Тарихтан тағылым, өткенге тағзым Избранное

Пятница, 18 Март 2022 04:27 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1254 раз

Шымкентте Ұлыстың ұлы күні қарсаңындағы мерекелік іс-шаралар Шежіре күнімен жалғасты. Shymqala кешенінде «Жеті атаның тарихы» атты мерекелік іс-шара өтті.

725

 

Тарихи-мәдени кешен аумағында түнгі базар ұйымдастырылып, көрермендер мен қала тұрғындары шахристан, хауыз, Жібек жолы керуені және цитадель музейіне саяхат жасады, бабалар бейнесіндегі кейіпкерлермен танысты. Ежелгі Жібек жолы бойындағы сауда-саттық көрінісін тамашалап, «Тарихтан тағылым, өткенге тағзым» атты көрмені аралады.
– Іс-шараны өткізудегі мақсатымыз – Шымкент қаласының көне тарихынан сыр шертетін орта ғасырлық жәдігерлерді көпшілікке таныстыру. Қала қонақтары мен тұрғындарына, студенттерге, мектеп оқушыларына бабалар тарихы мен даналық сөздерді, ұлттық құндылықтарымыз бен шежіре тарихын насихаттау, – деді Shymqala тарихи-мәдени кешенінің директоры Биболат Атеев.
Кеште «Туған өлкем – жұмақ мекен» тақырыбымен мерекелік концерт ұйымдастырылып, жергілікті өнер ұйымдарының әншілері мен бишілері өз өнерлерін паш етті. Келушілерге ерекше көңіл-күй сыйлау үшін замануи «Fire show» көрсетілімі де ұйымдастырылды.

Нұрлан БЕКТАЕВ

Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің филология факультетін 2005 жылы тәмамдаған. Журналистика саласында 2006 жылдан бері еңбек етіп келеді. 2006-2017 жж аралығында "Отырар-TV" медиахолдингінде жұмыс істеген. 2017 жылдың қараша айынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі. 2018 жылдың наурыз айы мен 2019 жылдың тамыз айлары аралығында газеттің бас редакторының орынбасары қызметін атқарды.