Тұрғын үйлерге бейнебақылау қондырғылары орнатылады

Среда, 01 Февраль 2017 11:55 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 4393 раз
2610135102752344Өткен жылы қала аумағында 20 892 қылмыстық құқықбұзушылық дерегі тіркелген. Тиісінше, бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстыра алғанда 7,4 пайызға төмендегені байқалады. Бұл жөнінде бүгін қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың төрағалығымен өткен мәжілісте кеңінен талқыланды.
 
Күн тәртібіне сәйкес, саланың өткен жылдағы жұмыс қорытындысы бойынша Шымкент қалалық жергілікті полиция қызметінің басшысы Данияр Мейірхан баяндама жасады. Баяндамашы келтірген мәлімет бойынша, аса ауыр қылмыс саны 6,1, ауыр қылмыс саны 21,4 пайызға азайған. Жалпы алғанда, ауыр және аса ауыр құқықбұзушылықты ашу дерегі 67,3 пайызға жақсарған.
 
Өз кезегінде қала басшысы Ғабидолла Әбдірахымов кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер арасындағы қылмыстың 8,4 пайызға артып отырғанына алаңдаушылық білдірді. Сондай-ақ, Абай ауданы аумағы бойынша, пәтер ұрлығының 16,7 пайызға ұлғайғаны да назардан тыс қалмады. Бүгінде аталған ауданда 482 жалдамалы пәтер қызмет көрсетеді екен. Осыған орай, қала әкімі сала мамандарына нақты тапсырмалар жүктеді.
 
– Пәтер ұрлығының алдын алу мақсатында алдағы 1 ай уақыт мерзімінде әрбір подьездерде бейнебақылау қондырғылары орнатылуы тиіс. 8-шағынаудандағы пәтерін жалға берушілерді ресми салық төлеуші ретінде тіркеген жөн. Базарлар маңында көлік кептелісін болдырмау үшін жүк көліктері үшін арнайы тұрақтарды пайдалануға беру керек. Қаладағы такси қызметін де бір жүйеге келтіру маңызды, – деп атап өтті Ғ. Рахматоллаұлы.
 
Жиынды қорытындылаған қала әкімі Ғ. Әбдірахымов күн тәртібіндегі мәселелердің маңызы жоғары екенін айта келе, алдағы уақытта тиісті жұмыстардың атқарылатынын жеткізді. Сонымен қатар, сала мамандарына нақты міндеттер жүктеп, орындалу барысын өз қадағалауына алатынын айтты.
 
 
Последнее изменение Четверг, 02 Февраль 2017 03:37
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.