтүстік өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы, бөлім командирінің бұйрығымен, 40-тан астам әскери қызметшілері мен ардагерлері "Офицердің жұбайы", " Отан қорғаушысының анасы", "Ұлттық Ұлан қызметінің үздігі" төс белгілерімен марапатталды.
6506 әскери бөлімінің баспасөз қызметі.