Мәскеуден жеңiспен оралды Избранное

Пятница, 12 Февраль 2016 05:44 Автор  Опубликовано в Спорт Прочитано 4083 раз

Шымкенттік 9 жасар шахматшы Аяулым Қалдарова Мәскеуде өткен «Moscow open – 2016» халықаралық РГСУ кубогынан алтын жүлдемен оралды. 9 жасқа дейінгілер арасындағы Ресей ашық біріншілігі 38 елдің мықтыларын жинаған. Әрі қатысушылардың саны да рекордтық көрсеткішке жетіпті.

zhansaia001Тоғыз күнге созылған бәсекеде жеңіске жету оңай болған жоқ. Ресей мен Әзірбайжан елінің шахматшылары жерлесіміздің негізгі қарсыласы атанған. Қандай қиындық болса да, әпкесі Гүлісхан Нақбаеваның ақыл-кеңесінің арқасында тоғыз қарсыласынан да басым түсті.
А. Қалдарова – Л. Тәжиева атындағы Шымкент қалалық №4 Олимпиада резервін дайындайтын балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің оқушысы. Бүгінде ол қаламыздың мақтанышы, гроссмейстер Гүлісхан Нақбаевадан
тәлім алады.
Мәскеудегі жарыстың ең басты сыйы – маусым айында Грекияда өтетін Еуропа чемпионатының жолдамасы. Тоғыз жасқа дейінгі мектеп оқушылары арасында бір ғана жолдама бұйырған. Ол – біздің жерлесімізге тиесілі.
Алда жауапты жарыстар тұр. Маңызы жоғары Қазақстан чемпионаты наурыз айында Көкшетауда ұйымдастырылады. Одан әрі қарай сәуірде Ұлан-Батырда (Моңғолия) Азия чемпионатының жалауы көтерілмек. Міне, осы сындарда шымкенттік зияткер оқушы жеңімпаз атанса, қазан айында Грузияның Батуми қаласында өтетін әлем чемпионатына жол тартады.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.