×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 26

Солтүстiкке жол тарт, жас ұлан

Пятница, 29 Май 2015 05:17 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 4830 раз

Биыл «Серпін – 2050» бағдарламасы аясында бөлінетін гранттар саны 3 есеге артып отыр. Бұл туралы облыс әкімдігінің «Оңтүстік» ақпарат орталығында өткен баспасөз мәслихатында «Өрлеу» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Мұрат Әбенов мәлімдеді. Шымкентке арнайы іссапармен келген ол Оңтүстіктің жастарын еліміздің өзге өңірлерінде тегін білім алып, жұмысқа орналасуға шақырды.

Жобаға сәйкес, бастамашылар кейінгі толқынды  еліміздің оңтүстік өңірлерімен салыстырғанда халық саны аз, білікті маман тапшы солтүстік аймақтарына қарай шоғырландыруды көздейді. Жобаның мақсатыжастарды тұрақты жұмыс орнымен қамтып, әлеуметтік саланың әлеуетін көтеру.

– «Серпін – 2050» бағдарламасы жастар үшін керемет мүмкіндік. ҰБТ-дан төмен балл алып қалсаңыз да, грантқа ие бола аласыз. Әр студентке үш мезгіл тамақ, киім беріліп, ай сайын шәкіртақы төленеді. Жатақхана тегін. Бүгінде бағдарлама аясында білім алып жатқан студенттердің басым көпшілігі сол өңірлерде тұрақтап қалуға қарсы емес екендігін айтады, – дейді Мұрат Абдуламитұлы.

ОҚО, Қызылорда, Жамбыл, Маңғыстау өңірлерінде демографиялық өсім жоғары, алайда жұмыс орындары тапшы. Ал, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында керісінше. Зауыт-фабрикалар көптеп салынып жатқанымен, кадр жетіспейді. Сол себептен де, осындай олқылықтардың орнын толтыруды көздеген «Серпін – 2050» бағдарламасына ҰБТ-да төмен ұпай жинап, оқуға түсе алмай қалған талапкерлер де қатыса алады. Мұндай мүмкіндік мектепті әлдеқашан бітіріп кеткен жастарға да беріледі. Бұл ретте төраға бағдарламаға қатысуға қызығушылық танытқан жастар үшін толық мәліметті «Serpin-2050.kz» сайтынан алуға болатынын атап өтті.

Последнее изменение Пятница, 29 Май 2015 05:19