ШЫМКЕНТ – СПОРТЫ ӨРКЕНДЕГЕН ШАҺАР Избранное

Среда, 21 Август 2019 08:58 Автор  Опубликовано в Спорт Прочитано 894 раз

Спортшылардың төл мерекесін Шымкент қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты мекемелердің қызметкерлері ерекше салтанатпен атап өтті.

381

 

Алдымен Қажымұқан атындағы орталық стадионда футболдан спартакиада басталды. Оған 20-дан астам команда қатысып, жеңімпаздар анықталды. Тартысты өткен доп додасында балуандар, боксшылар, суға жүзу шеберлері, волейболшылар, ауыр атлеттер, шаңғышылар, жеңіл атлеттер, ескекшілер, оқ атушылар, теннисшілер,стадион командасы, КЖСШМ, футболшылар, басқарма қызметкерлері өз командаларының намысын қорғады.
Қорытындысында 1-орынды “Оңтүстік футбол академиясы” ұжымы жеңіп алды. Ал 2-орынды № 12 БМЖСМ спорт мектебі, 3-орынды Орталық су спорты кешенінің командасы иемденді.

Бұдан соң Шымкент қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әлібек Нұртаев жыл бойында спорт саласында жоғары нәтижеге қол жеткізіп жүрген үздіктерді арнайы сыйлықтармен марапаттады. Сонымен бірге ҚР жазғы спорт түрлерінен 5 спартакиада барысында жүлделі екінші орынды жеңіп алған сала мамандарына Республикалық спорт комитетінің төс белгілерін, қала әкімінің алғыс хаттарын табыс етті.
Ерекше салтанатпен өткен жиында спартакиада жеңімпаздары да қомақты сыйлықтарға ие болды. Жүлделерді қалалық мәслихаттың депутаты Ермек Дәрменов, олимпиада резервін даярлау орталығының басшысы Бауыржан Тұманбаевтар табыс етті.

Сәбит ТАСТАНБЕК

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің "Журналистика" мамандығын (2004-2008) тәмамдаған. Алматы қаласында Отан алдындағы әскери борышын (2008-2009) өтеген. Республикалық «Sport», «Қазақ спорты» газеттерінде және Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайтында тілші болып еңбек еткен. 2013 жылдан бастап «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі, 2016 жылдың ақпан айынан 2018 жылдың ақпан айына дейін Бас редактордың орынбасары болып істеген.