Елбасының Алғыс хатымен марапатталды

Пятница, 29 Май 2015 05:15 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 4015 раз

Шымкент қаласы әкімдігінің кіші мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Президентін кезектен тыс сайлау науқанында ҚР Президентіне кандидат Н.Назарбаевтың қоғамдық штабында белсенді жұмыс атқарған бірқатар азаматтарға Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаты табысталды. Іс-шараны «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Өмірзақ Мелдеханов ашты.

DSC 0001Халық қалаулысы өз сөзінде тұрғындардың сайлаудағы белсенділігін ерекше атап өтіп, өз алғысын білдірді. «Нұр Отан» партиясының төрағасын қолдау мақсатында Шымкент қаласында қоғамдық штаб құрылып, оның құрамындағы партия мүшелері, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары және қала тұрғындары белсенді жұмыс атқарды. 

Салтанатты шара барысында қала әкімі Дархан Сатыбалды, Шымкент қаласы мәслихат хатшысы Нұрлан Бекназаров, облыстық мәслихаттың хатшысы Құдайберген Ержан құттықтау сөз сөйлеп, бірқатар азаматтарға Елбасының Алғыс хатын табыс етті. Марапатталушылардың қатарында қала әкімінің орынбасары Б.Нарымбетов, депутаттар, жеке кәсіпкерлер, зейнеткерлер, білім, спорт және денсаулық сақтау саласының қызметкерлері болды.

Последнее изменение Пятница, 29 Май 2015 05:17
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.