«Бiртектiлiк пен бiрлiк» достықты нығайтады

Пятница, 21 Август 2015 05:51 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 3866 раз

Абай ауданына қарасты Халыққа қызмет көрсету орталығында Елбасы Н. Назарбаевтың 5 институцианалды реформаны жүзеге асырудағы «100 нақты қадам» бағдарламасын насихаттау мақсатында қалалық ақпараттық-насихаттық топ мүшелері орталық қызметкерлерімен кездесті.

beriktilik pen birlik 34Қалалық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен өткен кездесуде ақпараттық-насихаттық топ мүшеcі, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің оқытушысы Ғаппар Маймақов баяндама жасап, Елбасының 100 нақты қадамының төртінші реформасына кеңінен тоқталды.
– Төртінші реформа «Біртектілік пен бірлік» деп аталады. Ол 85-90-қадамдарды қамтиды. Бұл қадамдар аз болғанымен олардың мазмұны өте терең және күрделі. Ең алдымен «біртектілік деген нені білдіреді» деген сұраққа жауап беріп көрейік. 17,5 миллиондай Қазақстан халқы біртекті халық. Олар 140 жуық этностардан тұрады. Осы этностардың негізгісі қазақтар. Қазақтар бүкіл Қазақстан халқының 65 пайызына жуығын құрайды. Қазақстандағы өзге этностардың барлығы өздерін қазақстандықтармыз деп санайды. Себебі, олар Қазақстан азаматтары. Біртектіліктің мынадай негіздері бар деуге болады: Ұлтына, дініне, жынысына тағы басқа да белгілеріне қарамай Қазақстанның барлық азаматтары тең; Барлық Қазақстан азаматтары еліміздегі қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықты сақтауға және нығайтуға, қандай да бір этносаралық қайшылықтар мен жанжалдарға жол бермеуге күш салады. Міне, осы айтылғандар Қазақстандық біртектіліктің мазмұнын құрайды, – деді Ғ. Маймақов.
Сондай-ақ, жиында «Нұр Отан» партиясының Шымкенттегі филиалының өкілі Ермек Дәрменов, Қаратау ауданы әкімінің орынбасары Балмаржан Нарбекова және қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Қанат Қалыбеков Елбасы ұсынған Ұлт жоспарының басқа да бағыттары бойынша ХҚКО қызметкерлерімен пікір алмасты.

С. ТАСТАНБЕК

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.