"БИIК-Қазығұрт" – "Барселона" – 1:1

Понедельник, 12 Октябрь 2015 11:31 Автор  Опубликовано в Спорт Прочитано 4140 раз
5615260d92e67Футболдан әйелдер арасында сарапқа салынған УЕФА Чемпиондар Лигасының 1/16 кезеңінде шымкенттік «БИІК-Қазығұрт» командасы «БИІК» спорт кешенінде испандық «Барселонаны» қабылдады.

Польшадан келген бас қазы Каролина Радзик-Йоханның ысқырығы естілісімен, қос команда да шабуылдаушы ойынды көрсетуге тырысты. Аса шиеленісті жағдайда өрбіген ойынның алғашқы таймында есеп ашылған жоқ. Дегенмен, матчтың екінші жартысында «барселоналық» шабуылшы Рут Гарсия Оксана Железняк қақпасының кілтін тауып, есеп ашты. Десек те, намысқа тырысқан шымкенттік клуб ойыншылары шабуылдарын жиілетіп, матчтың соңғы минуттарында есепті теңестірді. Клубтың норвегиялық легионер ойыншысы Лиза-Мари Вудс нәтижелі доптың авторы атанды. Тең жағдайда өткен ойынның түпкілікті нәтижесі де 1:1 есебімен аяқталды.

Енді қарымта кездесу қазан айының 14-жұлдызында Барселона қаласында өтетін болады.
 
Жеңісбек СЕРІКҰЛЫ
Последнее изменение Понедельник, 12 Октябрь 2015 11:34
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.