Қасиеттi Рамазан айы құтты болсын!

Пятница, 03 Июнь 2016 07:01 Автор  Опубликовано в Дін Прочитано 7570 раз

kerimbekАса қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен бастаймын!

Барлық мақтау мен мадақ Әлемдердің Раббысы Алла тағалаға болсын! Жыл бойы күткен қасиетті Рамазан айына жеткенімізге жаратқан Иемізге сансыз шүкірлік етеміз.

Құрметті мұсылман бауырлар, жерлестер!

Баршамызды мүбәрак Рамазан айының келуімен шын жүректен құттықтаймын! Ұлы Жаратушының пенделеріне тартқан теңдессіз сыйы – қасиетті Рамазан – сансыз сезімдер мен толып тасыған ізгі ойлардың салтанат құрған, күн мен түн де тұтастай Жасаған Иеміздің рақымы мен мейіріміне тұнған ай. Басқа уақытпен салыстырғанда, жақсылықтар мен сауаптардың сансыз еселеніп жазылар айы да осы – Рамазан.
Қасиетті хадисте Алла тағала: «Аузы берік адам ішіп-жеуін мен үшін доғарды. Ораза – Менімен құлымның арасындағы ғибадат. Оған берілетін сыйды Мен ғана өлшеп, Мен беремін. Аузы берік құлымның аштық пен шөліркегеннен шыққан ауыз исі мен үшін мисктен де артық», – дейді.
Құрметті мұсылман қауым! Ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын! Алла тағала баршамызды шынайы ықыласпен ораза ұстаушылар санатына қосып, жәннаттың Раййан есігінен кіруімізді нәсіп еткей!

Ахметжан қажы Керімбек,
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өкіл имамы

Последнее изменение Пятница, 03 Июнь 2016 07:04
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.