Шынайы патриотизм – тәрбие арқауы

Пятница, 01 Февраль 2019 04:48

Батырлық пен әділдік, еңбексүйгіштік, туған жерге адал қызмет етуді кеңінен насихаттап келген «Ерлік» мұражайы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында « Ата-бабалар аманаты – елдік пен ерлік, бірлік пен ынтымақ» жобасы бойынша генерал- майор Жеңісбай Сұлтановпен сырласу кешін өткізді.

Ерлік мұражайындағы кездесу

Айтулы іс-шараға Аудан соғысының ардагерлері мен Б.Момышұлы атындағы оқу орталығының тындаушылары қатысты.
Сұлтанов Жеңісбай Әбдікерімұлы 1945 жылдың 20 қарашасында қазіргі Түркістан облысы Түлкібас ауданында дүниеге келген. Бүгінде Шымкент қаласы мен Түлкібас ауданының Құрметті азаматы атанған кеш кейіпкері ұзақ жылдар бойы облыстық және Шымкент қалалық ішкі істер органдарында басшылық қызметін атқарған.
Басқосуда ел ағалары Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы әрбір міндеттер мен бағдарламаларды талқылап, тыңдаушы сарбаздардың жігерін оятты.

– Отбасы – бір мемлекет, ал сол мемлекеттің егесі – ер, шегесі – әйел. Бүгінгі жастарға кеңесім, адам екі нәрседе қателеспеуі керек. Біріншісі – мамандық таңдау болса, екіншісі – жар таңдау. Жаныма жақын және ұстанымыма сәйкес келетін мамандық таңдадым, жетістікке жету жолында маған үнемі мейрімімен қуат беретін адал жарға кезіктім, – дейді ардагер Жеңісбай Сұлтанов.
Кеш барысында Жеңісбай Әбдікерімұлының өнегелі өмірі жайлы әңгімелер айтылып, жас ұрпаққа жасаған ерлігі насихатталды. Кездесу соңы сұрақ-жауапқа ұласты.

Білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлықты жою және бас тарту ортасын қалыптастыру мақсатында Жоғары аграрлы колледжде «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесі ашылды.

Без имени-1

Іс-шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-іс қимыл Агенттігінің «Саналы ұрпақ» республикалық жобалық кеңсесінің басшысыҚ.Тоқашев қатысты. Өңірімізде жастар үшін осындай фронт-кеңсенің ашылуына осы агенттік жетекшілері ұйытқы болып отыр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттармен бірге колледжде жастар мәселесімен айналысатын арнайы психологтар да жұмыс істейді.

–Білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлықты жою – бүгінгі басты мақсаттарымыздың бірі. Бұл тұрғыда агенттік барлық оқу орындарымен бірлесіп, тығыз жұмыстар жүргізуде. Соның бір айғағы - «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесі.Бұдан кейін де жобаны жүзеге асыруда балабақшалар мен мектептерді де қамтуды жоспарлап отырмыз, - деді Қ.Тоқышев.
Жоғары аграрлы колледжде бұған дейін жастарды адалдыққа үндейтін жобалардыңбірі ретінде «Адалдық дүкені» ашылған болатын.

Шымкент қалалық №1 клиникалық ауруханасында белгілі журналист, ақын, ел арасында «Хан апа» деп аталып кеткен Ханбибі Есенқареваның жыр кеші өтті. Рухани басқосуда дәрігерлер ақынның туындыларымен танысып, өлеңдерінен үзінділер оқылды.

дәрігерлер мен ақын кездесуі фото1

Ерекше жиынның қонағы болған ҚР еңбек сіңірген қайраткері Хадиша Шалабаева, әнші, сазгер Құралай Сәмұхамбетова ақынның сөзіне жазылған әндерін орындап, дәрігерлердің қошеметіне бөленді. Ақ халаттылар үшін жан азығы болған кешті «Хан апаның» үзеңгілес замандасы, жазушы Мархабат Байғұт жүргізді.

Х.Есенқарақызының бірнеше өлеңдеріне арқау болған кейіпкерлері жөнінде сыр шертті. Шығармалары жөнінде айтып өтіп, бүгінде халық арасында кеңінен танылған «Нурикамал», «Алтын-ай», «Дос іздедім» әндерінің шығу тарихын баяндап берді.
– «Алтын-ай» әні қырғыз аруы Алтынай Сулаймановаға арналған. 1990 жылы Қырғызстанның Ош қаласында өткен халықаралық конферецияға қатыстым. Сол кезде Алтынаймен танысып, бірнеше күн жанында жүрдім. Оның жанының тазалығы мен елгезектігіне тәнті болып, елге оралғасын «Алтын-ай» өлеңін жаздым. Бұл өлеңге 5 сазгер ән жазды. Өзіме Құралай Сәтмұхамбетованың нұсқасы ұнады, - дейді ақын.

Сырласу жиыны барысында ақынның әндері шырқалып, кеш қонақтары дәрігерлердің сұрақтарына жауап берді. Х.Есенқарақызы шығармашылық жолында өзімен қатар келе жатқан М.Байғұтпен бірге өткен шақтағы қызықты оқиғаларды айтып, әдемі әзілдер көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Кеш ақын мен дәрігерлердің жан дүниесі үйлесім тапқан кеш болды. Өйткені олардың екеуі де адам жанының емшісі. Бірі сөзбен, бірі дәрімен емдейді.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Шымкенттегі «Ерлік» музейінің «Ата-бабалар аманаты – елдік пен ерлік, бірлік пен ынтымақ» жобасы бойынша айтулы кәсіпкер, меценат, өңірімізге белгілі энергетика маманы Пердебай Сабитовке арналған «Ұлтжандылық Шерхан Мұртазадан жұққан» атты кеш өтті.

Сырласу кеші

Сырласу сағатын музей меңгерушісі Ақмарал Құдайбергенова мен жазушы Мархабат Байғұт жүргізді.

Пердебай Сәбитов 1963 жыл 25 желтоқсанда Сарыағаш ауданы Ошақты ауылында көп балалы отбасында дүниеге келген. Жастайынан еңбекке ерте араласқан бала Пердебай 5 сыныбынан бастап жазушы Шерхан Мұртазаның шығармаларын оқуға жаны құмар болған. Жазушының бала күнгі естеліктерінен өзіне үлкен жігер алып, өмірлік ұстанымы етіп келген.

– Шерхан Мұртазаның «Қызыл Жебе» романын оқыған кезде Тұрар Рысқұловтың бала күнінен бастан кешкен оқиғалары мені үлкен әсерге бөледі. Әсіресе, бала Тұрар болыстың баласынан таяқ жеп, әкесі Рысқұлға шағым айтқанда әкесінің айтқан ақылы өмірлік ұраныма айналды. Сонау бесінші сыныптан бастап арман мақсаттарым түбегейлі өзгеріп, сәтсіздікке ұрынған кезімде де Рысқұлдың баласына айтқан ақылы есіме түсіп, лезде өзімді жинақтадым. Мен Тұрар Рысқұловты Шерхан Мұртаза арқылы таныдым және жазушының басқа да туындыларынан бағыт алып отырдым, - деді кеш кейіпкері.

Бүгінде П.Сәбитов «Қуат жылу орталық» АҚ директоры қызметін абыройлы атқарып келеді. Сонымен бірге Шымкент қалалық WT Таеквандо федерациясының вице-президенді. 2018 жылы ел ағасының еңбегі еленіп, ҚР Президентінің Жарлығымен «Құрмет» орденімен марапатталды.

Басқосуда ардагерлер Байдулла Қонысбек, Нармахан Бегалыұлы, Ерғали Жүсіпбеков, Шерім Медеуов, Жолдыбай Ендібаев, Жеңісбек Мәуленқұлов, Исамуддин Рысбай ұлтымыздың біртуар перзенті Шерхан Мұратаза мен жазушы Тұтқабай Иманбеков жайлы сыр шертті. Сондай-ақ, Ш.Мұртаза мен Т.Иманбековтың тұрақты оқырманы әрі кітаптарын шығаруға демеушілік жасайтын
Пердебай Сабитов туралы тартымды әңгімелер айтты.

Шымкенттегі опера және балет театры мереке күндері көрермендерге Дж. Россинидің 2 актілі «Севильдік шаштараз» операсының премьерасын тарту етті.

DSC 6201

Операның либреттосын француз драматургы Пьер Бомаршенің комедиясының негізінде 1773 жылы Чезеро Стребини жазған.
«Севильдік шаштараз» операсының оқиғасы XVIII ғасырдағы Севильяда өрбиді.
Қойылымның желісі бойынша бас кейіпкер граф Альмавива Розианаға ғашық болады. Граф жас қыздың таза, риясыз махаббатын жаулап алу үшін қарапайым адамша киініп, өзінің дворяндық биік лауазымын жасырады.
Альмавиваның бұл әрекетінен пайда жоқ еді. Себебі, Бартоло есімді азамат қызға үйленіп, Розиананың әкесінен қалған мүлігіне ие болу үшін оны қамауда ұстайды. Бартолоның мұндай пиғылына Розианаға музыка пәнінен сабақ беретін, егде жастағы музыкант Базилио көмектеседі. Қызға қамқоршысына тұрмысқа шығуына үгіттеп, өзі де Бартоло уәде еткен ақшадан дәмелі.
Сүйіктісінен айырылу үстінде тұрған граф Фигароны кездестіреді. Фигаро әдебиет саласында белгілі тұлға болғандықтан, ветеринарлық жұмысын тастап кеткен. Ал шығармашылық ортасындағы жоғары бәсекелестікке бола Фигаро шаштараздықты үйреніп, ел кезуіне тура келді. Оның ақылдылығы мен тапқырлығының арқасында граф Альмавива сүйіктісі Розианаға үйленеді.
«Севилдік шаштараз» - бұл дәстүрлі италиялық операға тән кейіпкерлер тапқырлығымен, шебер вокалдық партиялар және тың сюжеттік айналымдарымен баурап алатын комедиялық опера. Ал музыкалық сүйемелдеуі әсемдікке, жалындыққа толы. Қойылымның әлеуметтік мәні терең, жалған әрекет пен екіжүзділікті әжуалайды. Қойылымға Қырғызстанның еңбек сіңірген әртісі Искендр Сартбаев режиссерлік еткен, дирижеры – Қ.Исмаилов. Шығармашылық ұжым қойылымда көрермендерге XVIII ғасырдағы Италияның атмосферасын сыйласа, граф Альмавиваны - Жан Тапин, Фигароны - Марат Оразметов, Бортолоны – Алексей Скибин, Розиананы - Айгүл Азатова, Маргарита Кин, Базилионы Айбек Қанатбек сомдап шықты.
Жалпы, театр ұжымының бұл тартуы көптің көңілінен шығып, бейне Италияға саяхатқа жасатқандай болды. Театрдың 24 жастағы солисті Айбек Қанатбектің айтуынша, қойылымдағы 64 жастағы Базилионың рөлін сомдау оңайға түспеген. Дегенмен, бұған дейін «Біржан – Сара» операсында Жанботаның, «Сельская честь» операсында Альфионың, «Паяцы» операсында Сильвионың рөлін сомдап жүргенінің көмегі тиіп, бар шеберлігін көрсеткенін айтады.

Жастар – елдің қанаты

Пятница, 30 Ноябрь 2018 04:46

Бүгінгі аға буынның ертеңгі арқасүйері – жастар. Елбасының Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында 2019 жылды жастар жылы деп жарияланғаны жастарға тың серпін, жігер беріп отыр.

152

20 жылдыққа – 20 игі іс

Среда, 28 Ноябрь 2018 05:00

«Нұр Отан» партиясы 20 жылдық мерейтойы қарсаңында игі бастаманы қолға алып отыр.

131

135 техника қар тазалауға дайын

Среда, 21 Ноябрь 2018 05:04

Биылғы қыста мегаполис көшелерін қардан тазалауға 1000-ға жуық адам жұмылдырылады. Сонымен бірге 135 техника жолдағы қарды күреуге дайын.

106

Страница 19 из 24