КЕРУЕН ҚОСТАНАЙҒА АТТАНДЫ Избранное

Пятница, 12 Апрель 2024 04:49 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 243 раз

Шымкенттің Сайрам тұрғын алабынан Қостанайға қарай көмек керуені жолға шықты. Қазақстан халқы Ассамблеясы, AMANAT партиясының Шымкент қалалық филиалы мен Өзбек этномәдени бірлестігінің бастамасымен сайрамдық жанашыр азаматтар мен кәсіпкерлер, «Мейірім-Сайрам» қайырымдылық қоры тасқын судан зардап шеккен отандастарымыз үшін 5 тонна зат жинады.

KoMeK-1

 

– Қостанай облысының әкімшілігімен хабарласып, эвакуацияланған адамдарға қажетті материалдық көмекті анықтадық. «Сайрам» тұрғын алабынан 5 тоннаға жуық азық-түлік, санитарлық-гигиеналық заттарды 2 «Газельге» артып, аттандырдық. «Мейірім-Сайрам» қайырымдылық қорының өкілдері керуенді белгіленген аймаққа жеткізіп, көмекке мұқтаж жандарға 300 кг палау басып, таратуға ниеттеніп отыр, – деді Өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Тахирбек Нышанбаев.
«Мейірім-Сайрам» қайырымдылық қорының менеджері Фарухжан Ахмедовтың айтуы бойынша, қайырымдылық қордың өкілдері зардап шеккен аймақта 1-2 күн болып, отандастарымызға көмек көрсетпек ниетте.
Айта кетейік, аталмыш көмек керуені 10 сәуірде «Сайрам» тұрғын алабында орналасқан «Den&Noch» супермаркеті алдынан жолға шықты.

Абылай ОРАЗАЛИЕВ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.