Әйел – тiршiлiктiң тiрегi, отбасының ұйытқысы Избранное

Суббота, 05 Март 2016 06:10 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 4084 раз

 MG 3766

Ардақты аналар, аяулы арулар!

Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Ана – қашанда тіршіліктің тірегі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі, жақсылықтың бастауы. Халқымыз әрқашан әйел затын қастерлеген, ырыс пен ынтымақтың алтын діңгегіне балаған.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың парасатты, салиқалы саясатының арқасында елімізде әйелдер құқығы мен мүддесін қорғауға ерекше көңіл бөлініп келеді. Әйелдер бүгінде барлық салада жемісті еңбек етуде. Шымкент қаласын дамытуда да әйелдердің қосқан үлесі ерекше.
«Отан отбасынан басталады» дейді дана халқымыз. Қазақстанның гүлденіп-көркеюі, дамыған мемлекетке айналуы отбасындағы тату тіршілікке байланысты. Ал үй ішіндегі береке ананың қолында екені баршамызға белгілі. Сондықтан да, әйел – Отанымыздың сақтаушысы, береке-бірлігіміздің бастауы ретінде бағаланады.

Қадірлі асыл аналар! Ардақты арулар!

Сіздерге шынайы ілтипатымызды білдіре отырып, осынау көктемнің жарқын да шуақты мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Көктемнің гүліндей құлпырып, әрқашан бақытты да баянды ғұмыр кешіңіздер! Бүгінгі мерейлі мереке қарсаңында дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақ пен береке, шаңырақтарыңызға шаттық тілейміз!

Шымкент қаласының әкімі                      Ғ. ӘБДІРАХЫМОВ

Шымкент қалалық
мәслихатының хатшысы                       Н. БЕКНАЗАРОВ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.