Заңсыз сауда орындары жойылады

Пятница, 29 Май 2015 05:40 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 6332 раз

«Нұр Отан» партиясының өкілдері, депутаттар және құзырлы мекеме басшылары қаламызда орналасқан заңсыз сауда орындарына рейд жүргізді. Нәтижесінде Громова көшесінде орналасқан «Темір» базарының жұмысы талапқа сәйкес келмейтіні анықталды.

20150528 154348Базар аумағында талаптарға сай емес 12 жер телімі бар. Бірнеше ескертулер мен салынған айыппұлдарға қарамастан 10 жыл бойы жұмыс жасап жатқан бұл базар темір жол мен автомагистраль торабында орналасқан.

«Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Өмірзақ Мелдехановтың айтуынша базар жол бойында кептелістердің орын алуына себепкер болып отыр. Сондай-ақ, жоғарғы кернеулі электр қуаты желілері өтетін орындарда сауда жасау адам өміріне қауіпті.

– Кәсіпкерлердің жұмысы заң шеңберінде тексеріліп, тиісті шаралар қолданылады. Барлық іс заң талаптарына сәйкес болуы қажет. Заңсыз сауда орындарын болдырмау мақсатында да осындай рейдтер ұйымдастыру тиімді, – дейді қала әкімінің орынбасары Бахадыр Нарымбетов.

Алдағы уақытта базар орнына жаяу жүргіншілер орны мен автомагистраль кеңейтіледі деп күтілуде.

Последнее изменение Пятница, 29 Май 2015 05:43
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.