ЕКПЕ ЕГУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

Среда, 21 Сентябрь 2022 04:55

Тұрғындарға вакцина салу жұмысы тіркелген мекенжайы бойынша алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарында жүргізіледі. Осы мақсатта қалада жергілікті бюджет есебінен «Гриппол +» вакцинасының 134 580 дозасы сатып алынған. Қазіргі уақытта вакцина қаладағы емханаларға таратылып отыр. Денсаулық сақтау басқармасының өкілі Инна Глазебная вакцина бірінші кезекте қай санаттағы тұрғындарға салатынын атап өтті.

208

ЗАҢ – БАРШАҒА ОРТАҚ

Пятница, 16 Сентябрь 2022 05:55

Шымкент қаласы Төлеметов көшесінде орналасқан заңсыз жұмыс істеп келген ағаш базарының кәсіпкерлеріне кезекті рет түсіндірме жұмысын жүргізілді. Абай ауданы әкімі Бұхарбай Пармановтың сөзінше, мұндағы 86 соттық жер телімі қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы тарапынан сауда орталығын салуға рұқсат беріліп, эскиздік жобасы келісілген. Алайда қазір осы нысанда кей тұрғындар заңсыз ағаш саудасымен айналысып, жергілікті тұрғындарға кедергі келтіруде.

156

Шымкент қаласының шалғайда орналасқан шағынаудандарына соңғы жылдары инфрақұрылым тарту жұмысы қарқын алды. Тұрғындардың көптен бері көтеріп келген мәселелері әкімдіктен қолдау тауып, бұрынғы тұрғын алабтар қазір шағынаудан деңгейіне жетті. Кезекті сапарымыз Құрсай шағынауданына жалғасты.

148

Халықтың ұсынысымен 28 алаңша салынды

Пятница, 16 Сентябрь 2022 05:49

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев Сәуле шағынауданын аралап, жаңақұрылыс аймағындағы 195, 275 және 276 орам тұрғындарымен кездесті. Кездесуде алдымен аудан әкімі инжинерлік-инфрақұрылыммен қамту барысын баяндады.

149

ЕМХАНАҒА ТІРКЕЛУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

Пятница, 16 Сентябрь 2022 05:33

Қыркүйектің 15-нен бастап елімізде емханаға тіркелу науқаны басталады. Екі айға созылатын дәстүрлі науқан қарашаның 15-не аяқталады. Ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Шымкент қалалық филиалының директоры Сәбит ҚҰРАЛБЕК емханаларға тіркелу, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі өзгерістер жайында маңызды сұрақтарға жауап берді.

135

ҚҰҚЫҒЫҢДЫ БІЛ, ТҰТЫНУШЫ

Пятница, 16 Сентябрь 2022 05:31

Көп жағдайда тұтынушылардың құқығы заңды білмегеннен аяқасты болып жатады. Ал мұндай жағдайда тұтынушылардың құқығын қорғайтын арнайы ұйым барын ескерген жөн. Бүгінде аталған ұйым тұтынушылардың құқығын қорғау үшін заңнамаларды жетілдіру үстінде. Бұл туралы баспасөз брифингінде Шымкент қаласының тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары Бақытжан САЛХОЖАЕВ баяндады.

143

Салауатты отбасы – салауатты қоғам

Пятница, 16 Сентябрь 2022 05:14

Шымкентте Отбасы күніне орай «Салауатты отбасы – салауатты қоғам» атты отбасылық спорт жарысы өтті. Салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған «FITNESS PARK KZ» жобасына Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы қолдау көрсетті.

130

Ынтымақтағы игі істер

Пятница, 09 Сентябрь 2022 07:46

yntymak

Шымкенттегі Абай ауданы – халқы ең тығыз орналасқан аудан. Түркістан облысынан Шымкент қаласындағы Абай ауданының аумағына 37 мыңнан астам халқы бар 10 елді мекен қосылған болатын. 300 мыңнан астам халқы бар ауданда бүгінде 34 елді мекен бар. Газетіміздің бүгінгі санында Абай ауданына қарасты Ынтымақ-2 шағынауданы туралы айтамыз.

Ынтымақ-2 шағынауданында 11 мыңға жуық тұрғын қоныстанған. Қазіргі таңда елді мекен инфрақұрылыммен қамту үшін екі аумаққа бөлінген. Шағынаудан орталығына мемлекеттік жүйедегі электр қуаты, ауыз су және табиғи газ толық жеткізілді. Ал батыс бөлігін инфрақұрылыммен қамту мақсатында құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

– Ынтымақ-2 шағынауданында жалпы 4 760 тұрғын үй бар. Орталығында – 2 800, ал Батыс бөлігінде 2 071 үй орналасқан. Осы батыс бөлігіне электр желісін тарту үшін «Тұран Энерго» мердігер мекемесі тарапынан құрылыс басталды. Жұмыстың алғашқы кезеңінде бетон бағаналар орнатылып қойды. Жылдың соңына дейін пайдалануға берілуі тиіс болатын. Алайда, құрылыс жұмыстары соттың ұйғарымына байланысты уақытша тоқтатылды. Жалпы, аумақта 22 көше болса, оның 4-і асфальтталған. 15 жолға тас төселген, топырақ жол саны – 3. Көшелерді асфальттау 2023 жылдан бастап кезең-кезеңімен жүзеге асырылады, – дейді Абай ауданы әкімдігі қоғамның орта сапасын дамыту бөлімінің бас маманы Серікболсын Рамат.

Шағынаудан балалары 1 мектеп, 3 балабақшада білім алады. Батыс бөлігіне 900 орынды мектеп салу үшін 2,46 га жер телімінің құжаты рәсімделіп, қазір жобалық-сметалық құжаты әзірленуде. Сондай-ақ, елді мекенде өткен жылы 1 спорт алаңшасы ел иігілігіне берілген. Қазір мұнда балалар салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылданып жүр. Биыл «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында тағы 1 алаңша салыну жоспарланған, дейді жауаптылар.

Шымкент халқының саны жыл санап өсіп келеді. Соңғы статистикаға сүйенсек, шаһар халқы 1 млн 179 045 мыңға жетті. Мұндай өсім мегаполистің барлық маңызды саласындағы мәселелерді рет-ретімен шешуді талап етеді. Сондай кезек күттірмейтін мәселенің бірі – қала инфрақұрылымын жақсарту.

– Қаланың әр тұрғыны көрікті, абаттанған, инфрақұрылымы дамыған жайлы мекенде өмір сүргенді қалайды. Мұндай орта қалыптасуы үшін әуелі инжинерлік және коммуналды инфрақұрылымды дамыту басты рөл атқаратыны сөзсіз. Осы мәселелерді шешуде соңғы екі жылда ауқымды жұмыстар қолға алынды, – деп атап өтті Абай ауданының әкімі Бұхарбай Парманов.

– Шаһарда 2020 жылға дейін елді мекендерді дамытудың арнайы жобасы болған жоқ. Қала әкімі Мұрат Әйтенов аудан тұрғындарымен кездесуінде инфрақұрылым төңірегіндегі шағым көп болды. Қала басшысы осы мәселені шұғыл шешу үшін тапсырма беріп, қысқа мерзімде электр жарығы, ауыз су, табиғи газ және көлік инфрақұрылымын жүргізуде 461 млн теңгеге жобалық-сметалық құжат әзірленді. Міне, екі жылдың ішінде аудандағы шалғай елді мекендерде жобалық құжат жасалып, құрылыс қарқын алды, – деп атап өтті аудан әкімі.

Қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлының тапсырмасына сәйкес, Шымкенттің 2021-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының Жол картасы әзірленді. Онда 5 айқын бағыт нақтыланған. Соның бірі – қала маңындағы елді мекендерді инфрақұрылым жүйелерімен толық қамту. Аумағында қаншама жылдардан бері инфрақұрылымы өзекті болып келген Абай ауданының тұрғындарына жайлы орта қалыптастыратын жобалар жүзеге асырылып, қазіргі таңда абайлықтар инфрақұрылымның игілігін көре бастады. 2021 жылдың өзінде аудандағы 9 елді мекенге су құбыры тартылып, тіршілік нәрі халық игілігіне берілді. Таза ауыз суға қол жеткізген Ынтымақ-2 шағынауданының тұрғындарына бұл жаңалық көптен күткен қуаныш болды.

– Екі жылдан бері шағынауданда жол, жарық, газдандыру бойынша құрылыс жұмыстары қарқын алғаны ынтымақтықтарды қуантты. Бұрын ауыл белсендісі ретінде тұрғындардың мұқтажын жеткізу үшін бармаған жеріміз қалмайтын. Алайда, нәтижесін көрмейтін едік. 2020 жылдан бері қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы тұрғындармен жиі кездесіп, өтініштерімізді өзі тыңдады. Міне, өткен жылы су және газ құбыры тартылып, қазір абоненттеу жұмысы жүргізіліп жатыр. Қазір біздегі ең үлкен мәселе – электр жарығы. Жекеменшік трансформатор болғандықтан, тарифі де қымбат, бұдан бөлек, жауын-шашынды күндері электр желісі жиі сөніп, тұрғындарды әбігерге салатыны тағы бар. Енді электр желісі құрылысының ертерек аяқталуын күтіп жүрміз. Одан кейін тас төселген жолдар асфальтталса деген өтінішіміз бар, – деді Ынтымақ-2 шағынауданы Батыс бөлігінің ауыл биі Әшірімбет Балғабайұлы.

Абай ауданына қарасты елді мекендердің тұрғындарын екі жылдан бері электр жарығы, ауыз су және табиғи газбен қамту жұмыстарына бойынша бүгінде мұндағы 34 елді мекеннің 33-і сапалы ауыз сумен қамтылып, көрсеткіш 97 пайызды құрап отыр. 2020 жылы ауыз су бойынша 1,9 млрд теңгеге 9 жобаның құрылысы жүргізілсе, 2021 жылы 6,9 млрд теңге қаралып, 9 елді мекенге ауыз су берілді. Биыл 5,2 млрд теңгеге Құрсай және Арғымақ шағынаудандарында құрылыс жүруде. Жыл соңына дейін аталған екі елді мекен халқы таза ауыз суға қол жеткізеді. Мамандардың мәліметінше, ауданда 3 елді мекен жекеменшік жарығын қолданады. 2021 жылы 5 елді мекенді электр жарығымен қамтамасыз етуде бюджеттен 5,2 млрд теңге бөлініп, құрылыс басталып кетті. Биыл жеке желіден электр қуатын алып отырған 3 елді мекенде құрылыс аяқталса, жыл соңына дейін Абай ауданы электр жарығымен 100 пайыз қамтылады.

Сонымен қатар, қазір ауданда 10 елді мекен қатты отынды пайдаланып отыр. 2022 жылы 7 елді мекенді табиғи газбен қамтуға бюджеттен 5,3 млрд теңге қаралып, қазір құрылыс жалғасып жатыр. Жуық арада аталған жеті аймақ тұрғындары көгілдір отынның игілігін көреді.

Страница 16 из 24