Болашаққа сенімімізді нығайтты Избранное

Среда, 08 Февраль 2017 06:25 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 3281 раз

ҚР Президентінің «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атауымен жариялаған Жолдауы мазмұны жағынан ерекше құжат болып табылады. Осы орайда, ҚМДБ ОҚО өкілдігінің ұйымдастыруымен облыстық орталық мешітінің мәжіліс залында өткен «дөңгелек үстел» жиынында Жолдаудың негізгі бағдары жан-жақты талқыланды.

Аталмыш шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ОҚО бойынша өкіл имамы А. Керімбек, ОҚО Ассамблеясы төрағасының орынбасары М. Қалмұратов, облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Е. Байқонақов, М. Әуезов атындағы ОҚМУ-нің аға оқытушысы, т.ғ.к. құқықтану доценті Ғ. Маймақов және қала, аудан имамдары мен «Шымкент» медресе-колледжінің ұстаздар қауымы қатысып, өз ойларын ортаға салды.
– Жолдауда ел экономикасын жедел өркендетумен қатар, білімді дамыту, руханиятымызды жаңғырту, қауіпсіздік шараларын күшейту, діни экстремизмнің алдын алу, қылмыстық жазасын өтеп жатқан азаматтарды теологиялық тұрғыдан сауаттандыру мәселелері де айтылды. Бұл тұрғыда, Елбасының әсіресе, ғаламтор арқылы діни мазмұнда теріс мәліметтер тарататын ақпарат көздерінің жолын кесу жөнінде айтқан тапсырмасы дер кезінде көтерілген мәселе деп айтар едік, – деді облыс имамы Ахметжан Пірәліұлы.
Жиынға қатысушылар саяси құжатта көрсетілген тапсырмалар мен міндеттерді жүзеге асыруға бар күш-жігерін салатынын жеткізді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.