Қариялардың алғысына бөленген орталық Избранное

Пятница, 02 Август 2024 06:13 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 529 раз

Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті Шымкент қаласы бойынша департаментінің  мәліметіне сүйенсек, Шымкент қаласында зейнет жасындағы 93 407 адам өмір сүреді екен. Бұл көрсеткіш өткен жылы 89 926-ны құраған. Егде жастағы тұрғындардың сәйкес, олардың әлеуметтік мәселелерін шешуге, моральдық-материалдық тұрғыдағы жағдайларына қатысты жаңаша көзқарас қалыптасты. Демалыс орындары көбейді, зейнетақы еселенді.

ardager

 

Зейнеткерлік жасқа шыққандарға тегін медициналық көмек пен демалыс аймақтарында ақысыз ем алу да қарастырылған. Мәселен, өткен жылдың қараша айында «Ізетті зейнеткер» орталығы ашылған еді. Басты мақсат зейнеткерлік жасқа жеткен адамдардың қысқа мерзімде демалуын және емделуін жүзеге асыру. Мекеме бүгінге дейін 1453 қарияға сапалы қызмет көрсеткен.
Көптің көңілін таба білген мекеме ұжымына алғысын жеткізбекке редакцияға зейнеткер Светлана Баймұратова келді. «Ізетті зейнеткер» орталығының қызмет көрсету деңгейі мен мамандардың біліктілігін айтып алғысын арқалай келген.
– Үлкенге құрмет көрсетіп, жүректерінен жылы сөздерін, жүздерінен мейірім шуағын шашып қызмет көрсетіп жүрген аяулы жандарға ақ жүрегімізбен батамызды бердік. Жақсы демалдық. Күш-қуат жинадық. Ашылғанына көп уақыт болмаса да, орталықтың жұмыс сапасы, заманауи техникалары мен білікті мамандары жоғары деңгейде жұмыс жасайды,-дейді
Светлана Баймұратова.
Жалпы, ем алушылар мекемеге түскен кезінде дәрігерлердің қабылдауында болып, денсаулығы мен жасы ескеріліп, емдік іс-шараларды тағайындалады. Демалушыларға қысқа мерзімде емделу мақсатында мекемеде толық жағдайлар жасалған. Демалушылар 5 мезгіл ыстық тағаммен қамтылған. Сондай-ақ, емделушілер соңғы үлгідегі медициналық аппараттардың көмегімен сапалы ем алады. Мекемеде электромагнитті терапия орталығы, сумен емдеу орталығы, ЕДШ, дәрілік шөптер тұнбалары демалушыларға ұсынылады. Ал, физиотерапия бөлмесінде электрофорез, вибромассаж, миостимулятор, ингалятор, массаждық орындық, массаждық керует, аяқ массажерымен қамтылған.
Мекемеде бір аусымда 70 зейнеткердің демалуына мүмкіндік бар. Мекеме басшысы келушілердің қатары көп болуына байланысты алдағы уақытта орталықты кеңейту жоспарда бар дейді.

Гүлжауһар ТЕМІРХАНҚЫЗЫ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.