Азаматтық белсендiлiк жоғары

Пятница, 08 Май 2015 05:08 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 6948 раз

26 сәуірде өткен кезектен тыс Президент сайлауы елімізде айтарлықтай жаңашылдық туғызды. Біріншіден, әлемдік сайлау үдерістері тарихында тұңғыш рет сайлаушылардың рекордтық белсенділігі орын алды.

Бұл ұлттың бірлігі мен ынтымағының айқын дәлелі. Екіншіден, көшбасшымыз Нұрсұлтан Әбішұлы феноменальді бүкілхалықтық қолдауға ие болды. Яғни, бұл Қазақ елінің ұлттық консенсусқа қол жеткізгенінің белгісі. Үшіншіден, қазақстандықтардың тәуелсіздік жылдарында аса бай электоратты тәжірибе жинақтағанын айғақтайды.  
Сонымен қатар, Президент сайлауы болашаққа бастар жолдың жаңа белесіне аяқ басар стратегиялық саяси қадамға айналды. Яғни бұл сайлау Елбасының осы күнге дейін атқарған еңбегінің бүгінгі қоғам тарапынан еленіп, бағалануының жоғарғы индикаторы болғанын айту керек. Өз басым Шымкент xалқының сайлауға деген жоғары жауапкершілігін, олардың жоғары электоратты мәдениетін көрдім. Қала тұрғындарының 95,92 пайызы сайлауға қатысып, өз азаматтық пікірін білдірді.
Мемлекет басшысының Шымкентке деген ықыласы ерекше. «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» саяси құжатында Қазақстанның алғашқы заманауи урбанистік орталықтары ірі қалалар – Астана мен Алматы, одан соң – Шымкент болады. Олар халықтың және инвестициялардың шоғырлану орталықтарына айналады, сапалы білім беру, медицина, әлеуметтік-мәдени қызметтер көрсетеді» – деген болатын Еліміздің халық ең тығыз қоныстанған және қарқынды дамып келе жатқан өңір екеніне үнемі тоқталады. Бүгінде Шымшаһар елдің оңтүстіктегі әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан тартымды жаңа орталығының біріне айналды.
Елбасы айтқандай, енді алдымызда бүкіл ұлт болып атқарар тірлік көп. Яғни біртұтас ұлтымыз ғана бағындыра алатын жаңа шыңдар, жаңа биіктер тұр. Әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосылу мақсаты айқындалған. Біз бұл асуларды стратег және Көшбасшымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен ғана бағындыра аламыз. Себебі, біз бір ел, бір тағдыр, бір мүддені қолдайтын халықтың ұрпағымыз.

Нұрлыбек ЖЕҢІСБЕК,
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз хатшысы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.