×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 23

Төрт санат бойынша жеңiлдiк берiледi

Пятница, 13 Март 2015 05:21 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 5159 раз

Шымкентте қоғамдық көліктерде жүру үшін төрт санат бойынша жеңілдіктер берілмек. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру бойынша «ОңтүстіктрансҚұлагер», «Оңтүстікавтотранс» қауымдастықтары мен Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі өзара ынтымақтастық туралы үш жылдық Меморандумға қол қойды. Бұл бастаманы Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Ғани Ташқараев көтеріп отыр.

63760ec4e697066e544ae33e55278827– Осыдан біршама уақыт бұрын маған шымкенттік тұрғын, «Алтын алқа» иегері, көпбалалы ана шағымданды, – дейді Ғани
Ташқараев. – Қала ішінде жүретін автобустарда көп балалы аналарға жеңілдік жасалса деген ұсынысынан кейін бей-жай қарамай, бұл мәселеге тереңірек зерттеу жүргіздік. Қоғамдық көліктерде тегін жүру жүйесін жүзеге асыру бойынша тиісті мекемелермен өзара келісімге келіп, қала әкімдігімен бірлесе аталған Меморандум түзілді.         
Меморандум бойынша енді   ҰОС ардагерлері, ҰОС жылдарында «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған тыл еңбеккерлері, көзі көрмейтін 1-топтағы мүгедектер (жанында ертіп жүретін бір адаммен), «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері қоғамдық көліктерде жеңілдікпен жүретін болады. Бұған дейін жолда жүру жеңілдіктері заңды түрде қарастырылмаған және транспорттық компаниялар оны өз тарапынан ғана жүзеге асырып келді.
Ғани Ташқараевтың айтуынша, бұл жаңалық әйелдер мерекесі қарсаңында орын алып отырғандықтан әсіресе,  көп балалы аналарға үлкен сый болары анық.