×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 26

Саяси құжатты жүзеге асыру маңызды

Среда, 08 Февраль 2017 06:48 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 4060 раз

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауы Шымкент қаласының мекемелер мен оқу орындарында қызу талқылануда. Соның бірі – «Қазығұрт» шағынауданындағы №66 жалпы орта мектебінде жергілікті тұрғындарға Елбасы атап өткен міндеттердің бағыттары түсіндірілді.

Ak-orda

Жиынға қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Қанат Қалыбеков, Абай ауданы әкімінің орынбасары Гүлсара Тәшімова, сондай-ақ, білім беру мекемелерінің басшылары қатысты. Баяндамашылар Жолдауда сөз болған бес басымдықты атай келе, олардың жүзеге асырылуы экономиканың барлық саласындағы өсу ырғағының жоғарлауын қамтамасыз ететіндігін жеткізді. 

– Елбасының жыл сайынғы Жолдауын жұртшылық асыға күтеді. Өйткені Жолдауда таяу уақыттағы беталысымыз, елдің даму бағыты айқындалады. Бұл жолы жаңа формада жария етілген Жолдауда экономикалық реформаларды одан әрі тереңдетуге, әлеуметтік сала өркенін осы деңгейінен төмен түсірмеуге айрықша мән берілген, – деді №49 орта мектебінің директоры Сәуле Өтебаева.

Алдағы жылдардың бағдарын белгілеген саяси құжатты жүзеге асыру арқылы елдің әлеуметтік ахуалы нығайып, экономикадағы тұрақтылыққа қол жетпек. Жиында жарыссөзге шыққан азаматтардың ортақ ой-пікірі осыған саяды.