Цифрлық индустрия – игілікке

Среда, 01 Февраль 2017 04:04 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 5109 раз

marat pikirМарат ТАМАБАЕВ,
қалалық мәслихат депутаты:

Сот беделі – мемлекет беделі

– Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Сот жүйесіне деген сенімнің артуына қол жеткізу қажет. Судьялардың жұмысына заңнан тыс кез келген ықпалды жою маңызды» деді.
Кез келген мәселені сот арқылы шешу – халықтың өз құқықтарын талап ете алатын сауаттылығын танытады. Мысалы, мынадай дау туындады делік. Сіз бір нысанды жалға алып, кішігірім асханаңызды аштыңыз. Сонда коммуналдық төлемдерге байланысты түбіртек қағазынан заңсыз қосылған соманы байқадыңыз. Мұндай жағдай жиі орын алса, сіздің шағын кәсібіңіз тоқырайтыны анық. Сондықтан әу бастан-ақ сотқа арызданып, құқығыңызды қорғаңыз. Алайда, күнделікті өмірде кездесіп жатқан мұндай арыз-шағымдарды халық ескере бермейді. Тіпті, малын ұрлатып, үйі тоналған тұрғындар да көбіне жазған арызына байланысты сот шешімін күтпейді. Себебі, мұндай істердің қаралатынына сенбейді. Сондай-ақ, «сот беделін арттырайық, сеніңіз» деп біз қанша жерден насихаттағанымен, халықтың ойы өзгермейді. Оны өзгерту – құқық қорғаушылардың қолында. Халықпен етене жақын байланыс орнатулары қажет. Азаматтардың құқығын қорғауда еңбек ететін қызметкерлер, әсіресе, учаскелік полиция қызметкерлері, сот орындаушылар, медиаторлар қарапайым тұрғындарға жақындауы керек. Тыңдаған арыз-шағымдарын жауапсыз қалдырмай шешім шығарып, оны таныстырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізуімен еленуі тиіс. Елбасының саясатын қолдау бағытындағы жұмыс істеудің көрсеткіші де сол болмақ.

 


10565096 693972607323827 6865039718627430886 nБерікбол ЖАРЫЛҚАСЫН,
IT маманы:

Цифрлық индустрия – игілікке

Елбасы өз Жолдауында жаңа IT технологияларға қатысты орынды пікір білдірді. Жасыратыны жоқ, көпшілік Президент айтып өткен цифрлық технологияны оның ішінде онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлық қызмет көрсету түрлерін біле бермейді. Егер бұны толығымен жүзеге асыра алсақ, Жолдауда көрсеткендей бірқатар жеңілдіктерге қол жеткізер едік. Мәселен, шамамен екі жыл бұрын ғана пайда болған kaspi.kz көптеген адамдардың қолын ұзартып отыр. Бұл сервис арқылы үйден шықпай-ақ қажетті зат сатып алуға болады, коммуналдық және тағы басқа көптеген қызмет түрлеріне төлем жасауға болады. Міне, бұл цифрлық жаңа технологияның тиімділігі. Енді осындай қызметтерді білім, денсаулық және тағы басқа салаларда дамыту керек. Бұл тұрғындардың біршама уақытын үнемдеуге септігін тигізер еді. Елбасы айтқандай, бүгінде халықтың жаңа технологияларға өтетін кезеңі келді деп ойлаймын.

Последнее изменение Понедельник, 06 Февраль 2017 10:19
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.