«Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы»

Понедельник, 03 Октябрь 2016 11:59 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 9130 раз
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы                  6 мамырдағы «Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы»  № 7-1/418 бұйрығына сәйкес ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізімі:
 
  1. «Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру»
  2. «Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттау»
  3. «Ветеринариялық анықтамалар беру»
  4. «Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу»
Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөліміне қарасты «Ветеринариялық қызмет» МКК арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізімі :
«Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау
объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру»
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – 5 жұмыс күні.
Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (көрсетілетін қызметті алушыларға) «Ветеринария туралы» 2002 жылғы10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 2-тармағының 6) тармақшасына сәйкес ақылы түрде (ветеринариялық-санитариялық қорытынды бланкісі үшін) көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат және өкілдің өкілеттігін растайтын құжат;
3) жалға алу шартының құқығында үй-жайлардың тиісті бар екенін растайтын құқық белгілейтін құжат көшірмесі;
      4) ветеринариялық-санитариялық қорытынды бланкісінің құнын төлегенін растайтын құжат.
«Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын
жеке және заңды тұлғаларды аттестаттау» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандарты
Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзімі - көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу сәтіне дейін – аттестаттау кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.
       Атестаттау бір күнде өткізіледі және екі кезеңнен тұрады: тестілеу және әңгімелесу.
      Көрсетілетін қызметті алушы тестілеуден теріс нәтиже алған кезде атестаттаудың екінші кезеңіне өтпейді (әңгімелесуге)
       Мемлекеттік қызметті көрсету стандартында көрсетілген қайта тестілеуден өту тәртібі алғашқы тестілеуден алты ай өткеннен кейін комиссия шешімімен қайта әңгімелесуге тиіс. Алғашқы әңгімелесу күнінен бір ай өткенен кейін қайта әңгімелесу өтеді.
      Атестаттаудан өтпегенде, көрсетілетін қызметті алушы атестаттау нәтижесін алғанына бір жыл өткенен кейін қайта атестаттауға қатысуға құқылы.
      Аттестаттау парағы электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады, оған комиссия төрағасы, мүшелері және хатшысы қол қояды.
      Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (көрсетілетін қызметті алушылар) тегін көрсетіледі.
       Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) соңғы үш жылда біліктілігін арттыру курсынан өткендігі туралы сертификаттың көшірмесі (бар болса);
4) ғылыми дәрежесі, атағы бары туралы дипломның (бар болса) көшірмесі.
     
«Ветеринариялық анықтамалар беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
 
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушы жүгінген күні.
Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) тегін көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы (не оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басты куәландыратын құжат және өкілдің өкілеттілігін растайтын құжат;
3) бес келіден жоғары балықтарды және басқа су жануарларын (тірі, жаңа, салқындатылған, мұздатылған балықтар, сондай-ақ гаммарус, артемия салина (цисталар) шаяндар) тасымалдау кезінде балық аулау орны туралы анықтама қажет.
4) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерден және үшінші елдерден (Еуразиялық экономикалық одақ мүшелері болып табылмайтын мемлекеттерден) әкелінген ветеринариялық (ветеринарниялық-санитариялық) бақылау және қадағалау объектілерін Қазақстан Республикасының аумағы бойынша тасымалдау кезінде – ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектісі әкелінген ветеринариялық құжаттың көшірмесі.
 
«Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере
отырып бірдейлендіруді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
 
Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзімі - көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу сәтіне дейін – облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары айқындаған өткізу мерзімдеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Ветеринариялық паспорттан үзінді-көшерме беру – 30 (отыз) минут.
Сырға (сырғалар) жоғалған, бүлінген кезде (жеке нөмірін айқындау мүмкін емес) қайталама мемлекеттік көрсетілетін қызмет жануарларға жаңа жеке нөмір бере отырып, көрсетілетін қызметті берушіге сырғалар келіп түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетіледі.
      Ірі жануардың сырғаларының біреуі жоғалған немесе бүлінген жағдайда, көрсетілетін қызметті берушіге аспалы сырға телнұсқасы келіп түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде.
Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) ақысыз көрсетіледі. «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 2-тармағының 6) тармақшасына сәйкес чиптердің құнын қайтару ақылы негізде жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік сатып алу туралы конкурс нәтижесі бойынша айқындалған чиптердің құнын екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы төлейді.
Көрсетілетін қызметті алушы (не оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1. Ауыл шаруашылығы жануарларын бастапқы бірдейлендіру үшін ветеринариялық паспорт беру:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжатдың немесе өкілдің өкіметтілігін растайтын;
3) чиптер үшін ақы төленгенін (чиптен кезінде) растайтын кұжат;
2. Сырға (сырғалар) жоғалған немесе бүлінген кезде телнұсқасын алу үшін ауыл шаруашылығы жануарларына бірдейлендіру өткізу үшін:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың немесе өкілдің өкіметтілігін растайтын;
3. Жоғалған немесе ескірген кезде ветеринариялық паспорттың телнұсқасын алу үшін:
1) ветеринариялық паспорттың екінші нұсқасын алу үшін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша (ветеринариялық паспорттың жоғалғанын, бүлінгенін растайтын құжаттардың қосымшасымен қоса) өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжатың немесе өкілдің өкілеттілігін растайтын;
4. Ветеринариялық паспорттан үзінді-көшірме алу үшін:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ветеринариялық паспорттан үзінді-көшірме алу үшін өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың немесе өкілдің өкіметтілігін растайтын;
     
Қосымша мәліметті мына нөмірлер арқылы алуға болады: 39-04-21; 53-64-60.
Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөліміне қарасты «Ветеринариялық қызмет» МКК-ның нөмірі: 32-14-44; 44-14-15; 44-14-16; 32-44-15.
 
Последнее изменение Среда, 05 Октябрь 2016 06:44
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.