Бiрлiк – басты байлығымыз Избранное

Пятница, 29 Апрель 2016 04:51 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 5588 раз

Құрметті шымкенттіктер және 
қала қонақтары!

qala akimiСіздерді 1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл – еліміздегі достық пен тұрақтылықтың өлшеміне, бірлік пен берекенің баға жетпес дәстүріне айналған мерейлі мейрам. Ынтымағы ырысқа, бірлігі берекеге ұласқан еліміз үшін бұл мерекенің қашанда маңызы зор, мәні биік.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жуырда ғана Астанада өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIV сессиясында атап көрсеткеніндей: «Биыл ең қастерлі құндылығымыз – Тәуелсіздігіміздің ширек ғасырлық 25 жылдық мерекесі. Еліміздің тәуелсіздік тарихы татулық пен тұрақтылықты, бейбітшілік пен келісім шежіресі мызғымас бірліктің жылнамасы».
Біздің баға жетпес байлығымыз – бірлігіміз. Татулық – тұрақтылықтың ең басты тұғыры. Ал, тұрақтылық – ұдайы дамудың бірден-бір кепілі.
Біз бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ жолына жұмылған қуатты елміз.
Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің ең жоғары байлығымыз. Мәңгілік ел болу Қазақстан халқының ең асыл мұраты. Оған бастайтын бірден-бір жол бірлік. Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырысы мен табысы мол болмақ.
Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету әрбір Қазақстан азаматының міндеті болып табылады. Туған жердің төсінде, құшағын жайған бейбіт елдің ішінде ел бірлігін сақтауға атсалысайық!
Түрі басқа болғанымен, тілегі бір, жүзі басқа болғанымен, жүрегі бір көпұлттың өкілдерімен бірлік арқасында өскелең ұрпаққа жарқын болашақ сыйлайық!

Құрметті жерлестер!

Бүгінгі бірлік мерекесі қарсаңында Сіздерге бақыт, зор денсаулық, еңбектеріңізге табыс тілеймін. Бейбіт өмірдің берекесі, халқымыздың ынтымақ, бірлігі арта берсін.
Осынау қуанышты күні баршаңыздың дендеріңізге саулық отбасыларыңызға амандық, бақ пен береке тілейміз.

 

Шымкент қаласының
әкімі                                                             Ғ. ӘБДІРАХЫМОВ

Шымкент қалалық мәслихатының
хатшысы                                                      Н. БЕКНАЗАРОВ

Последнее изменение Пятница, 29 Апрель 2016 05:05
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.