Медицинада қағазбастылық азаяды

Пятница, 03 Апрель 2015 06:44 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 5052 раз

Бірінші сәуірден бастап мемлекеттік медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін ұйымдарда 4 құжат бойынша қағаз жүзінде есеп жүргізу жойылды.

25HzXLIGАтап айтқанда, “Дәрігерлерді үйге шақыртуды жазу кітабы” 031/е нысаны,  «Емханада (амбулаторияда), диспансерде, консультацияда және үйде науқастарды қарауды есепке алу тізімдемесі» 039/е құжаты, «Амбулаториялық науқастарды тіркеу журналы» 278/е құжаты және «Медициналық ұйымдарға тіркеу талоны» 057/е құжаты. Енді бұл құжаттарды қағаз жүзінде қолмен толтыру міндетті емес.
Еске сала кетейік, биыл 17 ақпанда ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде өткен кеңейтілген алқа мәжілісінде министр Тамара Дүйсенова министрлік мамандарының денсаулық сақтау және әлеуметтік-еңбек салаларында ұсынылатын қызметтер сапасын арттыруға күш салатынын мәлімдеген болатын. Министр электрондық құжат айналымына көшудің есептік құжаттаманы жүргізуде медицина қызметкерлерінің жүктемесін азайтуға және оларға пациенттерді қабылдап, қарау үшін көбірек уақыт бөлуге мүмкіндік беретінін айтқан еді.
Компьютерлерлік техникамен жабдықталуы ескеріліп, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қалалық амбулаториялық-емханалық ұйымдарда бастапқы есеп қағаздарын толығымен электрондық құжат айналымына көшіру жоспарлануда.

Эльмира МЫҚТЫБАЕВА

2001 жылдан бастап журналист болып жұмыс істейді.  Бұған дейін "Сайрам ақшамы", "Отырар" телеарналары мен "Юмакс" радиосында жұмыс істеген. 2012 жылдан бастап қалалық "Шымкент келбеті" газетінің тілшіcі.