ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС АЛҒАШ РЕТ МЕКТЕПТЕ ҚОРҒАЛДЫ Избранное

Пятница, 19 Май 2023 04:19 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 823 раз

Қазіргі кезде оқытудың дуальді жүйесі – техникалық және кәсіптік мамандар даярлаудың ең тиімді жолдарының бірі болып табылады.

42

 

Елімізде бұл жоба қолданысқа еніп, жақсы нәтижесін беруде. Ж.Тәшенев атындағы университет педагогикалық мамандар даярлайтын факультеттерінде алғаш болып осы жүйені пилоттық жоба ретінде тәжірибеден өткізді.
Білім ордасының «Педагогика және филология» факультеті «Филология» кафедрасының бітіруші түлектері Шымкент қаласының №38 Н.Оңдасынов атындағы мектеп-гимназиясында дипломдық жұмыстарын қорғады.
– Елімізде алғаш рет дуальді жүйе аясында жүргізіліп отырған осынау пилоттық жоба университетіміздің ректоры Қ.Байболовтың ұсынысымен енгізілді. Әзірге бұл жоба Шымкент қаласындағы 2 мектепте өтіп, келешекте дәстүрге айналады деген сенімдеміз. Бұл университет әкімшілігінің пән мұғалімін даярлау ісін мектеппен тығыз байланыста кеңесе отырып, шешудегі жұмысының жемісі. Диплом қорғау шарасына оқу орнының зерттеуші ғалымдары және тәжірибелі практик мамандар, яғни мектеп мұғалімдері қатысып отыр. Диплом қорғаушы түлектер осы мектепте оқу-тәжірибе жұмысынан өткен шәкірттер. Мақсатымыз – теориялық негізді тәжірибемен ұштастыру, – дейді факультет деканы Шынар Ергешбаева.
№38 мектепте болашақта қазақ, орыс, ағылшын тілі маманы болатын 10, №29 мектепте педагогика-психология кафедрасынан 6 шәкірт диплом қорғады. Олардың айтуынша осылайша мектепке келіп диплом қорғау студенттердің тәжірибесін шыңдап, мектеп қабырғасына бой үйретуіне, өздерінің қабілет-қарымын көрсетулеріне зор мүмкіндік дейді.
– Біз университетпен тығыз байланыстамыз. Биылғы жаңашылдықты біз де қолдап, мамандарды сырттан іздемей, түлектер арасынан жұмысқа тартамыз. Осы тәжірибе студенттің мұғалім болуға ынтасын, жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік береді, – дейді №38 Н.Оңдасынов атындағы мектеп-гимназиясы директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары
Айжан Оңласбекқызы.
Айта кетейік, пилоттық жоба Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы мен университет басшылығы арасында жүргізілген меморандумның бір тармағында көрініс тапқан. Онда студент жастарды кәсіби бағдарлау үшін білім мекемелері мен жұмыс берушінің арасында өзара тығыз байланыс орнату көзделген. Сонымен қатар дуальді оқытудың артықшылығы ең алдымен жас мамандардың жұмысқа орналасуының жоғарғы
пайызын көрсетеді.

Салтанат ТҰРҒАНТАЙҚЫЗЫ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.