ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРҒА ҚОЛДАУ АРТПАҚ Избранное

Среда, 24 Январь 2024 04:55 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 547 раз

Шымкентте жергілікті үкіметтік емес ұйымдарғa гранттық қолдауды арттыру мәселесі талқыланды. Басқосуға Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ басқарма төрағасы Лима Диас және үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты.

6 bet

 

Еркін форматта өткен жиында тараптардың бірыңғай грант операторының қолдауымен YEҰ-ға грант беру мүмкіндіктері талқыланды.
– Үкіметтік емес ұйымдардың қаланың дамуына қосып отырған үлесі орасан. Қалада тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жол құрылысы, білім, денсаулық, мәдениет салаларында қордаланған мәселелер көп. Дегенмен, бұл мәселелерді сіздермен бірге шешетінімізге сенеміз. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында «Еститін мемлекет» тұжырымдамасы жайлы үнемі айтып келеді. Үкімет бұл бағытта ауқымды жұмыстар жүргізіп отыр. Оның жемісі ретінде Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының құрылуын айта аламыз.
Шымкент бүгінде мемлекеттік-ақпараттық тапсырысты орындаудан республикада алдыңғы қатарда. Алайда, мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыстың орындалуын біршама ширату қажет екені анықталды. Осы төңіректегі мәселелерді ҮЕҰ бірлесіп жүзеге асырсақ дейміз, – деді Сәрсен Абайұлы.
«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ басқарма төрағасы Лима Диас Шымкент қаласына алғаш рет 2019 жылы келгенін және одан бері қалада ҮЕҰ мен еріктілер санының артқанын алға тартты.
– Бүгінге дейін Шымкентте гранттық қаржыландыру болмады. Сондықтан ҮЕҰ мен белсенділерге қолдау қалалық әкімдік тарапынан көрсетілді. Алдағы уақытта мемлекеттік грант туралы ақпараттық түсіндіру сессиясын өткіземіз. Осы іс-сапар барысында бірқатар басқарма басшыларымен кездесу өткіздік. Осы бағытта еліміздің 10 өңірімен жұмыс істеп келеміз. Шымкент – серіктес болуға ықылас танытып отырған республикалық маңызы бар бірінші қала. Қала әкімдігі диалогқа дайын болса, біз бірлесіп гранттық жобалар дайындаймыз, – деді Лима Диас.
Орталық өкілдері гранттық қаржыландыру операторы қызметінің негізгі бағыттарын, грант алушыларды қаржыландыру рәсімдері мен тәртібін, мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, ұсыну, мониторинг жүргізу және оның тиімділігін бағалау ережелері туралы кеңінен түсіндіріп өтті.
Айта кетейік, Шымкентте 1500-дей ҮЕҰ тіркелген.

Жансая СЫДЫҚБАЙ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.