×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 23

Велошерушiлер 85 шақырымды жүрiп өттi

Пятница, 15 Май 2015 03:38 Автор  Опубликовано в Спорт Прочитано 4104 раз

Шымкенттік әуесқой велоспортшылар 85 шақырым қашықтықты бағындырды. Бұл жолғы бағыты  – Шымкент-Біркөлік болды. Әлеуметтік желілер арқылы хабарланған велошеруге 70-ке жуық адам қатысты.


foto5

ОҚО бойынша Велобірлестік төрағасы Рауан Берікұлының айтуынша, велобірлестік құрамында тәжірибелі қыз-жігіттермен бірге енді ғана велосипед тебуді бастағандар да бар.     
Топтағы ең кішкентай велоспортшы 14 жастағы Бексұлтан Жұмашев. Қаладағы №39 мектептің 8-сынып оқушысы. Велосипедті үйреніп жүргеніне екі жылдай болған. «Мұндай велошеруге бірінші рет қатысып тұрмын», – дейді ол. Ал, тоғыз жылдан бері велосипедті өзіне серік еткен №39 мектептің оқушысы Тимур Шайдуллин бұған дейін 140 шақырымға дейінгі қашықтықты екі рет бағындырыпты.  
«Екі жылдан бері облыстағы Велобірлестіктің құрамындамын. Ұйымдастыратын шаралардан қалмаймын. Бірақ, бұл жолғы бағыт қиын болды. Жолдар нашар екен. Сол жағынан біраз қиналдым.  Дегенмен, қашықтықты бағындырдық», – дейді Бексұлтан.
Велесипед тебудің адам денсаулығына тигізетін пайдасының зор екенін немесе қоршаған орта үшін тиімді екенін айтып жүрміз.  Дамыған елдер велосипедке әлдеқашан отырған. Экономикасы өсіп, өркениетке қолы жеткен Жапония, Қытай, Корей  және  тағы басқа Еуропа елдері мұның тиімділігін өз қажеттеріне жаратып жатыр. Ал біз... біз насихаттауды енді бастадық па? Қала көшелеріндегі көлік тығыны, ауаның ластануы, қоршаған ортаның бұзылуы үлкен проблема тудырып жатқанда одан шығатын шешімнің қиын емесін де білеміз. Бірақ, мойынымыз жар бермейді.  
– Өзім жоспарлағаннан да көп адам жиналды ғой, – дейді Велобірлестік төрағасы Рауан Берікұлы әріптестеріне күлімсірей қарап.

foto7 – Шамамен 30-40 шақты болармыз дегенім одан да көп болып шықты. Қатарымыз күн санап көбейіп келе жатқанына қуанып отырмыз. Арамызда прокуратура қызметкері Сапарғалиев Асқар ағамыз бар. Қалалық спорт бөлімінің қызметкерлері де қосылды. Демеушіміз Бөген суы жыл бойы велоспортшыларды сусынмен қамтамасыз еткелі отыр. Сондай-ақ, тағы бір демеушіміз «Собр Юг секюьрити» күзет агенттігінің басшысы Досжан Қалмырзаев. Ол кісінің өзі де 40 шақырымды велосипедпен жүріп өтті.  
Иә, велоспортқа көшетін күн алыс емес. Қоғамның санасын сілкіндіріп, бетін бұратын күн де келер. Егер осындай насихатшылардың әрекеті жандана беретін болса. Оны қолдаушылар да табылады. 85 шақырымды қиындықсыз жүріп өткен олар енді бұдан да ұзақ қашықтықты бағындыруды жоспарлап отыр.