Зардап шеккен 8 отбасы баспаналы болды

Пятница, 13 Март 2015 05:10 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 7138 раз

Шымкент қаласында Ақназар хан көшесіндегі газ жарылысы себебінен баспанасынан айырылған тұрғындардың күдігі толығымен сейілді. Оқыс оқиға өткен жылдың желтоқсан айында орын алған болатын. Қала әкімдігі шұғыл іске кірісіп, екі айдың ішінде тұрғындарды жаңа пәтермен қамтамасыз етті.

DSC 0328Қалалық әкімдіктің үлкен мәжіліс залында тұрғындарға пәтер кілтін тапсыру рәсімі өтті. Қала әкімінің орынбасары Бейсенбек Жанбосынов пен қалалық мәслихаттың хатшысы Нұрлан Бекназаров тұрғындардың қуанышын бөлісіп, көптен күткен пәтер кілтін табыс етті.  
Қала әкімі Дархан Сатыбалдының тікелей бақылауымен жағдай тұрақтанды. Қала бюджетінен бұл мақсатқа 69 млн. теңге бөлінген. 2 отбасы 3 бөлмелік, 6 отбасы 2 бөлмелік жаңа пәтерге қоныстанды. Барлық пәтерлер төрт қабаттық кірпіш үйден сатып алынған. Бұл – тұрғындардың өз қалауы бойынша жүзеге асырылып отыр.
Осылайша, сегіз отбасы көктем кірісімен жаңа пәтерге ие болды. Өз кезегінде Н.Бекназаров: «Дер кезінде комиссия құрылды. Түсіністік танытқандарыңыз үшін сіздерге де алғыс білдіреміз. Үрейдің бәрі артта қалды. Жаңа үйде жаңа қуанышқа кенеле беріңіздер», – деді.  
Тұрғындардың да айтар алғысы зор. «Қала әкімдігі және қалалық мәслихатқа, Еңбекші ауданы әкімдігіне алғысымызды айтамыз. Лезде іске кірісіп, бітіріп берді. Тіпті, мерекеге жетпей, жаңа қонысқа көштік», – дейді тұрғындар.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.