×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 23

Бүгiннiң батыры Избранное

Пятница, 24 Апрель 2015 04:50 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 6943 раз

екi баланы құтқарып қалды

Шымкенттік Мұрат Азбергеновты көпшілік тани бермейтін шығар, бірақ оның ерлігі үлгі боларлық. Иә, ерлігі... Бәрін басынан бастайықшы...

DSC 0026Жұмысынан енді ғана қайтқан Мұраттың көзіне анадай жердегі каналда ағып келе жатқан белгісіз зат түседі. Алғашында қуыршақ болар деп мән бермеген ол жанталасып қыбырлап жатқан адам екенін байқағанда ойланып жатпады. Дереу тұра жүгіріп, ағып жатқан суық суға қойып кетті. Канал ішінде жаурап қалтыраған 2 жасар Айымды құтқарып үлгерген ол, оның артынан тағы бір баланың жанұшыра ағып келе жатқанын көреді. Бұл 3 жасар Ерасыл болатын. Мұрат суға ағып кетуіне жол бермей, Ерасылды да құтқарып қалды. Ал оларды қалайда аман алып қалу үшін шешесі суға ағып кеткен балаларының артынан жүгіріп отырыпты.
– Каналдың үстіне арғы беттен бергі бетке өту үшін жіңішке ағаш қойылған, ол балалар үшін өте қауіпті. Олар сол жерден өтемін деп суға құлап түскен екен. Оны ешкім байқамапты, – дейді Мұрат. – Сол жерде құтқарылмағанда балалар сумен ағып, көпірге кеп ұрылар еді.
Бақытына орай, балалардың ешқайсысына аса ауыр зақым келмеген. Дер кезінде құтқарып қалған Мұратқа Ерасыл мен Айымның ата-анасының алғысы шексіз.
– Бұл менің азаматтық борышым. Менің де балаларым бар. Көз алдымда өтіп жатқан көрініске қалай бей-жай қарап тұра аласың? Адам өмірі қыл үстінде тұрғанда ондайда ойланып жатуға уақыт жоқ, – дейді Мұрат Азбергенов.
Мұрат қаламыздағы Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжінде алғашқы әскери дайындық пәнінен сабақ береді. Аға лейтенант. "Жұмысын тиянақты атқарады, өз ісіне ұқыпты" дейді әріптестері ол туралы.
 Кейде қоғамды безбүйрек, адамды қатігез дейтініміз бар емес пе? Жоқ, арамызда Мұрат секілді өзінің азаматтық парызын жете түсінетін, көмегін айналасынан аямайтын жандар жүр. Тек оларды танып, көре білсек болғаны...

Другие материалы в этой категории: « Айаруға көмек қажет Қазақ баласынан кем емес »