Шымкенттік спортшы аралас жекпе-жектен жеңімпаз атанды Избранное

Понедельник, 19 Октябрь 2015 09:53 Автор  Опубликовано в Спорт Прочитано 4646 раз
0118 қазанда Алматы қаласында аралас жекпе-жектен халықаралық «Алтын Орда» турнирі өтті.
 
Қазақ хандығының 550 жылдығына орай ұйымдастырылған сайысқа Қазақстан, Ресей, Жапония, Корея, Бразилия, Аргентина, Камерун, АҚШ және Украинадан барлығы 24 спортшы қатысты. Осы байрақты бәсекеде Қазақ елінің намысын қорғаған шымкенттік Арман Оспанов (лақап аты «Сұңқар») американдық қарсыласы Джо Элморды жеңді. Айта кету керек, бұл – жерлесіміздің жетінші жеңісі.
 
– Отандасымыз Арман Оспанов ресейлік Расул Мирзоевпен («Черный тигр») кездесуі керек еді. Алайда «Черный тигр» жарақаттанып қалуына байланысты жекпе-жекке қатыса алмады. Сондықтан біздің «Сұңқар» Джо Элмормен сайысқа шықты, – делінген «Alash pride» кәсіби жекпе-жек клубының баспасөз қызметі хабарламасында.
 
Еске сала кетсек, 26 жастағы Арман Оспанов Шымкент самбо мектебінің түлегі. Ол жауынгерлік самбодан 2 дүркін әлем чемпионы (2013 және 2014), көптеген ірі халықаралық турнирлердің жеңімпазы.
 
«Шымкент келбеті»
Последнее изменение Понедельник, 19 Октябрь 2015 09:56
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.