Сабина сайыста үздiк шықты

Среда, 02 Март 2016 09:03 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 4750 раз

Оқушылар сарайында Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің дәстүрлі сайысы өтті. Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтіп, дарынды жастарды анықтау мақсатында ұйымдастырылған бұл шара он сегізінші рет шымылдығын түріп отыр.

oralkhan bokeikhanБайқауда қатаң іріктеуден өткен 13 жас үш тур бойынша сынға түсті. Алтайдың Кербұғысы атанған, суреткер жазушы Оралхан Бөкейдің шығармаларымен қатар, өзге де ақын-жазушылардың прозалық және драмалық шығармасынан үзінді мен бір өлеңді мәнерлеп жатқа оқыды.
Шымкент қалалық тілдерді дамыту орталығының басшысы Нұрила Жұманова бастаған әділқазылар, үміткерлердің көркем мәтінді оқу шеберлігі, дауыс мәнері мен тіл тазалығына басты назар аударды.
Байқау нәтижесінде Аймақтық-әлеуметтік инновациялық университетінің студенті Сабина Бегімбет бас жүлдені иеленсе, І орын Оңтүстік Қазақстан педагогикалық институтының студенті Мақпал Әбсаттарға бұйырды. №5 колледждің студенті Әділ Әбішев пен ҚР ІІМ Б.Момышұлы атындағы оқу орталығында білім алып жүрген Қазбек Ильясов ІІ орынды өзара бөлісті. Ал жүлделі ІІІ орынға М. Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институтының студенті Бақытгүл Құлназар мен М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенті Әзімхан Исабек лайық деп танылды.
Осы байқаудан жүзден жүйрік шыққан жеңімпаз енді облыстық байқауда бақ сынайтын болады.

Ә. ӘБУ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.